Қағаздан мозаика құрастыру. Еңбекке баулу 1 сынып

  • Жүктеулер: 60
  • Көрсетілім: 8138
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Ноя/2015

Жарияланған материалдың жеке номері: 11088


Қысқа мерзімді жоспар. Еңбекке баулу 1 – сынып

Сабақ тақырыбы

Қағадан мозаика жасау.

Мақсаты

Қағаз қиындыларынан, геометриялық пішіндерден құрастырып мозайка жасауды үйренеді. үйрену. Қағаздан тізбек жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен танысады. Қағазбен. Желіммен жұмыс істеуге үйрету.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар қайшымен, үшкір заттармен, желіммен, арнайы әзірленген дайын пішін, қалып үлгі бойынша жұмыс істеуді үйренеді, өзі ой қорытады.

Әдіс-тәсілдері

Жигсо, «Шеңбер бойымен әңгімелеу», Венн диаграммасы

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көрнекі құралдар

Негізгі ресурстар

Әр түрлі үлгілер, картон, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, жәй қарындаш, оқулық, суреттер.

Әдебиеттік оқу "Атамұра" баспасы 2014 ж.

Түйінді идея: Оқушылардың қызығушылығы, қиялы, ой – өрісі кенейтіледі. Қауіпсіздік ережесін сақтап, фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамытылады.

 

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылармен сәлемдесу. Қажетті оқу – құралдарды тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топқа бөлу

Шеңберге тұру:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

 

Пішіндер бойынша топқа бөлу.

Үй жұмысын тексеру

Шеңбер бойымен әңгімелеу. Қауіпсіздік ережесін қайталату

Геометриялық пішіндердің түрлерін айтқызу

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айтады.

Пішіндерді қайталап айтады

Жаңа сабаққа дайындық

"Қызығушылықты ояту "

  1. Мозайка дегеніміз не? Түсіндіру.
  2. Суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
  3. Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін көрсету.

 

Оқушылар топ бойынша өз ой-пікір- лерін айтады.

 

Пішіндерді атайды.

Жаңа сабақ

Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алып, олардың пішіндері әр түрлі болып келетіндігін үйрету.

Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып, қыйып құрастырады.

Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз

Міне біздер қандаймыз

Бірге ойнаймыз күлеміз Бөлінбейді іргеміз

Бірге балық аулаймыз Әрқашанда біргеміз

Орындарынан тұрып, қайталайды

Бекіту

Суреттер бойынша жұмыс жасату, қағаздан әр түрлі қиындылар қиғызу.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.

Топпен мозаикасын жасап, пішіндерді қиып алып, үлкен бөліктен бастап жапсырады. Оған ұсақ бөліктерді қосып, апликацияны безендіреді

 

 

Рефлексия

  1. Кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады? Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?
  2. Біз не жасауды үйрендік?

 

Қиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтып, жауап береді.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау

Топтар бір-бірін «От шашу», «Күлегештер» арқылы бағалайды.

 

Үй тапсырмасы

Мозаика жасап үйрену

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қағадан мозаика жасау.

Сабақ мақсаты:

1. Қағаз қиындыларынан мозайка жасауды үйрету. Геометриялық пішіндерден құрастырып үйрену. Қағаздан тізбек құрастыру тәсілдерімен таныстыру. Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Желіммен жұмыс істеуге үйрету. Арнайы әзірленген дайын пішін, қалып үлгі бойынша жұмыс істеуді үйрену.

2. Оқушылардың қызығушылығын, қиялын, ой - өрісін дамыту.Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамыту. Ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен, желіммен жұмыс барысында ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемшілдікке, еңбекке тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, түс суретін көрнекілеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі үлгілер, картон, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Қажетті оқу – құралдарды даярлау.

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шеңберге тұру:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

  1. Пішіндер бойынша топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру:

  1. Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту. Қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланамыз. Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар. Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар. Қайшыны дұрыс ұстаңдар. Қиған кезде қайшы бағытынқадағала.
  2. Геометриялық пішіндер дегеніміз не?
  3. Неге үшбұрыш, төртбұрыш деп аталады?

 

ІІІ. Мақсат қою:

  1. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мозаика жасау», геометриялық пішіндерден қандай құрамақ құрастыруға болатынын үйренеміз.

IV. Жаңа сабақ:

  1. Мозайка дегеніміз не? Түсіндіру.
  2. Суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған? Оларды ата.
  3. Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін.
  4. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.

V. Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз Міне біздер қандаймыз

Бірге ойнаймыз күлеміз Бөлінбейді іргеміз

Бірге балық аулаймыз Әрқашанда біргеміз

VI .Практикалық жұмыс:

  1. Суреттер бойынша жұмыс жасау.
  2. Қағаздан әр түрлі қиындылар қию.
  3. Топпен гүл мозаикасын жасау
  4. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.
  5. Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.
  6. Апликацияны безендір

VII. Қорытындылау:

  1. Кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады? Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?
  2. Біз не жасауды үйрендік?
  3. Қиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.
  4. Топтар бір-бірін «От шашу», «Күлегештер» арқылы бағалайды.
  5. Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма беру

Тәрбие.орг сайтынан Қағаздан мозаика құрастыру. Еңбекке баулу 1 сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садвакасова Толкын Солтанмуратовна

ШҚО Үржар ауданы "Благодарное орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar