Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жамбыл Жабаев шығармашылығы
  • 24.11.2016
  • 673 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20195

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың шығармашылық өмірі,өлеңдері

«Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз
жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен»
М.Әуезов.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жамбыл Жабаев оның өмірі, шығармашылығы туралы кеңірек мәлімет беру, өлеңдерімен толық танысу, жаттау.
2. Дамытушылық:
ә) Оқушылардың сөздік қорларын ой-өрісін шыңдай отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлеңдерінің мазмұнын талдау арқылы тіл дамыту;
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды өзін-өзі бағалай білуге, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Өлеңді оқып, оның тәрбиелік мәнін ажыратып, өзін-өзі қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ, жаңа сабақты (тақырыпты) игеру.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап;
миға шабуыл;
түсіндіру;
топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, ақын портреті, өмірінен суреттер, слайдтар.
Сабақтың эпиграфы: «Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз
жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен»
М.Әуезов.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қорытындылау.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы алған білімдерін тексеру. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет.

1. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет өкілдерін атаңыз.
2. Соғыс кезіндегі әдебиеттің сипаты қандай болды?
3.40-60 жылдардағы поэзия тақырыбы және оның көрнекті өкілдері кімдер?
4.Осы жылдарда проза, драматургия қалай дамыды?
5. Соғыстан кейінгі жылдардағы көркем әдебиеттің негізгі тақырыптары?

Оқушылардан жауап алынған соң өткен сабақты қорытындылаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Слайдтар арқылы Ж.Жабаев өмірін,шығармашылығын түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Жамбылдың өмірі.( Слайд 1-6)
2. Ақынның шығармалары.(Слайд 7-8)
3. Ақындық шеберлігі.
4. Жамбылдың айтыстары.( Слайд 9)

Жамбыл ақынның өлеңдері: «Әкеме», «Менің пірім Сүйінбай»,«Шағым», «Кедей күйі», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», «Халықтың еркі кетті баласынан», «Халық кегі», «Отанды сүй», «Амангелді», «Ленинградтық өренім», «Екі дүние айқасты», «Отан әмірі», «Қалам бұзған қаһарман», «Халықтың сәлемі», «Дастархан жыры» «Бесік жыры», «Алатау», «Жаз», «Көктем даңқы», «Май», «Шын жүректен» т.б

Ақынның айтыстары: Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы, Досмағанбетпен айтысы, Сарбаспен айтысы, Шашубаймен сөз сайысы, Айкүміспен, Бөлектің қызымен айтысы,Сары ақынмен қағысу, Майкөтпен дидарласу, Бөлтірікпен айтысы, Шыбыл шалға айтқаны.

Ақынның дастандары: Тарихи тақырыпқа жазылған: «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»

Ақынның жырлаған жырлары: «Шаһнама», «Көрұғлы», «Манас», «Мұңлық-Зарлық», «Ерназар-Бекет»

Топтастыру.

Ақын

Жыршы Жамбыл Жабаев Жырау

Айтыс ақыны

ІҮ.Сабақты пысықтау. Оқушыларға Жамбыл ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Сабақты бекіту. Тест сұрақтарын беру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге.

ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбрайым. Қазақ әдебиеті оқулығы
1.М.Жолдасбеков, «Жамбыл және оның ақындық ортасы» «Асыл арналар», «Жазушы» баспасы, 1986-жыл, 140-бет.
2.Жамбыл Жабаев, "Өтеген батыр", екінші нұсқасы, кітапта: "Өтеген батыр", құрастырған Айзада Сейітқызы, Алматы, "Мерей" баспасы, 1994-жыл Тәрбие.орг сайтынан Жамбыл Жабаев шығармашылығы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адилбекова Жанар Зинуллаевна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, Маңғыстау политехникалық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар
Көрсетілім: 673 | Жүктеулер: 14
Барлық пікірлер: 0
avatar