Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Еңлік - Кебек"
  • 29.03.2016
  • 406 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18231

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (41.5Kb)

Шортанды № 3 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Бейілхан Жанаргүл
Пәні: қазақ әдебиеті 10-сынып .
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларға поэманың мазмұнын меңгерту,тақырыбын, идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:парақшалар, кесте, үлестірмелі қағаздар, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, география пәндері.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылығын ояту.Ой шақыру.
1.Шәкәрім Құдайберді туралы не білеміз?
Мұғалім сөзі: Ш.Құдайбердіұлы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Ақын 1931жылы 2 қазанда 73 жасында қастандық құрбаны болды. Ақын, жазушы, сазгер, лирик, эпик, аудармашы ретінде білеміз. «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары жинағы «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ пен Айсұлу»,«Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек» поэмалары бар
2.«Еңлік-Кебек» поэмасы туралы тағы не білесіңдер?
1 - 4 – оқушыларға сөз беріледі.
3. ЕСКЕРТКІШТІ көрсету.
Бағалау парағын таныстыру. Әр оқушыға беру.
ІІ. Мағынаны тану. «Дұрыс-бұрыс» стратегиясы. 1.Поэмаға өзек болған оқиға ХҮІІІ ғасырда өткен. ДҰРЫС
2.Матай елдің атауы . БҰРЫС.
3. «Еңлік пен Кебек"поэмасында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама" оқиғасымен байланысты тарихи көрініс жоқ. БҰРЫС
4.Еңліктің нағашысы Қаракерей Қабанбай. ДҰРЫС
5. «Сұңқар қалай,тауық қалай?» деп жұмбақтаған Қабекең-Кеңгірбай.ДҰРЫС
6. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп, матайлар бір табын сиыр алып кетеді.БҰРЫС.
7.Поэмадағы Тоқтамыс Кебектің жақыны, туысы. ДҰРЫС
8. Поэма жер дауы мәселесін көтерген.БҰРЫС
9. Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады.ДҰРЫС. 10.Еңлік пен Кебек қосылады,баққытты өмір сүреді.БҰРЫС
2-тапсырма: «Кейіпкерге сипаттама».Мәтінмен дәлелде.
1-топ: Еңлік- қайсар, адал, өжет, сөзшең, ақылды.
2-топ:Кебек- батыр, уәдеге берік, аңғал, ақылды, жомарт
3-тапсырма: «Еңлік-Кебек» поэмасының композициялық құрылысына талдау.(1,2-топқа ортақ) Оқиғаның басталуы; Тобықты руынан шыққан Кебектің бейнесі.
Оқиғаның байланысы: Кебектің Нысан абызға бал аштыруға келуі.
Оқиғаның дамуы: аттастырылып қойған Еңліктің Кебекпен бірге қашуы.
Оқиғаның шиеленісуі: екі рудың бірін-бірі шабуы, малға бітім қылмауы / немесе Найманның бітімге келмеуі/
Оқиғаның шарықтау шегі :Тобықтының Кебектердің тығылған жерін көрсетуі / немесе Еңліктің соңғы сөзі (үш тілегі)./
Оқиғаның шешімі екі рудың келісімімен екі жасты ат құйрығына байлап өлтіруі.
Жуан-жіңішке стратегиясы. 4-тапсырма: Еңлік пен Кебектің өліміне кім(не) кінәлі?
Дәптерге өз ойларыңды жазыңдар. Дәлелде. ( екі топқа да ортақ) Топта – ортаға оқиды.
ІІІ Ой толғаныс. Ой толғау жазу. Тапсырма:Поэманың оқиға желісін тарихпен, географиямен байланыстырып және қазіргі заманмен салыстыра отырып, қалаған тақырыптарыңа ой толғау жазыңыздар. Бала тағдыры. Әйел бақыты. Шоқтай жанған махаббат.
Рефлекция: Бір ауыз сөз...
Бағалау.Бағалау парағы бойынша бағалау.
Үй тапсырмасы: Эссе жазу “Жырдан алған әсерім” . Тәрбие.орг сайтынан Шәкәрім Құдайбердіұлы "Еңлік - Кебек" Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейілхан Жанаргүл

Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды № 3 қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар
Көрсетілім: 406 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar