9 саны мен цифры

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 556
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19604


2016-2017 оқу жылының жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрастырылды
САБАҚ: Математика
Мектеп: М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Кудрышева Ш.С.
Сынып: 1 «А»
Қатысқандар саны:
қатыспағандар:

Оқу мақсаттары • Натурал сандарды алу жолын біледі
• 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
• Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды
• +,-,* таңбаларын еске түсіреді
Сабақтың мақсаты 9 санымен, оны алу жолымен және құрамымен таныстыру, 9 цифрын жазып үйрету
Тілдік мақсаттар Сабақта «тоғыз» сөзін қайталап айтқызып жаттықтыру; Оқушылармен ойын ойнау; Оларға іштей санауды үйрету. Санау кезінде 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керекү Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады.

Бұған дейін алынған білім Сандық сәуле, тура және кері санау.

Ресурстар 1. Қалың қағаздан жасалған 9 жұлдызша;
2. цифрлар жазылған парақшалар;
3. белгі беретін тақтайшалар
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек, жаратылыстану, сауат ашу
Бағалау Бас бармақ арқылы топпен бағалау

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған шаралар Дереккөздер
Сабақтың басталуы
1. Салемдесу;
2. Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын МН = мұғалімге арналған нұсқаулық
МД = мұғалім дайындаған
БД = басқа дереккөздер
Сабақтың ортасы
Өткенді қайталау
1.Тура және кері ретпен 10-ға дейін санау;
2.2-5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға дейін, 9-дан 5-ке дейін санау:
3. «Жалғастырып сана» ойыны. бір оқушы 10-ға дейінгі бір санды айтады, екінші оқушы келесі санды айтып жалғастырады;
4. Кіріспе тапсырма
Түн болып аспанда жұлдыздар пайда болды (балаларға жұлдыздарды таратып беремін) аспанда бір жұлдыз пайда болды, екі жұлдыз пайда болды, аспанда үш жұлдыз пайда болды... аспанда ең соңғы жұлдыз пайда болды.
5.Тақтаға 9 саны жазылған парақшаны ілемін.
-Сандық сәуледе қай саннан кейін 9 саны орналасады екен балалар? (Тақтадағы сандар қатарына сүйеніп айтады).
Оқулықпен жұмыс.
-9 санын алу жолдары
-сөз құра
-Зымырандағы сандарды салыстыру;
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын

Жұптық жұмыс:
Шығарып көр. (ғарышкер қай зымыранмен ұшатынын анықтау. Жауабы екінші зымыран).
Жұмыс даптерімен жұмыс.
27-жұмыс парғы.29-бет.
28-жұмыс парғы. 9 санын жазып үйренеміз.30-бет.
Балалар әлемі сайты
Сабақтың соңы
Сабақтың соңында оқушылар:
• натурал сандар қатарынан 9 санын орнын таба алады
• 9-ға дейін тура және кері санай алады;
• 9 санын әртүрлі тәсілмен алуға;
• 9 цифрын жазуды меңгереді.
Стратегиялық сұрақтар:
1. 9 саны сан қатарының қай жерінде орналасқан?
2. 9 санын қалай алуға болады? ӘД Тәрбие.орг сайтынан 9 саны мен цифры Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кудрышева Шолпан Советбекқызы

Павлодар қаласы, М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar