4 санын қосу және азайту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 277
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20822


Бекітемін: ________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Ш.Утегенова
Пәннің аты
Математика Уақыты:
24.10. Мұғалім
Имангазиева Ж
Сабақтың атауы 4 санын қосу және азайту
Мақсаты ондықтан аттайтын жағдайларда 4 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру
Күтілетін нәтиже 1.амалдарды орындау барысында 4 санын қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектер мәндерін табумен байланысты қолдану, екі амал арқылы шығарылатын есептерді шешу
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Сызбалар,оқулық,суреттер,слайд , ,А4 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі Топпен жұмыс,ойын,түсіндіру,өз бетімен жұмыс
Психологиялық ахуал Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар таратамын:
Ітоп- үшбұрыш,
ІІ топ-төртбұрыш
ІІІ топ- шаршы Бірдей фигура алған оқушылар топқа бірігеді.

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз. Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Біз өткелден өтіп,білімізді көрсетейік.
1 - өткел. " Қайталау - білім анасы".
І-топқа -2ті қосу кестесін құрастыру.
ІІ-топқа 3-ні азайту кестесін,құрастыру..
ІІІ-топқа 3- ті қосуды, кері есеп құрастыру (2мин)
2 - өткел. "Білгің келсе,тауып көр"
Жұбын тап” ойыны Жеке оқушымен жұмыс




3 - өткел. "Қасиетті ұғымдар"
4 саны туралы мағлұмат беру
Төрт тұлға: От. Су. Жел. Жер.
Төрт құбыла:Шығыс. Оңтүстік. Батыс. Солтүстік.
Төрт маусым:Көктем. Жаз. Күз. Қыс.
Төрт түлік
Түйе пірі – Ойсыл қара.
Жылқы пірі – Қамбар ата.
Сиыр пірі – Зеңгі баба.
Қой, ешкі пірі – Шопан ата, Шекшек ата.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
"4 санын қосу және азайту "
4- өткел. "Мағынаны таныту "


7+4=11
(7+3)+1=11


11-4=7
(11-1)-3=7

5-өткел. "Білімді өрге жүзеді"
№1 б
8+4=(8+2)+2=12 12-4=(12-2)-2=8
9+4=(9+1)+3=13 13-4=(13-3)-1=9
6-өткел. "Ойлана біл!"
Жұмбақ жасыру.
Қорықпайды еш аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Пілге тапсырма
Өзіндік жұмыс

7 өткел сергіту сәті

8-өткел Білгің келсе,тауып көр"
Математикалық диктант
8+2+2=12
12-2-2=8
9+1+3=13
13-3-1=9
9-өткел ”Білгенге маржан”
№4

Шарты:
Бар еді -26ж
І аялдамадан-6
ІІ аялдамадан -4
Сұрағы:Қалды-?
Шешуі:(26-6)4=20-4=16
Жауабы:Автобуста 16 адам қалды
«Ыстық орындық »ойын
Математикалық сұрақ қою
10-өткел” Миға шабул”
№5 Топпен жұмыс
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Ой толғаныс 11-өткел Шығармашылық тапсырма:

Суретте барлығы неше үшбұрыш бар ?13 үшбұрыш
12-өткел. "Сөз құрастыр" ойыны

13-9 11-4 13-4 7+4
4-т 7-р 9-ө 11-т

Санды өсу ретімен орналастыр бір сөз шығады: төрт
Логикалық тапсырма
Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9) 5+4
Суда алты қаз,
Төбеде төрт қаз
Судың маңында
Айтшы неше қаз? (10) 6+4
Сегіз қарындаштың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4) 8-4
Тал басында тізіліп,
9 жапырақ тұр еді
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті төртеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4
Үйге тапсырма 6 тапсырма 63бет Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
№ 9 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту

Сыныбы:2 в

Өткізген :Имангазиева Жайнагүл

2016-17 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан 4 санын қосу және азайту Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Имангазиева Ж

Пікірлер: 0

avatar