Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 166
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23390


Сабақ: қазақ әдебиеті Мектеп: №10 ОМГ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жирикова Н.Б.
Сынып:5 Қатысқандар саны:22
Қатыспағандар саны:0
Сабақтың
тақырыбы:
Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Т.Ж.5.2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Т.Ж.5.3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
А.И.5.4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу.
Б.С.5.2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақтыңмақсаты: Барлық оқушылар істей алады:
Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
«Дүние қалай етсең табылады?» әңгіменің кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы образын ашады;
Кейбір оқушылар істей алады: әңгімеден алған әсерін сипаттап, хат жазады;
кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды
Бағалау критерийі: 1. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау;
2. Әңгімедегі кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы образын ашу;
3. Әңгімеден алған әсерін сипаттап, хат жазу;
4. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Құндылықтарға баулу: Антон мен бейтаныс адам бейнесі арқылы адамгершілік, еңбекқорлық, адалдық деген қасиеттерді ұғыну.
Пәнаралық байланыс: География: қала атаулары, мемлекеттер туралы хабар алады. Картада орналасқан орнымен танысады.
Өзін-өзі тану-адам бойында ізгі қасиеттерді ұғыну.
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
2 мин. «Ой қозғау» әдісі. Интербелсенді тақтадан еңбек тақырыбына байланысты суреттер беріледі. Суреттер мазмұны бойынша мақал-мәтел айту.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Басы

3мин.

2 мин.

Қызығушылықты ояту.
«Пазл» әдісі негізінде сурет құрастырады.
Суреттерде Франция, Брюссель, Версальдепжазылған суреттер шығады. Құрылған сурет бойынша топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл» әдісі.
Сұрақтары:
1.Суретте не бейнеленген?
2.Құрастырған сөздерді айтыңдар.
3. Бұл сөздер нені білдіреді?
4. Осы сөздердің бүгінгі сабақпен байланысы болуы мүмкін бе? Ойларыңмен бөлісіңдер.
Ресурстар5-сыныпқа арналған әдебиет оқұлығы

«Мектеп» баспасы. Авторлары: Б.Керімбекова, Ә.Қуанышбаева
Интербелсенді тақта
Ортасы
5мин.

8 мин.

4 мин.

8мин.

Мағынаны тану
«Тізбектеп оқыту» әдісі.
Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің оқулықта берілген бөлімін оқиды.
1-топ: «Прожектор» әдісі негізінде әңгіменің тірек сөздерін табады. Сөздік жұмысын жүргізеді.
2-топ: «Әріптестер» әдісі негізінде оқыған бөлігі бойынша берілген сұрақ пен жауаптарды сәйкестендіреді.
3-топ: «Хабарлама» әдісі негізінде үзіндіде кездескен қала атауларына байланысты ұялы телефондар арқылы ғаламтордан ақпарат тауып, хабарлама жасайды.
Пәнаралық байланыс жүргізіледі.
Аудио арқылы әңгіменің жалғасын тыңдайық.
«Хиқая картасы» әдісі.
Оқушылар берілген суреттер мен тыңдалған әңгіме мазмұнын салыстырады.
«ПОПС» әдісі.
1-топ: Антон-еңбекқор адам (Антон бейнесін ашады)
2-топ: Бейтаныс адам-Антон өмірін өзгерткен адам(бейтаныс адамның бейнесін ашады)
3-топ: Автор көзқарасы ( әңгіме авторының бейнесін ашады)
1-сөйлем. «Менің ойымша....»
2-сөйлем. «Себебі, мен оны ....деп түсіндіремін»
3-сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен , мысалдармен дәлелдей аламын».
4-сөйлем. «Осыған байланысты мен... деген шешімге келдім»

Суреттер
Үлестірмелі қағаздар
Ұялы телефон
Ғаламтор
А3 қағазы
Түрлі түсті маркер

Сергіту сәті 1мин. «Қарлығаш» биі Интербелсенді тақта
Бейнеролик
Соңы
9 мин. Ой толғаныс
«Дүние қалай етсең табылады?» тақырыпта хат жазады.
1-топ: Антонға хат жазады
2-топ: авторға хат жазады
3-топ: «РАФТ» әдісі.
Р-оқушы
А-сынып оқушылары
Ф- хат
Т- дүние қалай етсең табылады?

Кері байланыс 2 мин. «Кемпірқосақ»әдісі.
Оқушылар кемпірқосақ суретіне таңдаған түсіне стикерде жазылған сабақта алған әсерін жабыстырады. Кемпірқосақ суреті
стикер

Үйге тапсырма 1 мин. «Біреуге жақсылық істесең, міндет етпе» деген мақалды негізге ала отырып, ғаламтордан қайырымдылық жасайтын белгілі адамдар (меценаттар) және өздерің білетін қала тұрғындары туралы ақпарат жинап келу.
Бағалау Қалыптастырушы бағалау
Дескриптор Дескрипторлар:
-«Ой қозғау» әдісі. Сабақ алдында ілгеріден білетін білімін тиімді пайдалана алады.
«Пазл»әдәсі. Сурет құрастыра алады.
«Миға шабуыл» әдісі. Сурет мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап бере алады, сабақ мақсатын анықтай алады.
«Тізбектеп оқыту» әдісі.Оқу нормаларын орындай алады.
«Прожектор» әдісі.Мәтіннен тірек сөздер таба алады. Сөздердің мағынасын түсіндіре алады.
«Әріптестер» әдісі.Берілген сұрақ пен жауапты сәйкестендіре алады.
«Хабарлама» әдісі. Ғаламтордағы ақпаратпен жұмыс істей алады, хабарлама жаза алады.
«Хиқая картасы» әдісі. Оқушылар берілген суреттер мен тыңдалған әңгіме мазмұнын салыстыра алады.
«ПОПС» әдісі. Кейіпкерлер бейнесін аша алады.
«РАФТ» әдісі.Әңгімеден алған әсерін сипаттай алады. Антон мен бейтаныс адамды шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады. Өз ой-пікірлерін айта алады. Тәрбие.орг сайтынан Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жирикова Назгуль Байгулжановна

Алматы облысы. Талдықорғанқаласы. Ш.Уәлиханов атыдағы № 10 орта мектеп-гимназия Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar