Ж Молдағалиев шығармашылығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 952
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18538


Сабырбаева Сара Шакенқызы
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы
Бурабай орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Ж Молдағалиев шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:1.Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, тарихи фактілерге назар аудару; шығармашылығының тақырыбы,идеясы, азамат ақын екенін дәлелдеу.
2. Балаларда ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
3.Өз ұлтын сүюге, туған елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Ж. Молдағалиев суреті (шығармалар жинағы)
Сабақ типі: дәстүрлі, аралас.
Сабақ түрі: іскерлік, ізденіс.
Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: 1.Шешендік өнер
2. Тарих
Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу
ә)оқушыларды түгелдеу

б)сабаққа әзірлігін тексеру
Үй тапсырмасын тексеру: Балалар , біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?(С.Мәуленов өмірі, шығармашылық жолы)
Өмірі шығармашылық жолы туралы баяндау «Түбірлер» өлеңінде түбір бейнесі арқылы ақын нені меңзеді? (Алапат соғыстың тигізген зияны)
Жаңа сабақ
«Адам болып туған соң,
Адам болып өлген жөн.»
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Мынау күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес , өмірде де , күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Жұбан Молдағалиевтің өмірі, шығармашылық жолымен танысамыз.
Ж. Молдағалиевтің азамат ақын екендігіне шығармаларын талдау арқылы көз жеткізу
Ж. Молдағалиевтің өмірі туралы слайд көрсету
Мұғалім сөзі:
Жайласып жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары.
Тыңдамақ абзал ақынын
Ардақты отандастары
Ақын ше? Ақын келмеді,
Бос күтті төрде бір орын.
Күмбірлеп залды кернеді,
Сөз алып сонда жыры оның.
Бұл ақынның - ақын туралы толғанысы еді.Арамызда ақын жоқ , бірақ жыры, шығармалары қалды, өлмес, өшпес өлеңдері қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Енді сөз кезегін өздеріңе берейін.
1- оқушы: Ж.Молдағалиевтің өмірі
2- оқушы: шығармалары
3- оқушы: поэмалары
4- оқушы: « Жесір тағдыры»
5- оқушы: « Сел»
6- оқушы: «Дала түні»
7- оқушы: « Мен -қазақпын» поэмасы
8 оқушы: « Мен - қазақпын» поэмасынан үзінді оқу
Поэма туралы оқушының пікірі: Өлең жолдары жаттауға өте ыңғайлы, әсерлі, тілі бай, теңеу, әсірелеу, эпитет көп кездеседі.Поэманың негізгі тақырыбы - еліңе, жеріңе, өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтын сүю ұлтшылдық емес ұлтжандылық. Біз бәріміз де өз елімізді сүйеміз, өз ұлтымыздың перзентіміз. Перзенттік борышымыз әр түрлі жолмен өтеледі. Ал ақынның елі алдындағы борышы – халқын, ұлтын таныта білу. Сонау ықылым замандарда ел қорғаған батыр бабаларымыз, қара қылды қақ жарған әділ билеріміз артында өшпес ерлік, даналық сөздер қалдырған.
Мұғалім сөзі :
Қане, кімнің есінде бар, қазақ халқы туралы қай бидің шешендік толғауы бар?
18 ғасырда «Дала Демосфендері» деп аталған үш бидің бірі Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзі:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз.
Мұғалім сөзі:
Өте дұрыс. Билер сөзі - даналықтың көзі. Шешендік толғау арқылы халықтың қасиетін билер таныта білсе, Жұбан ағаларың «Мен- қазақпын» деп жырлап өтті. Ақын өмір сүрген кезең –совет дәуірі, яғни әдебиеттегі социалистік реализм әдіс ағымы мен «Біз –совет халқы» деген ұранның кезі еді. Міне, осы кезде ағаларың қазақты бөліп алып « Мен - қазақпын» деп жырлады.Мұндай ерлік кез келген ақынның қолынан келмес еді. Бұған дейін дағыстанның көрнекті ақыны Р. Ғамзатов қана «Менің Дағыстаным» деп қара сөзбен жырлаған еді.
Мына бір өлең шумақтарына көңіл аударайықшы:
Менен, тақсыр, жерің аз жат сыр алған,
Қызметіңде қалбаңдап, қат сыналғам.
Сен білмесең біледі Наполеон
Солдатың боп Сенадан ат сұраған.
Сонау Франциядағы Сена өзенінің қазаққа қандай қатысы бар?
Оқушы:
Ақын 1812жылғы Отан соғысында Ресей армиясының құрамында соғысып, сонау Наполеон Бонапартты жеңгеннен кейінгі Францияға барған Нарынбай Жанжігітов сияқты қазақ жауынгерлерін жырға қосып отыр. Сена өзеніне барғанын жырлап отыр. Ақын тарихи оқиғаларға нақты фактімен келеді.
Мұғалім сөзі:
1986 жылы желтоқсан айында қандай оқиға болып еді?
Оқушы:
Бұл қозғалыс адам құқы мен ұлттық намысты жоғары ұстауды талап еткен қозғалыс еді. Бұрын-соңды Қазақстанды білмейтін Г.В. Колбин сияқты адам бірінші басшы болып сайланды. Желтоқсан оқиғасы алғашқы күннен бастап бұрмаланып көрсетілді. Біздің өкіметттің кейбір басшылары Орталықтың әуеніне еріп, жастардың бейбіт ереуілі қанды қысыммен басылды. 1986 жылғы
28 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар Одағында Г.В. Колбин бастаған топ болған оқиғаға өздерінше баға беріп, жиналыс өткізді. Халықтың ұл- қыздарын «ұлтшылдар», «бұзақылар», «нашақорлар» деп айыптады. Міне, осы кезде зал толы ақын- жазушылардың ішінен Жұбан ағамыз шындыққа тайсалмай тура жауап берді.Бірақ көп ұзамай азамат ақынның жүрегі соғуын тоқтатты.
Еліміз егемендік алды. Ақынның армандап жырына қосқан Елтаңбасы, Негізгі Заңы, Әнұраны жаңаланды.
Сабақты қорытындылау:
Ж. Молдағалиев өмірі, шығармалары туралы нені білдік?
Жұбан кім екен?

эпик
реалист
патриот

ақын

азамат ақын
лирик


Үйге тапсырма: Ж.Молдағалиев туралы қосымша деректер.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Ж Молдағалиев шығармашылығы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сабырбаева Сара Шакенқызы

Пікірлер: 0

avatar