Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
7-ге көбейту және бөлу кестесі
  • 22.04.2016
  • 774 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18794

Математика
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен таныстыру. Көбейту мен бөлудің кестелік жағдайын ұғындыру және пысықтау.
Дамытушылығы: жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіруге, көбейту мен бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін арттыру. Логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелігі: заман талабына сай жан-жақты, білімді болуын, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ізденушілік, ойын.
Көрнекілігі: слайдтар, ойын элементтері, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. № 7 есепті 3 топтан бір-бір оқушы шығып орындайды.
ІІІ. Тірек білімді белсендіру. Ауызша есептеу.
1. Есепті шығар: Сыныпта 20 оқушы бар. Барлық оқушыларды отырғызу үшін неше парта қажет? /10 парта/
2. Санды 6-ға көбейту және бөлу кестесін жұп бойынша қайталау.
3. Өрнектің мәнін тап:
9*2 5*5 63: 7 40:5 60-25 73-25 32+15 20+55
IV.Жаңа сабақ:
7 саны туралы сергіту сәтін жасайық.
Ой-санамыз7ліп
7стіктердің шыңына
Біз ер7п, шығамыз.
Қа7не елімнің
Лайық ұрпақ боламыз.
Қазақта 7 санын киелі сан деп атайды. Олай болса неліктен 7 санының киелі сан екенін ашып айта отырып, 7 санына көбейту және бөлу амалдарын орындап үйренеміз. Қане, ойланайықшы, өздерің 7 саны туралы не білесіңдер?
• 7 ата
• 7 күн
• 7 жарғы
• 7 қазына
• 7 қат көк
• 7 жоқ
• 7 жұт
• Музыкада 7 дыбыс, яғни 7 нота бар
Ендеше жаңа сабақты бастамас бұрын 7 нотаны айтып, көңілімізді көтерейік.
V.Оқулықпен жұмыс.
Неге көбейту кестесі 7*7 өрнегінен басталған? /оқушылардың жауабы/
№ 1 тапсырма. Санды 7-ге көбейту кестесін хормен айтқызу.
Бос орынға тиісті санды қоямыз:
49 56

7* 8*7 56:7 63: 49:7
№ 2 тапсырма. Салыстыр.
а/ тон тігетін цехқа 63 қой терісі әкелінді. Әрқайсысына 7 теріден жұмсап, 7 тон тігілді. Цехта неше тері қалды?
Шешуі: 63-(7*7)=14
Жауабы: 14тері қалды.
ә/ ісмер әрқайсысына 2 түлкі терісін жұмсап, 7 тымақ тікті. Сонда 12 тері қалды. Барлығы неше түлкі терісі болған еді?
Шешуі: (2*7)+12=26
Жауабы: барлығы 26 тері болған.
Сергіту: Кетсең де түнде адасып,
Беретін сол жол ашып.
Темірқазық жұлдызы-
Солтүстікте тұрады.
Сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
№ 3 тапсырма. Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.
8*7=56 9*7=63 7*7=49 7*1=7
56:7=8 63:7=9 49:7=7 7:7=1
56:8=7 63:9=7 7*7=49 1*7=7
7*8=56 7*9=63
№4 тапсырма. Көбейту кестесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін есептеп шығар:
56:7 * : *

63:9 * * :

№5 тапсырма. Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құру.
20:2+5=3*5 200:10=2*10 9*2=36:2 5*3=30:2
90:3-2=7*4 4*3=24:2 7*4=56:2
120:10=6*2 5*4=200:10 3*6=36:2
Кел,ойнайық! «Мәре» ойыны
І топ ІІ топ ІІІ топ
6*6+10 5*5+10 4*4+10
63:7-4 81:9-3 64:8-2
3*6+2 4*6+6 7*6+8
28:4+13 36:6+14 42:7+14
4*10:8 7*10:1 8*10:4
360:6:6 480:6:2 180:9:2
№6 тапсырма. Өзіндік жұмыс.
VI.Рефлексия: жасыл қоршаудағы тапсырма
VII.Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы айттық? 7 санының қасиеті туралы не білдіңдер? 7 санына көбейту және бөлу амалдарымен орындалатын мысалдар мен есептерді шығардық.
VIII. Топтың білімдерін бағалау.Үйге тапсырма: № 3/ә/, №7. 63 бет.
Қажыкенова Гүлдана Дүйсенғажықызы.
ШҚО.Тарбағатай ауданы,Жәнтікей ауылы. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Тәрбие.орг сайтынан 7-ге көбейту және бөлу кестесі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қажыкенова Гүлдана Дүйсенғажықызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 774 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar