7 саны мен цифры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 398
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21784


Білім беру саласы: Таным Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Мақсаты: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру.
2. Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
3. Тәрбиелігі: Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, халық даналықтарын білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Ұ. о. і. ә. әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, көрсету, ойын, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: білімпаз ата,жолдорба,күрек,дүрбі суреттері, сан таңбалары, кемпірқосақтың жолақты түстері, әліппе - дәптері т. б.
Ұ. о. і. – түрі: саяхат сабақ

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық - Қозғаушы кезең Жылулық шеңбері.
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей біріміз
Сәлем делік үлкенге
Сәлематсыздарма

амандасу
Ұйымдастырушылық
ізденушілі кезең Балалар, біз бүгін орманға қазына іздеп саяхатқа шығамыз.Саяхатқа шықпас бұрын бізге не керек деп ойлайсыңдар
Балалар жауабы: Жолдорба, шатыр, дүрбі,күрек
Дұрыс айтасыңдар балалар


Тосын сый Білімпаз ата кіреді.

Балалар сендер іздеген заттар менде бар ал ол заттарды алу үшін мен сендердің білімдерінді саралаймын әр түрлі сұрақтар қойамын.
Жолдарбадағы тапсырма – Санға байланысты
санамақ айту.
Шатырдың тапсырмасы - 1 ден 6 ға дейін санау
тура кері санау.
Дүрбінің тапсырмасы – 1 ден – 6 ға дейін орыс тілінде санау.
Күректің тапсырмасы – ағылшын тілінде санау.
Ал балалар керек заттарды алдық олай болса саяхаттқа дайынбызба орманға барамыз.
2.Алдымыздан аю шықты аюдың тапсырмасын орындамасақ орманға кіре алмаймыз. Қонжықтарға құлпынайды сыйға беру


Балалар олай болса Ұйымдастырылған оқу қызметінде «7саны мен цифры»танысамыз
7 саны қасиетті сан, 7 саны тақ сан қатарына жатады, 6 санының оң жағындағы көршісі. 7 саны жеті бірліктен тұрады.Қазақта 3, 5, 7, 9 сандар киелі сандар мынадай халық аузында нақыл сөз бар: жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн

7 –қазын дегеніміз жігіттің өмірімен байланыстырылған жеті ырыс деген түсінік беру.
7 –шелпек бұл жұма күндері мұсылмандар үшін қасиетті күн бұл күні әр отбасында 7 шелпек пісіреді
Аруақтарға құран оқытылады.
кемпірқосақтың 7 - түсі бар.
Бір аптада неше күн бар - 7 күн бар. Түсіндіру

Сұрақ – жауап.

Түсіндіру

3. Балалар саяхатты жалғастыруға дайынбыз ба,алдымыздан қасқыр шықты қасқырдың тапсырмасы оқулықтағы тапсырмадан жасырынған сандарды табу.

4 - тапсырма
Балалар Маймылымыз шаршап қалған сияқты қане
сергіту сәтін жасайық

5 - тапсырма алдымыздан аю шықты аюдың тапсырмасы
7 санының құрамын жазу

6 - тапсырма Түлкінің тапсырмасы
Кемпірқосақ ойыны. Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрастырып, артына жазылған тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Ойын ойнау
Рефлексивті - түзетуші Балалар біз іздеп шыққан қазынаға өз білімдеріміздің арқасында жеттік.Міне қазына сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйға беремін.

Ал,балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Кездескенше күн жақсы
Сау саламат болайық Мадақтау

Мадақтау

Күтілген нәтиже:
Біледі: 7 санының жазылуын
Игереді: 7 саның құрамын жатқа жазу Тәрбие.орг сайтынан 7 саны мен цифры Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тілеубаева Алтын Ысқаққызы

Пікірлер: 0

avatar