Ғ.Қайырбеков. Комбайншы.

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1324
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19067


Пәні Әдебиеттік оқу 23- сабақ уакыты 10.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы Ғ.Қайырбеков. Комбайншы

Сілтеме Оқулық, әдістемелік нұсқаулық, оқыту әдістемесі
Мақсаты Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. Жер – Ананың адамға берер пайдасы туралы айту. Топпен жұмыс жасауға, бір – бірін тыңдай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді. Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады,
Сабақтың түрі жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс өзін-өзі тану, дүниетану.
Әдіс тәсілдер « Жоба қорғау технологиясы», Диалогтық оқыту, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарындылығын анықтауға сюжетті ойындар...
Керекті жабдықтар Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер,ұялы телефон,ноутбук
Сабақтың барысы
Тапсырма түрлері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Топқа бөліну: Мамандық бойынша оқушыларды шағын топтарға бөлу.
Дәрігер
1. Егінші
2. Сауыншы

«Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы тілек айтады.
Мамандық бойынша топқа бөлінеді
Тұсау кесер
Үй тапсырмасы
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізу
«ДЖИГСО» әдісі.
А) мысалды мәнерлеп оқу.
Ә)Топпен жұмыс:
-Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекеттерін сипаттайтын мақал-мәтелдер дайындайды.
-Шегіртке мен құмырсқаға
«5 жолды өлең» құрастырады. Мұғаліммен әрекетке түседі.
Қойылған сұраққа жауап береді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады
Негізгі бөлім

Білу
Ой толғаныс
Жұмбақты шеш:
Болат пышақ
Тұрмас жерге байламай,
Күміске ұқсап
Жарқырайды айнадай.
Бұл не?
- Комбайншы деген кім? Топтастыру әдісі арқылы өз ойларын айтады,өмірмен байланыстырады.
Топпен талдайды.
Түсіну
Автор туралы қысқаша түсінік беріледі.
Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
- «Комбайншы» өлеңі не туралы болуы мүмкін?
Тірек сөздер: егінші, нан, қасқыр, жер жырту, тырмалау,, тұқым себу, қара бидай, баулау керек, маялау, диірменге апару, ұн ғып тарту керек, қамыр ашыту, пісіру Әр топқа талдау жұмысы беріліп, топта талқылайды.
-Ұннан жасалған тағамдар
-Қазақтың дасатарханы, ұннан жасалған тағамдар
Қолдану
Пікірталас Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді оқыту
а) өлеңді іштей оқыту.
ә) өлеңді тізбектеп оқыту
-Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсыңдар? Пікірлеріңді дәлелде.
- -Нанға қатысты сөздер тауып жаз. Ас атасы –нан.
Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.
Топтар өлеңді оқып, мазмұнын ашады.
Сергіту сәті
Талдау
Топпен жұмыс 1 – топ: Комбайншы еңбегі
2 – топ: Нанның келу жолы
3 – топ: Жер – Ана адамдарды асырап келеді. Жер жемісін бермесе аштық болады. Аштықты болдырмас үшін сен не істер едің? Сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, топпен жарысады.

Жинақтау (Кері байланыс орнату.)
-Бұл өлеңнің негізгі мазмұны не?
-Нанды құрметтеу ережесін құра. Өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді,
Жұппен өзара талдау жасайды.
Үйге тапсырма Өлеңді оқу. Комбайншы еңбегі туралы әңгіме құрастыру
Бағалау Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың оқыту үшін қойылған бағаларын қосып бағалау парағы толтырылады.
Бағалау парақшасын толтырады. Тәрбие.орг сайтынан Ғ.Қайырбеков. Комбайншы. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұмағалиева Сандуғаш Аманкелдіқызы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №42 орта мектеп Бастауыш класс мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar