Ақша қар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 498
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20568


Сабақтың технологиялық картасы
Сынып 2 А Мерзімі 02.12 2016ж Пән атауы әдебиет
Сабақтың тақырыбы З.Шүкіров. Ақша қар
Сабақтың тақырыптық орны
Сабақтың мақсаты Өлеңнің негізгі идеясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.
Міндеттері:
1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі Жаңа білім беру сабағы
Жұмыстың формасы Жаппай, топтық, дара
Оқыту әдісі Топқа бөлу. «Жүректен жүрекке», Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, ,сөздік, тәжірибелік жұмыс, салыстыру Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, қайталау.
Пед.технология Өздігінен меңгере білу
Оқыту модулі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Ресурстар /жабдықтар Оқулық, дәптер, суреттер
Са
Сабақ жоспары

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Құзіреттіліктер/
аспектілері
I Ұйымдастыру кезеңі(уақыты 1мин) Кезең міндеті: Оқушылардың сабаққа қатысып, әрекеттенуге жағдай жасау
Психологиялық дайындық.
Тыныштық сәті Күн, түс, ауа, бұлт өзгеріп, аспанда қара бұлт басып,лезде қар жапалақтап жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым.Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым.. Менің бойымда қуаныщ,шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға
толы сыныпқа ендім, Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма?- Жоқ
Балалар қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасындар балалар. Біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес, бір бірімізге жақсылық, мейірім,қүаныш сыйлайды.
Олай болса бір-біріміздің көңілін көтеру үшін қолымыздан ұстап бір-бірімізге жылу арқылы жақсы көңіл-күй сыйлайық.
Алақанымыз жылы.

Сәттілік біздер тілейік
Сен маған, мен саған
Күндей күліп жүрейік
Күннің нұрын төгейік
Мен саған сен маған
Бір бірін сыйлауға баулу
II Білімнің өзектілігі (үй тапсырмасын тексеру–5 мин)
Сұрақ-жауап арқылы Ұялы телефон әдісі топтар бір бірінен сұрақ дайындау.
III Мәселелі жағдайды туғызу,мақсатты тұжырымдау (мақсат пен міндетті орнату-3 мин)
- Ұйқас бойынша өлең құрау:
Аппақ ------ қар жауар,
----------------------- қуанар.
Аққала соғып, жарысып
--------- --------- балалар.
IV Жаңа материалды меңгеру (оқу міндеттерін орындау-13 мин)
Балалар, бүгінгі сабақта біз қар туралы, оның түрлері туралы айтып жатырмыз. Ендеше жаңа сабағымызды қарға байланысты екен.
- Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық.
Шүкіров Зейнолла (1927–1979)
Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанмен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік.
Тақтаға жазу. Топтастыру.
Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе
Сергіту сәті Қыдырып қайтайық видео қосу
Алғашқы түсініктерін тексеру-5 мин
ІІІ. Ой қозғау.
Әдебиет үйірмесі.
1—2- топ Жазушылар тобы. Сурет бойынша әңгіме құрау, жазу.
3-4 – топ Суретшілер тобы. Сурет салу.
5-6 топ Сілтеме табушы топ.
Мақал – мәтелдер жазу. Орындаған тапсырманы оқу, қорғау. Жазушылар тобы
Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу. Жағымды және жағымсыз жақтарын
Суретшілер тобы галереяға сурет салу

Бес жол өлең,
дәптерлерін алмастырады.. Қар
Ақ, мамықтай
Ериді, жауады, қатады
Далада қар жауып тұр.
Табиғат құбылысы

«Ақша қар» өлеңді жаттау.

Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадыңдар? Бағалау парақшасын толтырады. Тәрбие.орг сайтынан Ақша қар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Рысалды Муратбековна

ШҚО Курчатов қаласы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar