Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
9 саны және цифры
  • 20.08.2016
  • 235 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19357

Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 9 саны және цифрымен таныстыру;
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дұрыс ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Өздігінен жұмыс жасай білуге, ізденімпазыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Натурал сандар қатары, кестелер, суреттер.
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
1) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
1) 8 санының құрамын анықтау
2) Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?
3) 8 саны қандай сандардан артық?
8>7 8>5 8>1 8>6 8>4 8>2 8>0
8 саны қандай сандардан кем?
ІІІ Мақсат қою кезеңі : тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ.
1.9 санын шығарып алу үшін не істейміз?
Математикалық диктант
2+7=9 9-2=7 9-7=2
3+6=9 9-3=6 9-6=3
8+1=9 9-8=1 9-1=8
Кесіндінің ұзындығын өлшеу, салыстыру
9см>8см 9см>7см 9см>6см 9см>5см
9см>4см 9см>3см 9см>2см 9см>1см
2. Салыстыр: 9*8 8*9
3. Қалып қойған сандарды ата
0 4 8

4. Теңдіктер құр. Оларды оқы.
1 + 7 = 8 8 – 7 = 1 8 – 1 = 7
4 + 4 = 8 8 – 4 = 4
Сергіту сәті. Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді - өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла
Кел, ойнайық та, ойлайық!
5.Дәптермен жұмыс: 9 9 99 99 99
V. Жаңа білімді бекіту.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз – деген мақалды еске ала отырып жазамыз.
9 қандай сандардан артық?
9 қандай сандардан кем?
Қосу,азайту амалына мысал құрастыру.
8+1=9 7+2=9 6+3=9 5+4=9
9-8=1 9-7=2 9-6=3 9-5=4
9-1=8 9-2=7 9-3=6 9-4=5
«Кім жылдам?» ойыны.
• Бір алманы төртке бөлдім,
Бір бөлігін жеп те көрдім.
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы үш досыма бердім,
Қолымда менің не қалды?( 0 )

• Оннан төртті алайық
Қанша қалды қарайық
Қарайық та санайық
Санайықта табайық ( 6)
• Асанда бар бес іні
Үсенде бар үш іні
Қоссақ бес пен үшті
Қанша болар шешуі ( 2)
• Аулада он үйрек
Қорада бес үйрек
барлығы неше үйрек ( 15
VІ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақ жауап әдісі
-9 саны қазақ ұғымында қандай сан?
-9саны тақ сан ба,жұп сан ба?
-9 мен 8 санының айырмашылығы.
VII. Үй тапсырмасы: 45- жаттығу
VIII. Бағалау: Тәрбие.орг сайтынан 9 саны және цифры Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймуканова Жазира Абилхановна

"Тоқанай бастауыш мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 235 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar