С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 998
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 08/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20883


Қазақ әдебиеті 6-сынып Сабақтың тақырыбы С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Мақсаты:
1.Жазушы С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Қылау»әңгімесінің мазмұны мен идеясын танысады.Әңгіме мазмұнын талдайды, кейіпкер мінезін ашуға үйренеді.
2.Шығарманы талдау барысында оқушылардың ауызекі сөйлеутілдерін,шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау,елестету қабілеттерін арттырады.Топтық жұмыста шапшаңдық,тапқырлық танытуға,өз ойларын жүйелі жеткізе білу дағдысын қалыптастырады.
3.Шығармадағы кейіпкерлерді бағалай білуге,кейіпкер бойындағы қарапайымдылыққа,адамгершілікке,жанашырлыққа жақсылық жасауға тәрбиеленеді.
Типі: Жаңа сабақты игеру
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, ой қозғау, талдау,суреттеу, қорғау іздену.
Пәнаралық
байланыс: Тарих,қазақ тілі.
Оқыту
нәтижесі: Ақынның идеясын түсіне алады, кейіпкерлердің жағымды
мінез құлығын ажыратады,өздігінен жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І Сергіту сәті. «Амандасу» Оқушылар бірнеше тілде амандасу үлгілері арқылы бір- бірімен амандасады. «Жаңбыр тамшылары» ойынын ойнату (3 мин)
Сергітудің мақсаты Оқушыларды көп тіл білуге қызықтыру. Сергітудің шарты:Оқушыларға өзге тілде амандасу талап етіледі. Топқа бөлу: әдебиеттегі «5 Арыс» атын алу бойынша 6 оқушыдан 5 топқа оқушыларды бөлу,топ басшыларын сайлату. (1мин)
Әр топқа бағалау парақшасын беру

Оқушының
аты Үй тапс. тексеру Жаңа сабақ Өзіндік жұмыс Жиын-
тық баға
жауап үлесі жоба Белсенділігі Түсін-діруі
1.
2.
3.
4.
5
6
Бағалау шәкілі:27-30 ұпай-5, 24-26 ұпай-4, 18-23 ұпай-3.
ІІ Миға шабуыл. Диалог
Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырмалар немесе сұрақтар құрастырады және әр оқушы өзіне берілген сұрақты оқып, бір біріне жауап береді (3мин)
1. Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
2. Фантастика дегеніміз не?
3. Фантастика жазатын адамдарды қалай атаймыз?
Оқушылардың болжамды жауаптарын жазу:
1.Иә, фантастикалық кинолар көрдік. 2. Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма. 3 Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.

ІІІ. Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.
Слайд АКТ жазушының өмірбаянына қысқаша шолу. (2мин)
Интербелсенді тақтадан «Қылау» әңгімесінің мазмұнын тыңдату.(10 мин.)
Мағынаны ашу
«Әдеби оқу» стратегиясы бойынша талданады.
«Қылау» әңгімесін бес бөлімге бөліп, әр топқа оқу тапсырылады.

І топ « Мағжан» тобына «Зерттеушілер»
ІІ топ «Ахмет» тобына «Ізденушілер»
ІІІ топ «Міржақып» «Мінездеме берушілер»
ІҮ топ «Шәкәрім» «Сипаттаушылар»
Ү топ «Жүсіпбек» «Салыстырушылар»

І топ «Зерттеушілер»
Әңгіме құрылысына талдау жасайды.

Шығарма тақырыбы:
Идеясы
Әңгіменің басталуы

Шиеленісуі

Оқиғаның байланысы

Шарықтау шегі

Шешімі

ІІ топ «Ізденуші »
«Талқылау» кестесін толтырады

Шығарманың тақырыбы

Негізгі кейіпкерлер

Әрекеті

Осы әрекетке итермелеген не нәрсе

Кейіпкердің бойындағы қасиет

Әңгіме қалай аяқталады?


ІІІ топ «Мінездеме беруші»
Романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Сатай
Рабиға
Әкесі

ІҮ топ. Концептуалдық кесте (кейіпкерге баға беру)

№ Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге баға
1 Сатай

2 Рабиға

3 Сатайдың әкесі

Ү топ. «Салыстырушылар»
«ВЕНН диаграммасын» толтырады. Қожа мен Сатайды салыстырады.



Сергіту сәті «Мақалдың жалғасын тап»
«Еркін жауап» стартегиясы:
1. Сатай бойындағы қай сәт сендердің өз бастарыңнан өтті?
2. Әкесінің ақылы Сатайды неге ызаландырды?
3. Сатайдың мектеп туралы ойлары қандай? Осыған өз көзқарастарың қандай?
4. Сатай Рабиғаға деген балаң сезімін қалай білдірді?

«Автор орындығы» (А. Енсеповтың «Балалық» күйін қосып қою.)
«Егер мен жазушы болсам...» Ойтолғау.
Рефлексиялық парақты толтырады.(2мин)

Білемін Білгім келеді Үйрендім




ББҮ кестесіне оқушылар сабақта білген, түсінгендерін жазады.
Әр топ бір- бірінің қорғаған жұмыстарынан өздеріне қандай ақпарат ала алғандығы туралы жазуға тырысады.
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қорытынды: (2 мин)
Оқушылардың пікірлерін толықтыру негізінде түйінді шығарады.
1. Кейіпкердің әңгімесіндегі басты тақырыбы не болды?
2. Шынайы достықты қалай түсінесіңдер?
3. Сатай жолдан қандай сезіммен оралды?

Дереккөздер және жабдықтар:. Смайликтер, стикерлер, оқулық, АКТ, ғаламтор, маркер, флипчарт

Үйге тапсырма беру
Әңгіме мазмұнына сурет салу, «Шынайы достық» тақырыбына шағын эссе жазып келу.
Сабақты бағалау
1 мин Топ басшысының толтырған бағалау кестесіне негізделе отырып, қорытынды баға шығарылады, белсенділік танытқан балалар атап өтіледі. Тәрбие.орг сайтынан С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байгонусова Бибигул Модановна

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік меккемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar