Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Айналайын, ақ анам !
  • 08.04.2016
  • 453 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18543

Айналайын, ақ анам !

Тәрбие сағаты

Мақсаты:

1.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту;

2. Оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

1бөлім:

«Ақ мама» әні күйтабақта ойналады. Оқушылар қолдарынан ұстасып кіріп, доға тәрізді тұрады.

Ұстаз мерекені ашып, өз жүрегінен шыққан ыстық ықыласын білдіреді.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.

Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейрім, асып төгілер мол қуаныш бар! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Айналайын, ақ анам!» атты мерекелік тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз:

Асылкең: Сәлем берем, халайық, қалың елім!

Дамир: Өнер сүйер қауымға сәлем бердім.

Бейбарыс: Күлкі толы керуенді ала келдім.

Барлық оқушы: Амансыздар ма, құрметті қонақтар!

Армысыздар ма, абзал аналар!

2.Көрініс «Қызыл телпек»

Қызыл телпек: Сейпіл Айару

Қасқыр: Нұралиев Мирас

Қызыл телпек: Менің атым Қызыл телпек. Әжемді қуанту үшін, көп гүл теріп алдым. Қасықырдың дауысы шығады. Ой, бұл түлкі ғой. Ол қорқынышты, тез барып ағаштың артына тығылайын.

Қасқыр: Қайда кетті Қызыл телпек, осында жүр еді ғой. Мұнда отырып күтейін, бәлкім қазір шығып қалатын шығар. Орындыққа отырып басына орамал тағып, тоқыма тоқып отырад).

Телпек: Ол кетті, мені табалмады. Сәлеметсіз бе әже?

Әжесі: Сәлеметсін бе қызым!

Телпек: Әже, әже, әже неге сенің құлағын сондай үлкен?

Әжесі: Сені жақсы есту үшін құлыным

Телпек: Әже, әже, әже неге сенің көздерін үлкен?

Әжесі: Сені жақсы көру үшін.

Телпек: Әже, әже, әже неге сенің қолдарын сондай үлкен болып кеткен?

Әжесі: Сені құшақтау үшін қарағым. Әжесі қызын құшақтайды.

Қасқыр: Әжелер қорықпандар, аналар тынышталындар, мен бүгін жақсы көңіл күйдемін. Мүлдем қорқынышты емеспін. Сендердің қыздарынды жемеймін. Себебі, мен шын түлкі емеспін.

1.Нұрболатова Ақбота:

Сегізінші наурыз

Келген кезі көктемнің

Босап бақша-бауымыз

Мұз, қар еріп кеткен күн.

2.Ахназар Ақбота:

Сегізінші наурыз

Жыл құсы ұшып жеткен күн

Тамшы жерге салып із

Жаңбыр жұпар сепкен күн.

3.Болатбэг Дамир:

Сегізінші наурыз

Күлімсіреп көктен күн

Елге ұсынып сары уыз

Елжіреп нұр төккен күн.

4.Махмут Мағжан:

Жоқ ешқандай дауымыз

Мерке ең жайдары

Өйткені бұл наурыз

Аналардың мейрамы.

5.Нұралиев Мирас:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

6.Сейпіл Айару:

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл ана мерекен.

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты берекең.

Мұғалім: Біздің сыныпта ақылы көркіне сай аруларымыз бар. Ендеше таныс болыңыздар. Музыка ойнап тұрады.

Асылбекова Динара Асылбековна – жауапкершілігі жоғары, белсенді оқушы. Динараның жан-жағындағыларды өз ісімен, қылығымен баурап алатын сиқырлы мінезі бар.

Ахназар Ақбота Муратжанқызы – сабақты жақсы оқиды. Іске ширақ, әрі пысық. Достары өте көп.

Ералиева Сабина Болатбековна – өз ойын еркін жеткізе білетін, жан-жақты білімді қыз. Ол зерттегенді, бақылағанды одан қорытынды шығарғанды ұнатады.

Есмұрзаева Әсел Құрманбекқызы – жанындағы достарының қуанышына қуана білетін ерке қыз. Әсел анасының қолғанаты, інісінің қамқор тәтесі.

Құдыретила Жанар Арманқызы – достарының арасында, ата-анасының алдында өзін ерке сезінетін, қылықты қыз.

Манарбек Айдана Динмухамбетқызы – елгезек, іскер, шығармашыл. Айдананың жүрегі жылылыққа толы, мейрімді, жаны нәзік қыз.

Нурболатова Ақбота Женисовна – тиянақты, тазалыққа жаны құмар қыз. Ол тапсырылған істі баяу, бірақ тиянақты орындайды. Ақбота киінгенді, сұлулықты сүйетін кербез қыз.

Рахметали Алина Мұратқызы – дос пейілді, басқаларға жаны ашығыш, мейрімді қыз. Мінезі өте жұмсақ, кішіпейіл.

Сейпіл Айару Азаматқызы – жауапкершілігі жоғары, сабақты жақсы оқиды.Айарудың жазуы өте тамаша.

Мұғалім: Иә, иә біздің қыздар осындай.

Мұғалім: Жігіттер білесіңдер ме? Бүгін аналардың мерекесі ғой.

Жігіттер: Әрине білеміз.

Мұғалім: Ендеше, аналар мерекесіне арнап билеп берсендер қалай болады?

Жігіттер: Ал жігіттер, орынымыздан тұрып бірге билейік

7.Манарбек Айдана:

Ана деген асқақ ән,

Орындайдын әр қашан.

Анандай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсын ешқашан.

8.Есмұрзева Әсел:

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

9. Рамазанов Азат:

Жүзімізге қарасаңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

10.Сырғалиұлы Аманәлі:

Кемеңгер, данасың.

Арқа тұтар панасың

Еңбегінді ақтаймын

Аман болшы, анашым.

3.Көрініс: «Үш ана» Айдана, Алина, Жанар

Мұғалім: Ертеде үш ана болыпты. Олар күн сайын үйіне су тасиды екен. Әбден шаршап қалған соң, отырып демалмақшы болды.

Бірінші әйел: Менің балам спортшы. Ол ешкімнен қорықпайды, үнемі жарыстардың бірінші орын алады. Баласы шығып өзінің өнерін көрсетеді. (Біздің жігіттер өлеңі қосылады)

Екінші әйел: Ал, менің балам биші. Тек сахынада жүреді. Ол билегенде халықтын қошеметіне бөленеді. Баласы билейді. (Қайтесін өзгені өлеңі өосылады)

- Сен неге үндемейсін?

Үшінші әйел : Мен ештене айтпаймын.

Баласы Мағжан: Анашым шаршап қалыпсыз ғой, мен сізге көмектесейін.

-Жүріңдер біздер де үйге барайық.

Мұғалім: Балалар, сендерге кімнің баласы ұнады?

Оқушылар: Үшінші әйелдің баласы ұнады. Себебі, ол анасына көмектескенді жақсы көреді.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар, адамның бойында ең бастысы анаға деген махаббат болу керек. Үнемі көмектесіп тұрсандар, аналарын сендерді мақтан тұтатын болады.

4.Ойын: «Ана мен бала»

Төрт ана мен оқушы шығады. Аналар көздерін орамалмен байлап қолдарыңның жылуы, махаббаты арқылы, өз баларын табуы керек.

Мұғалім: Рахмет, сіздерге аналар. Ендеше, сіздерді ортаға биге шақырамыз. Аналар билейді.

Мұғалім: Балалар, байқадындарма сендердің аналарын жан-жақты екен. Өлеңді де айтады, билейді екен.

Ойын: «Кім жылдам»

Мұғалім: Ендеше, жігіттермен ойнап көрейік.

Бірнеше бала шығып әуенге қосылып билейді. Музыка өшкен кезде орындықта тұрған гүлді шапшандықпен, бірінші болып анасына силау керек.

Мұғалім: Бәрекелді! Ал, балар аналарына тағы қандай жыр арнайсыңдар!

11.Асылбекова Динара:

Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да аялап,

Мерекесін тойлаймыз.

12.Жұмағалиев Шырақ:

Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам!

13.Құдретила Жанар:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Мұғалім: Енді біз ортаға қыз – қызғалтақтарымызды шақырамыз. «Қуыршақ» биі. Ақбота, Әсел, Сабина, Динара, Ахназар Ақбота

14.Кеңес Асылкең:

Қыздарды біз сыилаймыз,

Артық іске бармаймыз.

Мерекеде қыздарға

Жырымызды арнаймыз.

15.Ералиева Сабина:

Жайнап өскен қызғалдақ

Қыздар әсем ел гүлі.

Мерекеде көктемгі,

Құттықтаймыз сіздерді

16.Кыдырбаев Бейбарыс:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, жан анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын ақ анам.

17. Жорабек Мағжан:

Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақпарын,

Көп жасасын жақсы адам!

18. Жалгасов Медеу:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз, мейраммен

Құрметті аналар мен апайлар.

Мұғалім: Біздің жігіттердің аналарына деген тағы бір силығы бар екен.Ортаға «аралар» биімен барлық ұлдарды шақырамыз.

Мұғалім: Ертедегі аралар ұшып жүріп аналарына шын жүректен гүл сыйлады. Қызғалтақтай құлпырған арулар аналарын сыйлықпен қуантты.

"Құттықтаймын мама - туған күніңмен" әні орындалады

Қандай ғажап, қарашы жан-жағына

Күміс күлкі сыймай тұр залға мына

Аналардай бақытты жан бар ма екен?

Қол жеткізген, ансаған арманына

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тойларыңыз құтты болсын, о аналар!

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.





"Мирас" колледжінің 3-курс студенті: Жұман Алина Мунирқызы
Теміртау қаласы. Тәрбие.орг сайтынан Айналайын, ақ анам ! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұман Алина Мунирқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 453 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar