С Сейфуллин "Ақсақ киік"

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 359
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 14/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21741


Тексерілді: Сагатова А.Т.
Қазақ әдебиеті Уақыты: 28.01.2017 Сынып: 5 Мұғалім: Тюлеева Ж.К.
Еженхан Ш
Сабақтың атауы С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Ресурстар Ноутбук, проектор, слайд презентациясы, постерлер, маркер, оқулық, ғаламтор http://bilimland.kz/, МАН, https://www.youtube.com/watch?v=tK87ut3_Nn4 , https://www.youtube.com/watch?v=7G47SfY1Mug

Жалпы мақсаттар Ақын жайлы білетін мәліметтерді оқып, тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алады,``Ақсақ киік``өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады; өлеңді мәнерлеп оқып, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін таниды.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест, диалогтік оқыту, иллюстрациялық баяндау, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ қолдану, оқудағы көшбасшылық, жаңа оқыту әдістері, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту.
Оқыту нәтижесі
Ынтымақтастық атмосферасы
3 минут Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.Мысалы: пысық, шапшаң, аңқау, салмақты, жуас, мейірімді, жанашыр, адал, батыл, әзілқой, білімді, өнерлі, ұялшақ, тұйық, сабырлы, ашушаң
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Рефлексия: Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Топқа бөлу
1 минут Жаңа күнге тілек қағаздары бойынша топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
3, 20 минут Киік туралы видео
https://www.youtube.com/watch?v=tK87ut3_Nn4

Мағынаны тану

Білу
10 минут

Түсіну
5 минут

Қолдану
3 минут

Талдау
5 минут

Бүгін сабақта қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолымен, оның «Ақсақ киік» атты өлеңімен танысамыз.
І деңгей. Топтастыру.
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат таратпасын оқыту, топтастырту.
http://bilimland.kz/ сайтынан бейнебаян тыңдату. «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы.
Биология пәнінің мұғалімі Еженхан Шынарбек киік және оның тіршілігі, мекені, қорегі туралы дерек береді.

ІІ деңгей.
Сөздікпен жұмыс.
Бетпақдала Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір.
Баялыш Алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта.
Қара жусан Аласа өсетін, бозғылт түсті, ащы дәмді, өткір иісті шөп.
Көкпек Алабұта тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін немесе көпжылдық бұташық өсімдік.
Қоңылтақ жел Жалаң, жадағай, бос жел.
Жусау Малдың бір мезгіл күйіс қайтарып тыныстауы, тынығуы.
Жусап өру Малдың біраз тыныстаған соң өруі.
Бір көш жер Көліктің болдырып, бірінші тоқтайтын мөлшерлі жері.
Сегіз көштік Сегіз көш жер.
Таң (таңы аппақ) Жануарлардың қарнының төменгі жағы мен санының ішкі 
түйіскен жері.
Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісін http://bilimland.kz/ сайтының аудиохрестоматиясынан тыңдату.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.

ІІІ деңгей. http://bilimland.kz/ сайтынан тапсырмалар орындату. (1,2,3 тапсырмалар)

ІҮ деңгей.
Өлең құрылысына талдау.
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а
Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б
Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а
Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.
Сергіту сәті
1,30 минут Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=7G47SfY1Mug

Ой толғаныс

Жинақтау
5 минут
http://bilimland.kz сайтынан тест тапсырмаларын орындату.
С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы жарияланғанын көрсетіңіз.

А) 1912

cool 1913

C) 1914

D) 1915
С.Сейфуллин қай жылы дүниеден өткенін белгілеңіз.

А) 1935

cool 1936

C) 1938

D) 1937
«Ақсақ киік» өлеңі қалай басталатынын көрсетіңіз.

А) Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.

cool Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.

C) Жәндіктің киік деген баласы бар.

D) Арқаның Бетпақ деген даласы бар.
«Ақсақ киік» өлеңі қай жылы жазылғанын анықтаңыз.

А) 1922

cool 1923

C) 1924

D) 1925
Ақсақ киік кімнің қолынан жараланатынын табыңыз.

А) мергеннің

cool ұрының

C) саятшының

D) барымташының
Киіктің екінші атауын көрсетіңіз.

А) таутеке

cool ақбөкен

C) арқар

D) құлан
Лирикалық кейіпкер ақсақ киікті қай жерден кездестіретінін көрсетіңіз.

А) Алатау бауырынан

cool Балқаш көлінен

C) Оқжетпес маңынан

D) Бетпақдаладан
«Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы ақынның қанша жасында басылып шыққанын көрсетіңіз.

А) 20

cool 21

C) 22

D) 23
Өлеңде айтылатын Бетпақдалада өсетін өсімдіктер –

А) долана, жуа

cool қалақай, итмұрын

C) дермене, жалбыз

D) қу баялыш, қара жусан
Мергеннің киікті қай жерінен жаралағанын табыңыз.

А) құлағынан

cool маңдайынан

C) жүрегінен

D) алдыңғы оң аяғынан
Үй тапсырмасы ”Біз- табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу. Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшалары
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс

Бағалау парағы
Білімнің басы - бейнет, соңы – зейнет!
Оқушы І деңгей
0-5 ұпай ІІ деңгей
0-5 ұпай ІІІ деңгей
0-5 ұпай ІҮ деңгей
0-5 ұпай Тест
0-5 ұпай Ұпай
Баға





Бағалау кілті
25 – 21 = «5»
20 – 15 = «4»
14 - 8 = «3» Тәрбие.орг сайтынан С Сейфуллин "Ақсақ киік" Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тюлеева Жанагуль Куанышевна

Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар орта мектебі ІІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar