"Қырық өтірік" ертегісі қазақ әдебиеті 5-сынып

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 441
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 24/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20201


Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік » ертегісі 5-сынып әдебиет
Мақсаты: Оқушылардың ертегілер жайында алған білімдерін толықтыруларына, өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс жасауларына ықпал ету, топтық жұмысқа жұмылдыру
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ертегілер жайында алған білімдерін толықтырады, шығармашылықпен жұмыс жасайды, топтық жұмысқа белсене қатысады.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
І.Қызығушылықты ояту. «Ассоциация» әдісі.
ІІ.Мағынаны тану.1.«Түртіп алу» әдісі.
(кітаппен жұмыс)
1.Мәтінді өз бетінше оқи отырып төмендегі белгілермен белгілеу;
«V» -маған таныс
«+»- мен үшін жаңа
«-»-мен білетін түсінікке сәйкес емес.
«?»-бұл туралы тереңірек білгім келеді.
2. Жоспар бойынша мәтін бөлімдерге бөлініп, әр қатарға топтастырылған тапсырмалар беріледі.
* Жоспар:
1. Ханның халқына шығарған жарлығы.
2. Тазша баланың хан алдына келуі.
3. Ханның Тазша баланы мысқылдауы.
4. Тазша баланың өтірік әңгімесі.
5. Тазша баланың өтірік әңгімесінің аяқталуы.
6. Ханның Тазша балаға таң қалуы.
7. Тазша баланың өтірік өлеңі.
8. Ханның жеңілуі.
2.Оқулықпен жұмыс.
1. Әр бөлімнің мазмұны мен оның ішіндегі әңгімені бөлек айтыңдар, оның неге өтірік екенін дәлелдеңдер.
2. Өтірік өлеңнің әр шумағын жеке – жеке оқып, оның мәнін, мағынасын түсіндіріңдер.
3. Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
4. Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
5. «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады?
6. Ертегіге берілген суреттерге қарап әңгімелеңдер.
3.«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам:Оқушылар дәйексөзді кеспе қағазға жазып, қай беттен,қайдан алынғанын белгілеп қояды.
3-қадам:Кеспе қағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазып қояды.Оқушылар онымен келіспеуіне де болады,оны қалай өзгертем десе өз еріктері.
4-қадам:Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады
5-қадам:ол оқып болған соң,мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды.
6-қадам:Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды.Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.
ІІІ.Рефлексия.

«Ойқозғау» әдісі.
1. «Қырық өтірік атты әңгіменің тууына не себепші болды?
IV.Үйге тапсырма.
1.«Еркін жазу» әдісі бойынша ойдан өтірік әңгіме жазу.
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
V.Бағалау.
Бағалау парағының үлгісі (5 баллдық жүйе бойынша)

1 Оқушының үй тапсырмасын айтуы
2 Оқушының сұрақтар құрастыруы
3 Оқушының сұраққа жауап беруі
4 Қорғауы Тәрбие.орг сайтынан "Қырық өтірік" ертегісі қазақ әдебиеті 5-сынып Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сеилбаева Рая Нурбаевна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar