Айналаны жасыл желектендіру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 264
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21134


Алматы облысы,Ақсу ауданы , «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебім.д.ш.о.» к.м.м
Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С.О


Сабақтың тақырыбы:Айналаны жасыл желектендіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қоқысты қолдану, орынды тастау әдістерімен және өсімдіктерді дұрыс баптап өсіру тәсілдерімен таныстыру
2.Оқушылардың бойында аймақты тазарту және оны көгалдандыру саламатындағы практикалық білім мен дағдыларды дамыту.
3.Еңбексүйгіштікке , ұқыптылыққа үнемділікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: АКТ, сызба .
Сабақ барысы : Ұйымдастыру.
-Қоршаған ортамыз ластанып, көмекті қажет етеді. Кішкентай оқушылар болғандақтан біз қоршаған ортаны қалай таза ұстай аламыз ?
-Бірақ әр оқушы белсенді болып, өз үлесін қоса алады. Мекендеген өз ортасын таза ұстауға болады.
-Ауылымыз шағын болғандықтан мектеп,үй, аурухана айналасын қалай таза ұстауға болады. Мектеп айналасында қоқыстар көп пе ? Қандай ?
-Мектеп айналысында тазалық болу үшін не істеу керек ?
-Сыныптың тазалығын, таза ауада дем алу үшін қандай істер атқаруға болады?
-Мекемеде, сыныпта өсімдіктерді өсіру,күтіп , баптау шаралары қандай ?.
-« Қызықты дерек » айдары :Егерде 10- 15 жыл ішінде шығарылған қоқысты тазартпасақ, онда жердің жоғарғы қабаты 5 метр қалындықты құрайтын қоқыстар жауып кететінін ғалымдар болжап отыр.Санаққа шаққанда 1 жыл ішінде 1 адамға 150-ден -600 кг-ға дейін қоқыстар келеді екен.
-Қоқыс неше жыл өмір сүреді деп ойлайсыздар ?(Сызба арқылы көрсету)
-Қағаз - 2-10 жыл
-Консервалы банка -90 жыл
-Шылымның фильтірі- 100 жыл
-Полиэтиленді пакет-200 жыл
-Пластмасса – 500 жыл
- Әйнек 1000 жыл
-Қоқыстың мөлшерін қалай азайтуға болады ?
- Қорытынды:Азық- түлік алу барысында артында қалатын қоқыс жөнінде есіңізде болсын.Тұрмыстық қоқыстардың деңгейі азаю үшін үш негізігі ережені білуіміз керек:
1.Қажеттіліктерді қысқарту.
2.Оны қайтара қолдану.
3.Өңдеу қажет.
-Үйге тапсырма: -Әр оқушы өзінің отбасында неше қоқысты шығаратынын есептеп жазып келу Тәрбие.орг сайтынан Айналаны жасыл желектендіру Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова С.О

Пікірлер: 0

avatar