Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ілияс Жансүгіров "Құлагер" поэмасы
  • 06.01.2017
  • 164 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20812

Сабақтың мақсаты:
білімділік –шығарманың мазмұнын меңгерту, Ақан мен Құлагердің құдіреттілігіне көз жеткізу,Ақан образын жан-жақты ашу
дамытушылық- ізденуге, ой қорытуға, іздемпаздыққа үйрету, тіл байлығын тереңдету, тапқырлыққа үйрету
тәрбиелік –өнерге,еліне, тарихына деген сүйінспеншілікті арттыру.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Оқыту әдістері: проблемалық сұрақтар, топтастыру, салыстыру, сұрақ- жауап , шығармашылық ізденіс ,автор орындығы

Сабақтың көрнекілігі: Ілиястың портреті, Ақан портреті, кітап көрмесі, жеке қиықшалар,асықтар, видео, фильм көріністері.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, бейнелеу өнері

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) І. Жансүгіров туралы мәлімет беру (іздену-зерттеу еңбектерінен).

б) Оқушы өздері дайындап келген презентацияларды қорғау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: (І. Жансүгіров пен Ақан сері туралы әңгімелеу).
Сөз өнері қашан да құдіретті,
Құдіретті қаншама дүбір өтті.
Тұнық өнер-түбі жоқ, Тынық мұхит,
Кемеңгерлер кешкенде шымыр етті
Салақұлаш әдеби сәйгүліктер
Дүбірмен дүниені күңірентті! – деп қазақ әдебиетінің кемелденуіне белсене атсалысқан, үлкен тұлға, қазақ поэзиясының жарық жұлдызының бірі, терең ойлы ақын ақын – Ілияс Жансүгіров.
І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – әйгілі әнші, сазгер, ақын Ақан сері (Ақжігіт Қорамсаұлы) жайында жазылған шығарма. Ақанның өміріндегі ауыр трагедиясы – Құлагер атты жүйрік атынан айырылған оқиғасы туралы шығарма. т.б

«Сөз сыры» айдары. Сөздермен жұмыс.
Ас-өлген адамды еске түсіріп, құрметтеу салты
Атбегі-бәйге атын тани білетін сыншы,бапкер
Сері – сәнді киініп,салдық құратын өнерлі сал жігіт
Ақиық- асып туған дарын иесі т.б.

IV. Фильмнен үзінді көрсету. «Құлагер» дастаны туралы, басты кейіпкерлер жайлы әңгімелеу. Ақан сері мен Құлагер туралы сөз қозғау.

Оқушылар үзінділерді жатқа айтады.
1. Ақанның асқа келуі;
2. Батыраштың зұлымдығы;
3. Ақанның баласына тапсырма беруі;
4. Құлагерді өлтіруі.
(Алдын-ала берілген тапсырмалар)

VI. Фильмнен үзінді көрсету (Құлагердің мерт болуы)

Топтастыру стратегиясы.

Құлагер....ұшқыр ат, қыстай бапталған, боз ат, ақанның досы, құстай ұшуы...
( оқуш. тақтаға жазады)
Бір оқушы Серінің Құлагерді жоқтауын оқу

VII. Қорытынды
a) Енді Құлагерді зұлымдықпен өлтіргеннен кейінгі Ақанның өмірі. (фильмнен үзінді)
ә) Оқуш. поэмадан үзінділерді жатқа оқиды

Ақанға мінездеме беру
1. Ақын, әнші, сазгер;
2. Ешкімге бас имеген жан;
3. Әділетсіздікке қарсы шыққан;
4.Атбегі, құсбегі;
5.Елдің еркесі;
1. Ешкім жанын түсінбеген ақын.
VIII. Бекіту.
Сыр-толғау. (топпен жұмыс)
Іт. Ақын рухымен сырласу.
ІІт. Авторға тікелей тіл қату.
(«Құлагер» әнін тыңдап, жазба жұмысын орындау).
Қорытынды сөз. Даналық ойдан дән ізде...айдары(белгілі тұлғалардың І. Жансүгіров туралы ойлары, естеліктері).

ІХ. Сұрақ-жауап жүргізу.

1) Ақан трагедиясына кім кінәлі?
2) Ақынның жан серігі – Құлагерден айырылу себебі неде?
3) Құлагер әні қалай пайда болды?
Х. Бағалау.
ХІ. Үй тапсырмасы:
а) «Құлагер» дастанынан үзінді жаттау;
б) Ақжігіт Қорамсаұлы туралы мәлімет тауып келу Тәрбие.орг сайтынан Ілияс Жансүгіров "Құлагер" поэмасы Қазақ әдебиеті пәнінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Балабекова Гулмира Мадибековна

Тараз қаласы № 13 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі (орыс сыныптарында)

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ әдебиеті пәнінен презентациялар
Көрсетілім: 164 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar