Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қайталау. (9 санын қосу мен азайту)
  • 27.06.2016
  • 557 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19251

Пәні: математика сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (9 санын қосу мен азайту)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 9 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтау, қарапайым әріпті өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру, екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауда, ойын қорытып айта білуде сөздік қорларын арттыру. Берілген есептеулерді салыстыра білуде, шығармашылық жұмыс түрлерін орындауда ойын түрлері арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ортасын сыйлай білуге, ұқыптылыққа, тазалыққа,жол ережесін сақтауға, қауіпсіздік ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Көрнекілігі: Оқулық, қосу, азайту кестесі, теңдеуді шешу үлгісі, ойын түрлері, суреттер, геометриялық фигуралар, сандықшалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Балаларды топқа бөлу.
І топ «Тапқырлар»
ІІ топ «Алғырлар»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. №6 «Зымыран сұрақтар»
-Балалар сендер үйлеріңе қонақ келгенде не істейсіңдер?
-Сәлемдесеміз, төрге шығарып, қошеметтейміз,қал жағдайын сұрап, шәй береміз.
-Дұрыс. Біздің қазақ халқы – қонақжай халық. Бүгінгі біздің жарысымызды тамашалауға қонақтар келіпті. Сол қонақтармен амандастық, төрімізден орын бердік. Енді ол кісілерге шай берейік. (Әр топтан оқушылар кеседегі сұрақтарды оқып жауап береді)
«Қонақ күту» ойыны. Кеселердегі жазылған сұрақтарға жауап алу.
1. Қандай сандарды екі таңбалы сандар дейміз?
2. Бірлігі екі болатын екі таңбалы сандарды ата және жікте.
3. Ең үлкен екі таңбалы санды ата
4. Толық ондықтарды ата. Бұл сандарды тағы қалай атаймыз?
5. Берілген сандарды ата. 6 онд.9 бірлік,3 онд.8 бірл.
6. 100 санын жазып көрсет.
«Сыйлық алу»
- Келген қонағымыз бос келмей, бізге сыйлық ала келіпті.
- Машина айдағанды ұнатасыңдар ма?
- Ал сендер жол ережесін білесіңдер ме?
- Жол тәртібі туралы не білесіңдер?
Тапсырмаларды орындаған бала геометриялық фигураларды сандықшаға жинақтайды.
Жақсы орындаған оқушыға машина сыйға беріледі.
-Сабаққа дайынбыз ба? Олай болса санға 9-ды қосу, азайтуды қайталауға есептер шығарамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Көркем жазу
2. Қосымша тапсырма. Парақшалар таратылады. 2 минут беріледі.
«Үндемес» ойыны.
Сандардың қосындысы: 11, 12, 15, 16, 17, 18
Оқулықпен жұмыс. «Көлік жүргізу» ойыны
№1. Теңдеуді шешу. (3-оқушы тақтада, қалған балалар орнында орындайды)
х + 9 = 18 18 – х = 9 х – 9 = 9
(Шығарған, орындаған оқушыларды бағалау).
№2 Өрнекті жаз. Мәнін тап. ( Әр топтан 2-оқушы шығады, қалғандары орнында орындайды)
а) 9 + а, мұндағы а = 80; 9
ә) а – 9, мұндағы а = 89; 18
(Орындаған оқушылар бағаланады)
ІҮ. Сергіту сәті.
Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауар себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек. (Қимылмен көрсету)

Ү.Танымдық есеп.Қосылғыштары бірдей бір таңбалы сандарды өсу ретімен жазу (1-топ), айырмаларын екінші бағанға жазу (2-топ)
1-топ 2-топ
1 + 1 = 2 6 + 6 = 12 2 – 1 = 1 12 – 6 = 6
2 + 2 = 4 7 + 7 = 14 4 – 2 = 2 14 – 7 = 7
3 + 3 = 6 8 + 8 = 16 6 – 3 = 3 16 – 8 = 8
4 + 4 = 8 9 + 9 = 18 8 – 4 = 4 18 – 9 = 9
5 + 5 = 10 10 – 5 = 5
№ 37 Ауызша. Есептің шарты, сұрағы оқылады. Талқыланады.
Демек, 18 – (7 + 7) = 4 (м)
(18 — 7) – 7 = 4 (м)
Жауабы: 11 метр сым қалды.
Орындаған балаларды бағалау
№ 4. Жазбаша.
Түсіндіре отырып орындау талап етіледі.
1-топ 2-топ
Әкелді -16 кг Әкелді – 16 кг
Жұмсады-5 және сонша Жұмсалды – 5 кг
Қалды - ? кг Қалды - ? кг
Шешуі: 16-(5+5)=16-10=6 Шешуі: 16-5=11
Жауабы: 6 кг қалды. Жауабы: 11 кг қалды.
Орындаған балаларды бағалау
ҮІ. Жұмбақ шешу.
Егер «Т — дан» бастасаң, санмын.
«Т — ны» алып тастасаң, жаумын. Шешуі: төрт — өрт.
Өрт қауіпсіздігі туралы айту.
ҮІІ.Логикалық есеп.
Шешуі: 1-ші балада 4 алма, 2-ші балада 6 алма болған
ҮІІІ.Қорыту.
Бүгінгі алған білімді тиянақтай келе, орындаған жұмыс түрлерін еске түсіру.
Біз қандай тапсырмалар орындадық?
Теңдеуді шешу
Өрнектің мәнін табу
Танымдық есептер
Есепке шарт құру, салыстыру
Ойын түрлері
Ондықтан аттап қосу, азайту
ІХ.Рефлексия.
Х.Бағалау
Әр оқушы өзін – өзі бағалайды Әр топтың топ жетекшісі жинаған бағаларды есептейді.
ХІ.Үйге тапсырма: №5 Ондықтан аттап жылдам қосу, азайтуға есептер шығарып жаттығу.

ОҚ облысы, Мақтарал ауданы
Қ Аманжолов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Сансызбаева Айгуль Сейдуалиевна. Тәрбие.орг сайтынан Қайталау. (9 санын қосу мен азайту) Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сансызбаева Айгуль Сейдуалиевна

ОҚ облысы, Мақтарал ауданы Қ Аманжолов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: zauremaksutova70
Көрсетілім: 557 | Жүктеулер: 2 | Пікірлер: 1
Барлық пікірлер: 1
avatar
1
Әдіс-тәсілдеріңіз қызықты  екен. Сабағыңызда  нәтижелі  өтуіне  тілектеспін!
avatar