«Аюға қонаққа барамыз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 775
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19526


Жамбыл облысы
Талас ауданы
Талапты ауылы
Дания балабақшасы
Сельтаева Нұргүл Бауыржанқызы
Денешынықтыру жетекшісі

Білім беру саласы:Денсаулық, таным.
Тақырыбы: «Аюға қонаққа барамыз».
Мақсаты:Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалап,дәстүрлі емес құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы денсаулықтарын нығайту.Қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:,түсті шашақтар,массажды кілемшелер,таяқшалар және т.б. ойынға қажетті заттар.
Билингвальды компонент :аю-медведь,күн-солнце,бал-мед,қар-снег.

Балалар шеңберге тұрады.Қонақтармен үш тілде амандасады.
-Балалар,біздің топқа хат келіпті. Кәне,ашып көрейік,хат кімнен келген екен?
Хатты кім жібергенін білу үшін,мен сендерге жұмбақ айтамын, сендер жауабын тауып көріңдер.Шешуін тапсаңдар,хат кімнен келгенін білесіңдер.
Жұмбақ.
Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін.
(Аю)
-Дұрыс айтасындар,хат аюдан келген екен.
-Балалар,аюды орысша қалай атайды?
-Медведь.
-Жарайсындар,балалар.Мен хатты ашып оқиын,сендер мұқият тыңдандар.
Хатты оқу.
Сәлеметсіндер ме, балалар?Қалдарың қалай? Мен аздап ауырып қалдым. Орманда жалғызбын,жанымда басқа аңдар да жоқ ,сендерден көмек сұраймын.Маған қонаққа келулеріңді өтінемін.Сәлеммен аю.
-Аюға көмектесуге барайық па?
-Иә,барайық.
-Балалар,біз орманға аюға бару үшін,ұзақ жол жүреміз.Жолымызда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін.Кедергілерден дұрыстап өтуіміз қажет,сондықтан денемізді шынықтырып алайық.
-Балалар,мына шашақтармен жаттығу жасаймыз.
Жан-жақты дамыту жаттығулары.
Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Тыныс алу жаттығуы: «Шашақтарды үрлеу».
-Жарайсындар,балалар.Кәне балалар,мұрнымызбен дем аламыз,аузымызбен дем шығарып,шашақтарды үрлейміз
Енді балалар ормандағы аюға мына жолмен барайық.
Жолмен жүру(«жұлдызқұрт»)
Мақсаты:балалардың табанына массаж жасау үшін және майтабандылықтың алдын алу.Қан айналымын жақсартады.Аяқ бұлшықеттері мен буындарын жетілдіреді.
-Балалар,мына кедергілердің арасымен айналып жүріп өтеміз.Таяқшалардан қос аяқпен секіріп өтеміз.
-Жарайсындар,балалар .шаршаған боларсындар,енді аздап дем алып алайық.
Тыныс алу жаттығуы: «Бөтелкедегі жел»( Ветерок в бутылке )
Мақсаты:Тыныс алуды жақсарту үшін қолдану.
-Балалар, біз дем алдық,енді ары қарай жолымызбен жүрейік.(қарындаштардан жасалған жол)
-Балалар,қараңдаршы,мына іздер аюдың ізі сияқты,біз орманға таяп қалған сияқтымыз.Кәне, осы іздермен жүрейік.(түйме тігілген іздер)
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
-Міне, балалар,біз орманға аюға келдік.
Аю:-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Аю,біз саған көмекке келдік. «Шынықсаң,шымыр боласын»дегендей жаттығулар жасасан,сергек боласын.Балалар ұзақ жол жүрді,олар шаршады, отырып аяқтарына жаттығу жасап алсын,
кел,сенде бірге жаттығулар жаса.
Таяқшаларды аяқтарымен домалату.
Мақсаты:майтабандылықтын алдын алу.
-Енді,қолымыздың қимыл-қозғалысын жақсарту үшін,саусақтарымызға жаттығу жасайық.
-Балалар мынау не?
-Күн.
-Орысша қалай атаймыз?
-Солнце.
«Күн» қол-саусақ қимылын жаттықтыру үшін арналған жаттығу.
Мақсаты:балалардың саусақтарын жаттықтыру. Қолдың қимыл-қозғалысын жақсарту үшін.
-Балалар,енді арқамызға жаттығу жасайық.
Тренажер «Пружинка» (арқаға арналған жаттығу )
Аю:-Балалар, менің көңілім көтеріліп қалды.Егер жаттығу жасасан,сергек болады екенсін.Мен өзім білетін жаттығуды сендермен бірге жасағым келіп тұр.
Жаттығу «Бір оңға, бір солға»

-Жарайсындар, балалар.Қай мезгіл болады?
-Қыс.
-Орыс тілінде қысты қалай атаймыз?
-Зима.
-Қыста далада не жатады?
-Қар.
-Қарды орысша қалай айтады?
-Снег.
-Жарайсындар, балалар.
Аю:
-Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Қар лақтыру»
Шарты: «қар түйіршіктерін» бір-біріне лақтырып ойнайды.
Мақсаты:балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру.Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
-Балалар,аю нені жақсы көреді?
-Балды.
-Орыс тілінде балды қалай атаймыз?
-Мёд.
Аю:дұрыс айтасындар,мен балды жақсы көремін.
Денсаулық үшін балдың пайдасы мол.Мен сендерге сыйлыққа бал беремін.Күн де суытты.Қыста сендер ауырмау үшін,балды сүтке қосып ішіндер.Келгендеріне рахмет,менің көңіл-күйім көтерілді,мен енді денсаулығым үшін үнемі жаттығулар жасап жүремін.Сау болыңдар!
-Балалар,енді келген жолымызбен тобымызға қайтайық.
-Балалар, біз кімге қонаққа бардық?
-Қандай жолмен жүріп бардық?
-Бізге қандай пайдасы бар?
-Алдымыздан кезіккен кедергілерден қалай өттік?
-Бүгінгі ойын іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Балаларды мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан «Аюға қонаққа барамыз» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сельтаева Нұргүл Бауыржанқызы

Пікірлер: 0

avatar