Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
7- санын қосу және азайту
  • 26.11.2016
  • 155 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20221

7 санын қосу және азайту

Мақсаты: 7 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен таныстыру.
7 санының қасиеттілігін ұғындыру;
Сандар құрамы туралы білімдерін арттыру.
Тапқырлыққа, шапшандыққа , сауаттылықта тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесте, сурет, тірек сызбалар ,үлестірмелі кәртішкелер, логикалық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану.
Сабақ түрі: Ойын, сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық.
-Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимын
Математика сабағын
3. Жаңа білімді қабылдауға даярлық жұмыс
1-кезең «Менің орным қайда?»
-Бұл жерде нелерді көріп тұрсыңдар?

0 9 2 6 4 8 1 5 3 7 10 (сандарды)
-Санды немен белгілейміз?-Цифрмен
-Бұл жерде сандар өз ретімен тұр ма?
-Әр санды өз орнына қою керек
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
-Осы сандардың ішінде қасиетті, киелі сан бар ма?
3; 5; 7; 9
-Бұл сандар туралы не білесіңдер?
(Оқушылардың ойы тыңдалып,толықтырылады)
2-кезең.Оқушыларды топтастыру
-Қазір қай мезгіл?(Күз)
-Күз мезгілінің айларын айтайық.
1 топ «Қыркүйек»2 топ «Қазан»3топ «Қараша»
(Оқушылар 1,2,3,сандарын айтып топтасады)
Әр топ өз атын қорғайды,яғни әр айдың атаулы күндері бар?
3-кезең.Үй тапсырмасын сұрау.
-Өткен сабақ қай санды кестелік қосу мен азайту тәсілін үйрендік?(6санын)
-Үйге нешінші мысал берілді.(орындауларын тексеру)
Дәптер №2 таратылып бүгінгі күн,тақырып жазылады.
Жаңа сабақ.
Жұмбақ
1)-Қасиетті саным бар
Шалғыға өзі ұқсайды.(7)

2)-Олай болса ,бүгінгі біздің сабағымыз «7»-санын байланысты болмақ, Жоғарыда айтылғандай «7» саны қасиетті сан.
жарығы

керемет күн

шенде қазына

жұт ырыс

ата

3.7санын құрамын анықтау.
4.Оқулықпен жұмыс.
Түсіндіру жұмыс. 0 7 1 6 2 5 3 4
№1
А)7ге 7ні қалай қосу керек? 14тен 7-ні қалай азайту керек?
7+7꞊14
(7+3)+4꞊14

Ә) -Енді әр топ амалдарлды орындауда сайысады. Дұрыс және алғаш орындағанда асық беріліп отырады. Қай топ жылдам? Тақтаға үшоқушы шығады.
8+7 ꞊15 15-7 ꞊ 8 9+7 ꞊ 16 16-7 ꞊ 9
2 5 5 2 1 6 6 1

№2. «Кім шапшаң?» Теңдіктер құр

Тақтаға әр топтан 1 мүшеден шығып тапсырманы орындайды.
8+7 15 15-7 8
7+8 15 15-8 7

Үлестірмелі кәртішкелер таратылады

№3. «Тапқыр болсаң , талас жоқ» (Өзіндік жұмыс)

1 топқа 1 және 2-өрнектер 7+3+4 ꞊ 14 14- 4- 3꞊ 7
2 топқа 3 және 4-өрнектер 8+2+5 ꞊ 15 15-5-2 ꞊ 8
3 топқа 5 және 6-өрнектер 9+1+6 ꞊ 16 16-6-1 ꞊ 9

Алғаш орындаған тақтаға орындайды.

№4. «Кім жүйрік » жұптық жұмыс.

Шарты: шешу?
1-жәшікте-30кг (30+5)+30 ꞊ 65 кг
2-жәшікте-? 5кг арт
1және 2 жәшікте-?

Сергіту сәті.
Зеректікті байқау.
Мұғалімен қолымен шапалақтап қысқа әуен орындайды.Балалар оны қайталап неше рет қол соғылғанын байқайды. 7 рет

«Жеті»сөзіне топтар дыбыстық талдау жасау керек.
Жеті-2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс.
Ж- ұяң, дауыссыз
Е-жіңішке дауысты
Т-қатаң, дауыссыз
I-жіңішке дауысты

№ 6.7 сөзі бар мақалдың мазмұнын айту.
1. Жеті өлшеп бір рет кес.
2. Жеті жұрттың тілін біл,
3. Жеті түрлі ілім біл

Қортындылау. Үлестірмелі кәртішкеге жауап алу.

1-Бүгін біз не үйрендік? (7 санын қосу және азайту)
Сабақ ұнады ма ?
Ұнаған жерін және ұнамаған жерін стикерге жазып тақтаға қойыңдар.

2. Жеңімпаз топты анықтау. (асықтарын санап)
Әр топ бір-бірін бағалайды. Саусақ арқылы.
Белсенді балалар аталып мақталады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Есеп: (бес) 5 Мысал:6 Тәрбие.орг сайтынан 7- санын қосу және азайту Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтынбекова Гулмира

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: zhuldyz-saparbaeva | Ілмек сөздер: 7-, азайту, санын, және, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, қосу
Көрсетілім: 155 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar