Шәкәрімнің "Еңлік - Кебек" дастанының тақырыбы мен идеясы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 823
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 13/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20997


БАЙГОНУСОВА БИБИГУЛ МОДАНОВНА
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
жоғары санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің "Еңлік - Кебек"
дастанының тақырыбы мен идеясы
Жалпы мақсаты:
Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету, дастанның мазмұны мен
идеясын таныту, көркемдік ерекшелігін ашу.
Оқушыларды білім жүйесімен,іскерлікпен,дағдымен қаруландырып қана қоймай,
танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлға
қалыптастыру.
Оқу нәтижесі: Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып,соны болашақтарына
жарата біледі танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ұрақ - жауап, пікірлесу, сатылай кешенді талдау, Венн
диаграммасы, Кубизм стратегиясы.
Көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті, нақыл сөздер, слайд , ән
Пәнаралық байланыс: музыка, география, тарих
Нақыл сөздер: «Адам үшін- еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағаның қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім.» Шәкәрім
"Ұлы ақын -Шәкәрімнің артында қалдырған мұрасының көркемдік
құндылығы өте жоғары. Әлемдік өркениетте жеке тұлға ретінде ұлы ақын,
ойшыл ретінде қалдырған мұрасы- жалпы адамзаттық құндылық"
Қытай ақыны Ли Бай
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Топқа бөлу
1-топ “Еңлік ”
2-топ “Кебек”
3-топ “ Кеңгірбай”
4-топ “Шәкәрім”
5-топ “Абыз”
ІІ.Өткен тақырып бойынша білімді жан-жақты сұрау
"Күн көзін ашу" стратегиясы
1.Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы қандай?
2.Адам баласының борышы неде?
3.Шәкәрімнің қоғам, халық жайы туралы өлеңдерін ата
4.Шәкәрім мен Абай өлеңдеріндегі үндестікке мысалдар келтіріңіз
5.Шәкәрімнің сазгерлігі туралы не айтасың?

ІІ.3. Бағалау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық: "Ой шақыру" (интерактивті тақтаға
назар аудару. Р.Рымбаеваның орындауында "Еңлік-Кебек"әнін тыңдату )
-Оқушылар , жаңа сабақты бастамас бұрын мына әнге құлақ түрейік?
-Ән не туралы?Кім орындады?
- .........................
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма.Еңлік пен
Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған.
1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарықи көрген,
алғашқы аты «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деп аталған. Бұл тақырыпқа
Мағауия Абайұлы дастан, Мұхтар Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас
трагедия жазды.
1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқүдық жайлауында Абайдың жары
Әйгерімнің отауына іргелес жерде М.Әуезовтің бастамасымен қойылған.
Тарихтан белгілі, 1926 жылы Қызылорда театрында ең алғаш қойылған
қойылым болып табылады.
Ақынның Еңлік−Кебек тағдырына деген көзқарасы айқын, ол–өз
қаһармандарының жақтаушысы. Поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын
жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң
қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады. Яғни,
идеясы- сол кездегі салт-дәстүр,қоғамның әділетсіздігіне қарсылық.
Шәкәрім шығармаларының ұрпағына берер тәлім-тәрбиесі, ғибраты
молдығына ешкімнің таласы жоқ. Ақын шығармаларын қай қырынан алсақ та
бұл анық сезіліп тұрады. Жаңа ғана өздеріңіз куә болған мәңгілік тақырып-адал
махаббат, пәк сезім мәселесі адамгершілікке, ізгілікке шақырып тұр емес пе?


ІV.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Топтық тапсырма. Оқулықпен жұмыс
1-топ “Еңлік-Кебек” дастанының тақырыбы мен идеясы
Шыққан жылы: 1892
Авторы: Шәкәрім
Оқиға болған жер: Шыңғыстау өңірі
Жанры: Поэма(өлеңмен жазылған)
Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне қарсы
а)2-топқа Поэманың композициялық – сюжеттік құрылысы
Р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі
1 Экпозиция Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы
2 Оқиғаның басталуы Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.
3 Оқиғаның дамуы Кебек пен Еңліктің байланысы
4 Оқиғаның шиеленісуі Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі
5 Оқиғаның шарықтауы Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы
6 Оқиғаның шешімі Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы
ә) 3- топқа: Поэтикалық тіліне талдау жасау
№ Поэмада кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар Мысалдар
1 Монолог «Түні бойы қыз мені сынапты ғой,
Мен де мұны сынайын деп ойлады»
2 Диалог Шал айтты: "Мұны берген - бір Тобықты,
Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды».
Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді,
Сонан соң да осында келмеп пе еді? "
3 Портрет Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
4 Теңеу «Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» -Кебек,
«Тоқтамысқа қаратып қой» дейді ақыр».
5 Эпитет «Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,
Батырым, ондай жанға көңіл берме.
6 Суреттеу Бетіне тумай тұрып түскен әжім,
Күңге де есіктегі қылды тәжім.
Кер кеткен кеселдіге душар болдым,
Осыдан құтыларлық бар ма лажым?
Оң қолының бармағы тағы шолақ,
Бармақсыз қол ұстауға қандай олақ.
4-топ тапсырмa “Еңлік-Кебек”дастанынан көрініс көрсету
5-топқа “Еңлік-Кебек” дастанына сатылай кешенді талдау
Сергіту сәті (Оқушы зейінін шоғырландыру жаттығуы)

ІV.2. Кубизм стратегиясы
1.Суреттеңіз
"Еңлік-Кебек" бейнесінің поэмадағы суреттелуі, мінездеме беріңіз Еңлік-сұлу,
қайсар,өз теңін іздеуші, ақылды, антына адал Кебек-батыр, сөзге берік т.б
2.Салыстыру Венн диаграммасы
"Еңлік-Кебек" "Қалқаман-Мамыр"
"Еңлік-Кебек" Ұқсастығы "Қалқаман-Мамыр"
Екеуі де қайтыс болады,баласы
болады. Екеуі де ғашықтық дастан, екі жас
қосыла алмайды, ру басылары
қарсы, 18 ғ болған тарихи оқиға,
Екі дастандағы Әнет баба мен
Кеңгірбай образы ұқсас Қалқаман тірі қалып,
нағашыларын паналайды


3.Қолданыңыз. Поэмадан мақал-мәтел табыңыз
Мақал- мәтелдер : "Сақтыққа қорлық жүрмес", "Пәледен машайық та қашқан",
"Иесімен ас тәтті" , "Ел құлағы елу"
4.Табыңыз.Географиялық атаулар кездесе ме?
5.Талдаңыз.Өлең құрылысы
6.Түсіндіріңіз. Сөздікпен жұмыс
V.Жаңа сабақты бекіту. Пікір алысу. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?
(Әр топ өз пікірлерін айтады).
V.Рефлексия кезеңі “Бес саусақ” әдісі
1.Бас бармақ - Маған ұнады
2.Балан үйрек - Қиын болды
3.Ортан терек - Мен үшін жеткіліксіз
4.Шылдыр шүмек - Менің көңіл күйім
5.Кішкене бөбек - Менің ұсынысым
Болған оқиғалардың дұрыс, бұрыстығын «иә», «жоқ» арқылы анықта.
“Ашық-жабық сұрақтар
«Еңлік-Кебек» дастанында Қалқаман мен Мамыр атты қос ғашықтың тағдыры баяндалады жоқ
«Қалқаман-Мамыр» дастанында Қалқаман мен Мамыр атты қос ғашықтың тағдыры баяндалады. иә
Қалқаман мен Мамыр рулас адамдардың балалары Иә
«Қалқаман-Мамыр» ,«Еңлік-Кебек» Шәкәрімнің өлеңдеріне жатады Жоқ
Дастандарында қос ғашықтар бақытты өмір сүреді. Жоқ
Дастандардағы қос ғашықтар сол заманғы салт-дәстүрдің құрбандарына айналады иә
«Еңлік-Кебек» дастанында Найман мен Тобықты арасындағы жер дауы баяндалады. иә
Мұғалім сөзі: - "Адам үшін- еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағаның қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім",- деп Шәкәрім өзі айтқандай ,
ақын ұрпағына рухани азық боларлық мол мұра қалдырды.
ІV. Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау, ЭССЕ жазу
ІV.Бағалау ОүБ Топ басшыларының бағалау парағы, мұғалімнің бағалауы. Тәрбие.орг сайтынан Шәкәрімнің "Еңлік - Кебек" дастанының тақырыбы мен идеясы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: БАЙГОНУСОВА БИБИГУЛ МОДАНОВНА

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

Пікірлер: 0

avatar