ТҮБІНДЕ АДАМ БОЛАТЫН БАЛА

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 720
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22513


Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала
Мақсаты:
1. білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
2.дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .
3. тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың түрі: жинақтау
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Көрнекілігі: , оқулық, интербелсенді тақта, кесте, рефлексия, слайд.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Амандасу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
- Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?
Балаға ат қою дәстүрі
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына , әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас болып келеді.
Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б
Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б
Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б
- Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).
Жаңа сабақ.

1. «Ой қозғау» сатысы.


2.Сөйлемдердің кейіпкерлерін анықта.

- «Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Ох, шіркін- ай!»

- Біз лагерге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

- Отыр, Тұрсынбаев. Осымен, міне, екінші рет «екілік» баға алып отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келгеніне қоймай, қулыққа басып, мұғалімді алдамақ боласың. Бұдан былый мұндай қылығынды маған көрсетпейтін бол.

- Қадыров, сені мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?- Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?

3. Қожа туралы менің пікірім.

№ Қожа- жақсы бала

№ Қожа- тентек бала
1

2

3

4


4.Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы. жұмыс. Қожаның сұрақтары:


5. Сергіту сәті. «Иесіне қайтар» ойыны








5. Кестені толтырайық

№ Қожаның сотқар болуына себептер Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер







6. Сабақты қорытындылау: «Ой толғау» жазу

а) « Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар»

ә) Рефлексия

7. Үйге тапсырма: Тәлім-тәрбие, жақсы-жаман қасиеттер туралы мақал -мәтел жазу.

8. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан ТҮБІНДЕ АДАМ БОЛАТЫН БАЛА Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мадиярова Жанат Кабиденовна

СҚО Айыртау ауданы КММ "Каменноброд орта мектебі" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar