Айналдым,аруағыңнан,Бекет ата!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 464
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20831


Тақырыбы: Айналдым,аруағыңнан,Бекет ата!
Мақсаты: Жас ұрпаққа тар жол,тайғақ кешуді бастарынан өткізген ата-бабалар тарихымен таныстыру.Өмір жолыменен және рухыменен жығылғанға жебеу,сүрінгенге сүйеу,тарыққанға демеу болған ата қасиеттеріне сену.
Көрнекілік:Айналдым,аруағыңнан,Бекет ата! "Бекет ата","Жыр арқауы,Бекет ата" атты кітаптар.40 хадистер,газетшелер,карта , интерактивті тақта .
Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар қош келдіңіздер! Халық даналығы "Өлі разы болмай,тірі байымайды" деген.Бұдан ата-бабамыз шалқыған байлықты көксеген деген тумайды, ақыл-парасатты арман еткен.Сондықтан тәрбие сағатымыздың тақырыбын " Айналдым,аруағыңнан,Бекет ата!" деген тақырыпта таңдап алдық.
(Ата-аналарымздың атаға арнап пісірген жеті нанынан ауыз тиеміз)
Тәрбие сағаты 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: Бекет ата кім? Қай дәуірде өмір сүрген?
2-бөлім: Көненің көзі қарияларға құлақ түрсек.
1-оқушы:
Ашылмаған құпия бар тірлікте,
Әрбір адам зерттелмеген бір нүкте.
Бекет,Бекет дейді әркім әр жерде
Бірақ біздер оны терең білдік пе?
2-оқушы:
Бәрін құрттық одан қалған мұраны
Басқа болып кетті айтар жыр-әнім
Қазақтар-ай,ұмыттық қой әруақты,
Жауға шапсаң,Бекет те бір ұраның.
3-оқушы:
Билік болса кілең мықты,іріміз,
Сөз бермейміз бірімізге біріміз.
Қорыққанда,тарыққанда жебейтін
Естен шығып кетті көптен піріміз.
4-оқушы:
Тасын теуіп сықылықтар дәу жиен
Мен басымды ауырмай-ақ сауда ием
Ағайындар, осы Бекет емес пе?
Сырқаттансаң түнейтұғын әулиең.

5-оқушы:
Аңыз,шындық сен жайлы далаң толған
Қорғап жүрер жақсыңды жаман жолдан
Тау құзынан құлаған құрдасыңда
Иә,Бекет деп сыйынып аман қалған.
6-оқушы:
Қандай мәңгүрт еске алмайтын атасын?
Ұмыттыма ел абызының батасын?
Білесің бе?Бауырлар-ай неліктен
Сүрінсең де иә,Бекет деп жатасың.
Қазақстан картасынан Бекет атаның туған жері көрсетіледі.
Бекет ата Жем өзені бойындағы Ақмешіт деген жерде дүниеге келген.Маңғыстау топырағында өмір сүрген. Руы адай.Сәулетті шебер,көріпкел,әулие,би кісі болған.Атаның сүйегі Ақтаудан 300км,Таушық елді-мекеніне таяқ тастам 25 шақырым қашықтықта Оғыланды тауында жатыр.Өз әкесі момын,инабатты,шаруа болған.Хиуа шаһарында Бақыржан деген қажыдан дәріс алған.Ол кісінің әруағына бас ұрған әрбір адам атаның басына келіп,түнеп ауру-сырқауларынан айығып жатады.Ел ішіндегі атадан балаға жеткен Мәдинә да Мұхаммед,Түркістанда Қожа Ахмет,Ердің соңы бір Бекет."Адай қазақ қорықса Бекет дейді,Бекетте айтқандарын екі етпейді" деген қанатты сөздерден Бекет ата тұлғасын көруге болады.
Интерактивті тақтадан Бекет атаға арналған жыр-терме тыңдалады.Ақмешітте орналасқан мешіті Оғыланды зираты көрсетіледі.
Атаның 7 атасы сызба түрінде көрсетіледі.
2-бөлім.Көненің көзі қарияларға құлақ түрсек.
Айналдым,аруғыңнан,Бекет ата!
Дарысын ұрпағыңа берген батаң.
Бойыма таусылмайтын қуат алып,
Қалдырған дәм-тұзыңды елден татам.
Ата-ана: "Ниетің құбыла болмаса" атты әңгімесі түсіндіріледі.
Канадалық қазақтар жұмыс бабымен Бекет атаның басына баруға жете қоймайды.Аттанар алдында "Асығыс болсақта Бекет атаға соға кетелік" деген.Оғыланды тауының үстімен ұшып бара жатып,жекеменшік ұшақтарын жерге қондыруға әрекет жасайды.Алайда,алай-дүлей дауыл,құм борап ұшақты қондыра алмайды.Көп әуреге түседі.Арнап келмегесін,ат үсті кетіп бара жатырған қандастарымызды әулие қабылдамапты.Бекет ата,жақтырмай жатыр.Келесі келгенде бір реті болар- деп кейін қайтыпты.
7-оқушы:
Айықтым ада болып талай дерттен
Киелі құдіретіңнен маған жеткен.
Қаншама қасиет бар бір өзіңде
Адамның жан сезімін елжіреткен.
Мұғалім: "Атаның арқары" әңгімесі өмірмен байланыстырылып түсіндіріледі.
Ата бейітінің айналасындағы аң-құстарды атуға,асып жеуге болмайды.Бекет атаның өзі бағып өсіреді екен.Бір әдісқой әккі аңшы арқарды атпақ болғанда өзіне тиіп кете жаздаған,екінші рет атқанда оқ далаға кеткен.Бұл Бекет атаның соңғы ескертуі екен.Үшінші рет атқанда оң көзін ағызып түсіреді.Бекет атаны балағаттап,өз басымен қайғы болып жүгіре жөнелем дегенде бір темірге сүрініп қалып аяғын сындырып мәңгілік мүгедек болып қалған.
8-оқушы:
Бекет ата қасиетті бір есім,
Қайда барсам қасымда сен жүресің.
Жоқ деп сені айта алмаймын ешқашан
Жүрегім мен санамда өмір сүресің.
Бекет атаның "Зауал" әңгімесі түсіндіріледі.
9-оқушы:
Бір өзің бас иетін көбейді ел
Жаным жүдеп,жабырқасам жабай гөр,
Тайғақ кешу,тар жерлерде,уа,бабам,
Жар бола гөр,қолтығымнан демей көр.
Ата-ана: "Өсиет" әңгімесі түсіндіріледі.
10-оқушы:
Ақмешіт – ақ жарқын жүз бабасың сен
Ақмешіт – ақ жаулықты анасың сен
Ақмешіт – биік төбе басындағы
Халқыңа қиналғанда панасың сен.
Мұғалім:"Мешіттен дүние алам деп" деген әңгімесі түсіндіріледі.
Ертеректе бір топ кісі Оғыландыдағы Бекет ата мешітіне зират жасау үшін аттылы-есекті жолға шығады.Шаршап- шалдығып кісілер келген соң демалып,ата ақша мен дүниеге мұқтаж емес дұға болмаса деп мешіттегі қыруар ақша мен заттай бағалы нәрселерді ала жүреді.Бұл іс-әрекеті жолдастарына ұнамайды,бірақ ешқайсысы ештеме демейді.Жолшыбай әлгі топ басшысы түс көреді.Түсіне ата енеді: -Мешіттен алған ақшалар мен заттар саған тиісті емес.Кері қайтар,орнына қой.Орнына қойсаң 15 күнде,қоймасаң 3 күнде жаныңды алам -деген.Көрген түсін жолдастарына айтады.Жолдастары: -Кері апар,кешірім сұра ,атадан –дейді.15 күннен соң ол адам өмірден қош айтысады.
11-оқушы:
Дүние таңғажайып бір кең сарай,
Тоймайсың қызығына қарай-қарай,
Дүниенің қожасы мен болам деген,
Адамдар дүниеден өтті талай.
Ата-ана: "Сүрінгенді сүйеген" атты әңгімесі
12-оқушы:
Сенер оған кез-келген жан даланы
Қалың қарда бұл жай жиі болады
Иә,Бекет деп көрші сол сәт сыйынып
Киесі оның сені жолға салады.
"Атаның арқары" әңгімесі түсіндіріледі.
13-оқушы:
Жүрегімді гүл етіп алып қолға
Жалаң аяқ жол кештім барар жолда
Дұға оқыдым,бас идім мәйітіне
Мені дағы, уа,әруақ өзің қолда.
Мұғалім: "Атыңды ұмыттым,Қазақ ата" аңыз әңгімесі түсіндіріледі.
Қорытынды.Бекет атаның басты құдіреті осында.Өйткені тірісінде қиянатқа жол бермес әділдіктің,күпірлікке жол бермес адалдықтың,парасаттылықтың,инабаттылықтың,дос пен дұшпанды мойындатқан адам.Өткенде жақсылардың барын сенген,өзі де жақсы болуға тырысады.Осындай жақсы тілегімізді,жақсы тілімізді еститін жақсы құлақтар,жайсаң жүректер көбейе берсін!
Көзі тірісінде көпшілік ықыласына бөленген Бекет ата пайғамбар жасында 63 жасында дүниеден озыпты. О, дүниеге аттанар алдында мынадай өсиет айтыпты,Өсиетінде Оғыландыға жерлеңдер- деп тапсырыпты.-Қашан қиын жағдайда болғанша атымды атай көрмеңдер.Ауыр халде ауыздарыңа алсаңдар,әруағым жар болып жүрер-деп көз жұмды.Әлсізге медет,күштіге айбар,зарыққанға жебеу,тарыққанға демеу,асқанға тосқан,сасқанға сая,ұрпаққа ұстаз,ел иесі,жер киесі пір атаға қанша тағзым қылсаңда артық емес деп білеміз.Баршаңызды әрдайым Бекет ата аруағы қолдай берсін!Әумин!
Жүрегімнің жалынымен жазамын
Рухыңа таза тілек,таза мұң,
Әруағыңды ,ардақтайды, адайың,
Қасиетіңді қадірлейді,қазағың. Тәрбие.орг сайтынан Айналдым,аруағыңнан,Бекет ата! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қарабатырова Қалимаш

Пікірлер: 0

avatar