Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
  • 19.10.2016
  • 84 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19735

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.1Kb)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мамакова Айнұр
Пәні : қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8 «Д»
Тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) әңгіменің мазмұнын меңгерту
Дамытушылық: ә) ой- өрісін, сөздік қорын дамыту
Тәрбиелік: б) ата- ананы сыйлауға, мейрімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, көркем суреттер.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а)амандасу, оқушыларды түгелдеу
ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б)оқушыларды топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты пысықтау
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін жан-жақты меңгергелі отырмыз.
Төлен Әбдіков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың танымал жазушысы.
Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін топтық жұмыс арқылы жүзеге асырғалы отырмыз. Мұғалімнің алдында 4 топтың атауы жатыр. Оқушылар қалаулары бойынша топтың аттарын таңдап алады және не себептен таңдап алғанын өздері оқып келген әңгімемен байланыстырып өтеді.
1-топ Парыз 2-топ Борыш
3-топ Үміт
4-топ Құрмет

Кезекті «Парыз» тобына берейік.
Т.Әбдіков өмірі мен шығармашылығы бойынша жылдар сөйлейді.
1942ж. 1965ж.
2002ж. 1977ж.
Т. Әбдіков
1987ж. 1977-79ж.ж. 1985ж. 1985ж.

1.1942ж. 4қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.
2.1965ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
3.1977ж. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Жазушының жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
4.1977-79ж.ж. Қазақфильм киностудиясында бас редактор қызметін атқарған.
5.1985ж. Республика театрларында «Біз үшеу едік» пьесасы қойылған.
6.1985ж. «Өліара» романы жарық көрген.Бүгінде қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының 2-хатшысы.
7.1987ж. «Ақшоқыда қыс қатты» романы жарияланды. Т.Әбдіков – Еуропалық алтын медальдің де иегері.
8.2002ж. «Парасат майданы» романының авторы — Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Фрац Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.

Мұғалімнің сөзі. Т.Әбдіков көркем туындыларында халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап,адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген. Бүгінгі өткелі отырған « Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған,қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.

Ата-ананы сыйлау – адамдардың парызы.
Сөз кезегін «Борыш» тобына берейік.
Мәтінмен жұмыс.
1.Ерғабыл қарттың балаларын күтуі.
2.-Кәрілік! Е-е, жарықтық-ай!
3.Балаларға еріп өзім кетем.
4.Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.

Кезек « Үміт» тобына беріледі.
5.Ерекеңнің балаларының келуі.
6.Қуанған мен қорыққан бірдей.
7.Сапабектің әңгімесі.
8.Әке жолын қуса,менің жолымды қусын.
Ендігі кезек « Құрмет» тобына да келіп жетті.
9.Аспандиярдың салған әні.
10.Сапабектің қайран қалуы.
11.Ерекеңнің ұйқысының қашуы 12.Қимай қоштасқан ана мен Ерғабыл қарттың реніші.
Сұрақ – жауап
1.Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен (сөз алысуынан) нені ұқтыңдар?
2.Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
1.Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
2.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
1.Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім-киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
2.Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
1.Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?
Шығармашылық жұмыс.
1.Әңгімедегі Ерғабыл қарт туралы кестені толтыру.
2.Сөзжұмбақ «Қонақтар»

Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер?
3. «Қарияның арманы» тақырыбына мәтін құрау.
4.Бейнесөз. Борыш – ата-анаға ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол қарыз деген сөздің баламасы. Өз ой-пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.
«Ағайынды» көркем фильмінен үзінді көрсету.
-Фильмнің қоюшы режиссері кім?
-Ағайынды үш жігіттің есімдерін ата.
Әр топ фильм туралы өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық тапсырма(7мин) «Менің парызым» эссе жазу
Сәйкесін тап.
1.Амалдардың ең жақсысы — ең үлкен парызымыз.
2.Ата-анаға құрмет – ұзақ әрі берекелі, ризықтары да мол болады.
3.Ата-анаға бойсұнып жәннаттың ортаңғы есігі.
4.Ата-анасына қамқорлық ата-анаға құрмет көрсету жасап мойынсұнған перзентінің өмірі

Мұғалімнің сөзі. Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңдіріп, «Ата-ананы сыйлау- адамдардың парызы» деп бекер айтпаса керек, олай болса, осы отырған үлкеннің де, кішінің де парызы, міндеті, борышы — әлпештеп аялап өсірген ата-анаға деген құрметті естен шығармау.
Қадірлеңдер ата-ананы қымбатты,
Біздер үшін тер төгілді тым қатты.
Талай түндер бесік жырын тербетіп,
Сәбилерге өмір сыйлап , маздатты

Қарияларым - қазыналарым бағалы ,
Сағыныштан суланады жанары.
Қарты бардың - қазыналы бағы бар,
Дархан мінез, терең ақыл аралы.
Бағалау парағы арқылы оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: «Ата-ана қадірі» тақырыбына шығарма жазу. Тәрбие.орг сайтынан Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мамакова Айнұр

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 84 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar