Қайталау.Уақытты табуға берілген есептер.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1244
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 16/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19019


Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы
№4 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ешниязова Сабиля
4 класс математика
Тақырыбы: Қайталау.Уақытты табуға берілген есептер.
Мақсаты: оқушыларды уақытты табуға берілген есептерді шығару жолымен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:топтық жұмыс,түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: слайд, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер, постер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топтарға бөлу
1-топ- «Жылдамдық»
2-топ- «Уақыт»
3-топ- «Қашықтық»

Психологилық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6
1005*2*40
96000:12-4000
20100*4:1
64000:800*25
45000:15*2
7200:60*50

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Сәйкестендіру арқылы жасырын сөзді тап
1.Бір өркешті түйе 2 сағатта 90 км жүріп өтті. Түйенің жылдамдығы қандай? (45км/сағ)
2.Заузақоңыз 11км/сағ жылдамдықпен 2 сағ ұшты. Қоңыз қандай қашықтықты ұшып өтті?
(22км).
3.Ұлу 30 дм/сағ жылдамдықпен 2сағ жорғалады. Осы уақыт ішінде ол қандай қашықтықты жүріп өтті? (60дм)
4. Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.(120м)
5. Мотоциклшы 150км жолды 5 сағатта жүріп өтті. Жылдамдығын тап. (30 км/сағ)
1 22км 2 120 м
3 45 км/сағ
4 30 км/сағ
5 60 дм

Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа сабақ: Түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
Жеңіл машина 50км/сағ жылдамдықпен 300 км жол жүрді. Автокөлік жолда қанша уақыт болды?
Ш: 300 : 50 = 6(сағ)
Ж: 6 сағат жолда болды

v – жылдамдық
t – уақыт
s – қашықтық t = s : v
Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.
№1 Ітоп
V– 70 км/с
S– 280 км
T- ? сағ
Ш: 280 : 70 = 4(сағ)
Ж: 4 сағат
№ 2(а) ІІ топ
V– 14 м/с
T- ? с
Ш: 84 м : 14м/с = 6 с.
Ж: 6 секунд

№2(ә) ІІІ топ
V – 60 км/сағ
S – 720 км
T - ? сағ
Ш: 720 : 60 = 12 (сағ)
Ж: 12 сағат
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 3. Есептер құрастыр және оларды шығар. Топтық жұмыс.

t = 240 : 60 = 4 (сағ) s = 82 ∙ 3 = 246(км) t = 200 : 50 = 4 сағ t = 6000 : 300 = 20сағ

№ 4. Түсіндіріп шығару.
9 жинақта – 2925 үлкен түйме Ш: 3720 : 8 – 2925 : 9 = 140
8 жинақта – 3720 кішкентай түйме, қанша кем Ж: 140 түйме кем
«Кім алғыр?» ойыны
Шарты: кестеден математикалық термин сөздер шығару

№ 5. Шығармашылық жұмыс. Кестені толтыр.
№ 7. Топтық жұмыс. Салыстыру.
№8
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте
21га = 210000м2
345009 кг = 3 45 т 009кг
65036 см = 6503дм 6см
45000см = 450000мм
310000кг = 3100ц = 310т
45000 жыл =450ғ.
Логикалық тапсырма. № 9.
ҮІ. Сабақты қорыту.
1.«Иә - жоқ» математикалық ойыны
1. Екі жағы шектелген түзу сызық сәуле. (Жоқ)
2. Уақытты табу формуласы- t= s : v ( Иә)
3. 2 класс бұл миллиондар класы (Жоқ)
4. Ауданын табу үшін ұзындығына енін көбейтеміз.(Иә)
5. 10 бірлік мың=10000 (Иә)
6. Жылдамдықты табу үшін V= S: t формуласын қолданамыз.(Иә)
7. 1 км де 10000 метр бар (Жоқ)
8.Уақыттың өлшем бірлігі сағат.(Иә)2. Әр топ постерді қорғайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 6. 73- бет. ҮІІ. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Қайталау.Уақытты табуға берілген есептер. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ешниязова Сабиля

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы №4 орта мектебі бастауыш класс мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar