Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
9 санының құрамы
  • 16.06.2016
  • 262 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19222

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (24.8Kb)

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Б.Алманов атындағы орта мектебі
Гүлжауһар Сәрсенбаева

Тақырыбы: 9 санының құрамы
Мақсаты:
а) білімділік: 9 санын қалай шығарып алуға болатынын талқылай отырып,
оның құрамы жайында түсінік беру және 9 цифрын жазуға
үйрету. Есептеу дағдыларын жетілдіру.
в)дамытушылық: Оқушыларды салыстыруға, ойлауға, талдауға үйрету.
Математикалық тілін дамыту.
с) тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, кеспе цифрлар, өрнектер, суреттер, сан құрамы.
Әдістері: Түсіндіру, талдау-жинақтау, салыстыру, көрнекілік, ойын.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Қара достым жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар.
-Біз математика сабағында нені үйренеміз?
- Санауды, есептеуді.
- Ендеше, балалар, сабағымызды «Өз орныңды тап» ойынынан бастайық.
Балаларға 10 көлеміндегі сандар таратылады. Балалар алдымен өсу ретімен, сосын кему ретімен орналасады..
- Қандай ретпен тұр?
ІІ. Үй тапсырмасы.
№ 4. Оқыту арқылы тексеру.
ІІІ. Өтілген материалға шолу.
«Үндемес» ойыны.
Тақтада үш бала 6,7,8 сандарының құрамын жазады. Қалған оқушылармен бірігіп «Үндемес» ойынын ойнау.(Мұғалім карточкамен көрсетеді, оқушылар жауабын алдарындағы цифрларды көтеру арқылы көрсетіп отырады.)
1) 2-нің алдындағы сан.
2) Ең жақсы баға.
3) 8 бен 10-ның арасындағы сан.
4) 4 пен 3-тің қосындысы.
5) 5 пен 2-нің айырмасы.
6) 4 + ...=6
7) 4 дегенім 3 және ...
8) 8 бен 1-дің қосындысы.
9) 7 - ... = 5
10) Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың. /9/
Ауызша 6,7,8 сандарының құрамын қайталау.
- 9 санын қалай шығарып аламыз?
- 8-ге 1-ді қосамыз.

Көркем жазу.
9 санын бір жолға жазу.
- 9 саны қандай санға ұқсайды? (6 санына)
Өз жазғандарыңның ішіндегі ең әдемі санды тауып астын сызыңдар.
Тақтаға 9 алманы іліп шетінен аудару арқылы 9 санының құрамын анықтау. (Алманың бер жағы қызыл, арғы жағы сары)

1
7
3
5
Оқулықпен жұмыс.
№1. Суретке қарап теңдіктер құру.
– Қосуға кері қандай амал?
Бірнеше оқушы тақтаға, қалғандары кеспе цифрлармен орындарынан құрастырып отырады.
№2. Практикалық жұмыс
9 >8
- Бұл нелер?
- Кесінділер.
№5. Оқулықтағы фигураларды атау.
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
№3 Өзіндік жұмыс. Оқушылар орындарынан салыстыруды орындайды.
Ойын «Қоянға сәбіз жинауға көмектес». Кезек-кезек шығады. Сәбіздің артында жазылған өрнектердің мәнін табады.
Шығармашылық тапсырма.
- Қандай түйме жетіспейді?
V. Бекіту.
9 санының құрамын қайталау./Хормен/
Ойын. Клоунға доптармен теңдік құрауға көмектесу.
Қорытынды.
-Біз бүгін не үйрендік?
Үйге тапсырма. №4. Тәрбие.орг сайтынан 9 санының құрамы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәрсенбаева Гүлжауһар Мұқасқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрлыс ауылы, Б.Алманов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 262 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar