Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қайталау
  • 13.03.2016
  • 396 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17742

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ойын сабақ.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, сөзжұмбақ,қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,сөзжұмбақ,математикалық жұмбақтар,геометриялық пішіндер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Күлімсіреп,сәттілек тілеп,
Біз сабақты бастаймыз!
2.Өткенді пысықтау: « Аквариумға балықтарды орналастыр»
8 4 10 6
10-2 6-2 5+5 10-4
3+5 8-4 1+9 3+3
7+3 2+4

3.Жаңа сабақ.Қайталау.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, оның ерекшелігі бүгін бізге қонақтар келіп отыр,сабағымыз ойын түрінде өтеді,математикадан көптеген есептер шығарамыз.
- Балалар алдымен дәптерімізді ашып бүгінгі ай - күнді жазып алайық.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
4.Оқулықпен жұмыс.1-сынып.
а)Ағасы 10 жаста,ал інісі 3 жаста.Інісі ағасынан неше жас кіші?
10 ? 3
ә)Ағасы 10 жаста,ал інісі одан 7 жас кіші.Інісі неше жаста?
10 7 ?
Тез есепте:2-сынып.
76+14 60-35
48+32 67+3
100-22 30-3
Математикалық жұмбақтар:1-сынып
1.Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Қоссаң егер екеуін,
Болып шығар қанша саусақ?10
2.Оң жағымда 10 үйрек,
Сол жағымда 10 үйрек.
Қоссаң егер барлығын,
Болып шығар неше үйрек?20
2-сынып
3.Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.24
4.Жасыл шардан жетеу алдым,
Қызыл шардан екеу алдым.
Сары шардан бесеу алдым,
Сонда бәрі нешеу алдым?14
2. 1-сынып.Азайғышы мен азайтқышы тең болатын айырмаларды жаз.Мәнін тап.
2. 2-сынып.Су қоймасында 16 үйрек және 14 аққу жүзіп жүрді.12 құс ұшып кетті.Су қоймасында неше құс қалды?
Сөзжұмбақ.
1.Барлық қабырғалары тең геометриялық фигураны ата.Шаршы
2.3 бұл не?Сан
3.Ненің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады?Есеп
4.10,20,30 бұл қандай сандар?Ондықтар.
1-сынып.
Жасырынған санды тап:
10 30 60 80 90
20 40 70 90
2-сынып.
Теңдеуді шеш:
32+х=40+3+2 5+у=90-50-20
Сергіту сәті.
Сипап сезу арқылы геометриялық фигураларды ажырату.
Логикалық есептер.
1.20 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? 2 бала.
2.Ағашта 10 қарға отыр, тағы 2 қарға ұшып келді.Ағашта барлығы қанша қарға болды?12
3. Жағаға дейін қаз тез жүзе ме,әлде әтеш пе?қаз
4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Мақалды жалғастыр.
Білекті бірді жығар,
........................................
Жүзден біреу - шешен,
.......................................
Жүз теңгең болғанша,
.....................................
Батыр бір рет өледі,
..................................
Қорытынды.
1-наурыз «Алғыс айту» күні.
Үйге тапсырма:
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Қайталау Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалиева Айнаш

Атырау қаласындағы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: edishova
Көрсетілім: 396 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar