Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
  • 16.12.2016
  • 436 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20534

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Тақырып.
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт

Пәні: Физика
Мұғалім: Бердикулова Садокат
Сыныбы: 9 «Г»
Мерзімі: 24.11.2016

№11 «Манкент» жалпы орта мектебі
2016 жыл

Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт туралы қазақша ашық сабақ
Сыныбы: 9.
Пәні: Физика және астрономия.
Сабақтың тақырыбы:
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.
Күнтізбе.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жергілікті, белдеулік, бүкіләлемдік уақыт, күнтізбе тақырыптарын түсіндіру. Күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту. Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру: а) Оқушылармен амандасу, түгендеу; б) Оқушылардың оқу құралдарының түгелдігіне, сабаққа даярлықтарына көңіл бөлу; в) Назарларын сабаққа аудару.
4. Мақсат қою: Оқушылардың жергілікті, белдеулік, бүкіләлемдік уақытты, күнтізбені күнделікті өмірде қолдана білуі. Жаңа сабаққа даярлық: Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын айту. Өткен тақырып пен бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар қою.
5. Жаңа сабақты түсіндіру: 1. Уақыт туралы қысқаша айту. Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономиялық кұбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер колданылады. Уақыттың негізгі бірліктері — астрономиялык бакылау бойынша анықталған тәулік, ай және жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуына, екіншісі Ай жүзінің (фазасының) өзгеруіне, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты. Бұлардың әрқайсысы, әрине, аспан денелерінің қозғалысына (көрінерлік және нақты) негізделген. Тәулік дегеніміз — Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Мұндай дене ретінде Күн немесе кез келген жұлдыз алынуы мүмкін. Олай болса, біз күн тәулігі және жұлдыз тәулігі деген ұғымдармен танысуымыз кажет болады. 2. Нақты және орташа күн тәулігі. Күн шарығының (дискісінің) орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сөті нақты тал тус деп, ал төменгі шарықтауы нақты т ортасы деп аталады. Күннің екі аттас шарықтау аралығы нақты күн тәулігі деп аталады. Бірақ мұндай тәуліктің ұзақтығы жыл бойы тұрақты болмайды. Бұл Күннің кәрінерлік қозғалысы экватор емес, эклиптика бойымен болуынан әрі біркелкі еместігінен туындайды. Сондықтан күнделікті өмірде ұзақтығы тұрақты 24 сағ болатын орташа тәулігі пайдаланылады. Орташа күн тәулігі – аспан экваторы бойымен бірқалыпты қозғала отырып, бір жылда толық айналым жасайтың жорамал нүтенің (бұл нүкте орташа Күн деп аталады) аттас екі рет шарықтауға қажет уақыт аралығы. Күн тәулігінің басы түн ортасынан, яғни Күннің төменгі шарықтауынан басталады. 3. Жергілікті, белдеулік, бүкіләлемдік уақыт. Күннің аспан меридианы арқылы өту сөті, әрине, бақылаушы орнының географиялық бойлыгына төуелді. Бақылаушы шығысқа карай жылжыған сайын Күннің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады. Демек, Күннің меридиан аркылы өту сәті бізге жергілікті орынның күн уақытың береді. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген географиялық меридианда ғана колданылатындықтан, күнделікті өмірде белдеулік уақытты колдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті полюстерді қосатын сызықтар кемегімен 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр сағаттык белдеу бойлық бойымен 15°-қа созылады. Әр белдеудің ішінде оның орталық меридианындағы орташа күн уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты ретінде алынады. Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші меридиан ретінде кабылданған және ол белдеу нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде кабылданган. 1-сағаттық белдеудің (п=1) орталык меридианы Гринвич меридианынан 15° шығысқа карай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің де бастапқы меридиандары осылай анықталады. Ал олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекаралары бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 4- және 5-сағаттық белдеу өтеді. Бүкіләлемдік уақытты (Т0) және берілген орынның белдеуінің реттік санын (п) біле отырып белдеулік уакытты табу оңай: Тn = Т0 + n 1930 жылы 16 маусымда КСРО аумағында декреттік уақыт ендірілді: барлық сағаттық белдеулерде сағат тілі тұрақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылды. Кейінен 2004 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің № 775 «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген. Алматы және Астана уақыты (5 сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 caғат алда. Т5 = Т0 + (n + 1) = Т0 + 6 caғат Географиялық бойлығы  болатын орындағы Т жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлыктың уақыт бірлігіндегі мәнін косу арқылы анықталады: Т  = Т0 +. Қазақстандағы уақыт Қазақстандағы сағаттық белдеулер. Қазақстан төртінші, бесінші сағаттық белдеулерде жатыр. №775 «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасы аумағы IV және V сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары IV белдеуде, ал қалған облыстар V белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы «облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін» жасалған. Қаулы облыстар әкімшілігі мен экономика және әділет министрлігімен келісілген. Астана уақыты Астана уақыты — Астана қ. орналасқан 5-сағаттық белдеудегі жергілікті уақыт. Жер шары бойынша шартты түрде 24-ке бөлінген сағаттық белдеу батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан басталады. ҚР аумағы арқылы 4 және 5-сағаттық белдеу өтеді. Астана, қ-ның сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Павлодар, Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан обл-тарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 6 сағ., Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау обл-тарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 5 сағ. алда жүреді. Кейінгі аталған облыстар уақыты Астана уақытынан 1 сағ. кейін жүреді. 4. Жұлдыздық уақыт. Кез келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі қозғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайық. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздық тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздық тәулік – күн. мен түнің теңелу нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны «қуып жету» үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 caғ 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 caғ осы айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күн сағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады. Жергілікті жұлдыз уакыты (S) мен жұлдыздардың экваторлық координатасы тура көтерілу мәні арасында қарапайым байланыс бар. Егер жұлдыз жоғарғы шарықтауда болса, онда S = α. Демек, кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздың уақыттың мәні осы кезде жоғарғы шарықтауда ориаласқан жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең. Жер бетіндегі  бойлықтағы жұлдыздық уақыт (S) пен Гринвич меридианындағы жұлдыздық уақыт (S0) арасындағы байланыс мына өрнекпен анықталады: S = S0 +. Осыдан біз берілген орынның жұлдыздық уақытын анықтау арқылы осы орынның географиялық бойлығының мәнін де анықтауға болатынына кез жеткіздік. Тәрбие.орг сайтынан Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердикулова Садокат Саттаркуловна

№11 «Манкент» жалпы орта мектебі физика және математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар
Көрсетілім: 436 | Жүктеулер: 13
Барлық пікірлер: 0
avatar