Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ж.Аймауытовтың ”Қартқожа’’ романы
  • 04.04.2016
  • 525 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18426

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың ”Қартқожа’’ романы
Сабақтың мақсаты: 1. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан –жақты бейнелеген реалистік шығарма екендігін таныту, роман мазмұнын меңгерту. 2: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. 3.Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар аркылы азаматтық түсініктерін тереңдету. Ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, сұрақ-жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, саралау, болжам жасау. Сабақтың типі:жаңа САБАҚ Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. IV).Жаңа сабаққа кіріспе .Оқушыларға алдын –ала Ж.Аймауытовтың “Қартқожа ” романын оқып, мазмұнын ұғыну тапсырылған. V)Жаңа сабақ. Мұғалім: Оқушылар! Сіздерге романды алдын –ала оқу тапсырылғандықтан роман жөнінде қысқаша түсінік беріп, талдау жұмыстарын жүргіземіз.(аудиотаспадан тыңдау) .728
Ж. Аймауытовтың “Қартқожа ”романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл –қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезеңіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді.Әсіресе жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ ауылының өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы ақпан көтерілісіне ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы “Алашорданың ’’құрылуы мен ақ әскер лерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан төңкерісі мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да ,оның елі,жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп ,есін жинап ,ілгері басады, болашаққа қарайды. Бас кейіпкер –Қартқожа өмірде болған адам, мұғалім болып, ұстаздық еткен екен. 1937 жылғы қанды қырғында мерт болған. Қартқожадан қалған ұрпақ- Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев техника ғылымдарының кандидаты,Қазақ ауыл шаруашылығы институтында қызмет жасаған. VI)Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
• 1.Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу. 2.Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан –жакты бейнелеген 3.Басталуы: Қартқожаны , оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс. 4.Дамуы: Жоқшылықтың зардабы, әкесінің өлуі, суыт хабар,елдің урейі, дүрбелең. 5.Шиеленісуі : Жасаққа косылу,1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі. 6.Оқиғаның байланысы: Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу,елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын азамат бейнесі,әмеңгерлік, оқу 7.Шарықтау шегі: Ақпан көтерілісі, елдегі күрес ,ұстаз болу. 8.Шешімі: Орысша білім алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыган азаматтың елге еңбек етуі. 9.Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен,Андрей, Қасен, Полидуб. 10.Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер: Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара,Шідербай,шәкірт,болыс,Имақан,Бәтіш,Гүлсім, карындас, өшетіл,Бабатай . 11.Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм; жанры –проза. Негізгі кейіпкердің есею, өсу жолдарына талдау.. . 1 2 3 4 5 6 1 – Ойын баласы(10-11 шамасында), молдадан хат танушы. 2- Жас жігіт. Бала оқытушы. 3- Жасақ мүшесі. 4- Майданда жүзбасы. 5- Оқушы,білім нәрімен сусындаушы. 6-Ұстаз, арманына жеткен ел азаматы.
Бас кейіпкер бейнесін мәтіннен табу. ”Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта –астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос- қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10- 11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі сауыс,бетінің бір жағы сатпақ ,көзінің былшығы да жөнді тазармайды.Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан,аңқау, козі бажырайып аузын ашып ,мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап ,аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…”
Шығармадағы монологті тапкызу.
“ Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса ,орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды,орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та Андрейдің ,менің көргенімді көрсе,көзі ашылса,менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді –ау деп, бір мезет ойлайды. ” -Монолог қандай жағдайда айтылған? Шығармада суреттелетін салт –дәстүр. Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін мойнына көтеру), әмеңгерлік салты,тұрмыс- салт суреттері, күрес,ән салу. Шығармадағы нақыл сөздер. “Іздесең , табасың” Шығармадағы көркемдегіш тәсілдер. “Үй іші” бөлімі бойынша : Эпитет-аз, нашар атаның тұқымы, момын адам, қоңыр адам,біртоға жан. Метафора (ауыстыру) – төрт- бес қарасын, алданышы, азбеніші- ораза ашары;қуаты, қуанышы- үш –төрт қарғасы; Тұрақты сөз тіркесі- құтты жеріне кондырды; тұңғышының аяғын шырмады; Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі. Ирония (кекесін) –осы байғұстың. Егіздеу( параллелизм)- здеу барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз. Синоним сөздер- жабықса,тарықса; жыртық-тесігін; аман-есенінде; момын, біртоға; қарағым,шырағым; ұрыс-жанжал; Антоним сөздер- жазы-қысы: Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда. Кейіпкерлердің мінез-құлқы: момын, аңқау ,зұлымдық,әлімжеттік көрсету,үрей, надандық, қөзін ашуға жарыққа ұмтылу елге еңбек етуге талпыну. Басқа тілден енген сөздер: қожа,тақуа молда, таямим,крестьянский нашалнік, періуатшік,стражнік, тілмәш, үшкөл, отарба, медресе, шәкірт,пароход, автомобиль,аэроплан, окоп, пулемет, самолет, мотор, революция,мұжық т.б, Кейіпкер табиғатының ашылуына әсер етуші:
Қартқожа образының ашылуына әсер етуші бейнелер
Дәрмен Полидуб Қасен Андрей
728.Аудиотаспадағы 1-тапсырманы орындау.
«Қартқожа» романында суреттелетін оқиғаларды көрсетіңіз:
1.Қазақтың рушылдығы 2.1916 ж патша жарлығы 3.ҰОС , әйел теңсіздігі 4.қазақ ауылының тұрмысы. 728.Дұрыс ,бұрысын белгілеу.
1.Шығарманың басты тұлғасы-Қартқожа-өмірде болған адам .2.Роман алғаш рет 1927 жылы жарық көрді. 3.Роман екі бөлімнен тұрады. 4.III бөлімінде Қартқожаның соғыста окоп қазып жүргені суреттеледі. 5.Қартқожа Омбы,Семей қалаларында білімін жетілдіреді. 6.Роман тарихы тақырыпта жазылмаған.
728.Сәйкестендіру. 728.Тест тапсырмалары
VII)Сабақты қорытындылау. Барлық ойды түйіндеу,оқушыларға ой тастау. Сауалдар: 1.“Қартқожа ” романының өзіндік ерекшелігі қандай? 2.Шығарма кейіпкері сіздерге қалай әсер етті? 3.Кейіпкердің орнында сен болсаң қайтер едің? VIII. Үйге тапсырма.Бағалау.
1.Шығармадан “Туған жер ”бөлімі бойынша үзінді жаттау.
2.Қартқожа бейнесін негізге ала отырып “Іздесең, табасың ” тақырыбында әңгімелеп айта білу. Тәрбие.орг сайтынан Ж.Аймауытовтың ”Қартқожа’’ романы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахимова Назгул Нұроллақызы

Алматы облысы,Іле ауданы , Өтеген батыр кенті № 7 орта мектеп мкм Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар
Көрсетілім: 525 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar