«Алтын күз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 291
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 27/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20704


К ММ «№25 жалпы білім беретін орта мектеп»


Мерекелік іс-шара
Тақырыбы: «Алтын күз».



Дайындаған: Ольжабаева .А. А
Закирова.Б.Р

Ертеңгілік тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:-күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту;
-күз мезгілінің басты ерекшеліктері туралы айта білуге, әңгімелеуге
үйрету;
-бірін-бірі тыңдап, өзара бірлестікке, серіктестікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: топты мерекелік шараға сай безендіру: суреттер, муляждар (жемітер және көкөністер),ойнауға қажетті құралдар, жапырақтар, музыка.
Өту барысы:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Балалардың денсаулығы зор болсын, аспанымыз ашық болсын! Қазір қошеметпен кішкене бүлдіршіндерімізді қарсыалайық.
Әсем әуен ойналып балалар қолдарына ұстаған шар және жапырақтарымен залға кіреді.
Жүргізуші:Міне, балалар табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын алтын күзіміз тағы келді.
Жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантып байлығымен біздерді.
Бір тойдыртып қайту үшін елімді
Сабырлы сары алтын күз келді.
Жүргізуші: Балалар қазір қай жыл мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Құстар қайда ұшып бара жатыр?
Ортаға Алтын күз билеп жаймен кіреді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің мерекемді тойлап жатқандарыңа қуаныштымын. Маған дайындаған қандай сыйларың бар?
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің мерекеге қош келдіңіз, біздің балалар көптеген тақпақ өлең дайындап келді. Соны тыңдап демалып, көңіл көтеріңіз.
Балалар: - Алақай,алақай!
Шаттанды балақай,
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
- Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық береке,
Алтын күз мереке.
- Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің қызығау.
- Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
- Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
- Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнаған гүлдей жүріңдер.
Кел, күз тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Би: «Күзгі жапырақтар» (қыздар)
Жағымсыз әуен ойналып ортаға арам шөп шығады.
Арам шөп: А-а-а!Бұл не мейрам?Бұл несұмдық? Неге бәрі жайнап, жарқыраған?
Жүргізуші: Кешіріңіз. Сіз кім боласыз?
Арам шөп: Мен арам шөппін. Мен сеңдерге ренжеулімін. Неге мені мейрамға шақырмадыңдар.Бұл мерекені болдырмаймын күн күркіретемін, найзағай жарқыратамын, жаңбыр жаудыртамын (дыбыстыры беріледі).Түшкіріп, ой маған суық тиіп қалды.
Жүргізуші:Балалар күзгі суық жаңбырдың астында көп жүруге болама? (жоқ)
Біздің балалар жаңбырдан қорықпайды керісінше ән айтып, би билейді.Ал, сіз арам шөп құлпынай қосылған ыстық шай ішіңіз де, балаларды тамашалаңыз.
Ән: «Жау жаңбыр».
Күз: Балалар, менің бақшамда нелер өседі? ( жемістер мен көкөністер).
Дұрыс айтасындар,ал онда менің пайдалы өнімдерімен таңысайық.
Жемістер
-Мен алмұртпын, алмұртпын
Ауздамын бар жұртын.
-Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
-Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
-Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұлар бар дәмім.
Көкөністер
-Кім бар сәбіз шырының
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күште де!
-Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырының ішпеген
-Боламын мен дәмдеуіш
Барлық-барлық тағамға,
Көкөністер ішінен
Мен пайдалымын адамға.
Күз: Қазақ елінің байлығы дән атасы бидайды тыңдайық
-Ел егінді жинайды
Қырманға бидай сыймайды
Біздің дала- бай дала,
Алтын астық айнала.
Би: «Күзгі вальс».
Арам шөп: Ту жазылдым ғой әйтеуір, жауыңнаң кейін саңырауқұлақтар жақсы өседі жинап алайын.Мүмкін сендер маған көмектесесіңдер балалар.
Қозғалмалы ойын: «Саңырауқұлақтарды жинау».
Арам шөп: Дегенмен өзім жинаған саңырауқұлақтар дәмді шығар, қазір мен жеп алайын.
Жүргізуші: Тоқта! Балалар кез-келген саңырауқұлақты жеуге болама? (жоқ)
Неге? (уланып қалуға болады).
Арам шөп: Рас па ,балалар? Рахмет сендерге, аз болмағанда уланып өліп қалар едім.Жарайды мен де сендермен өлен айтып, көңіл көтерейін.
Ән: «Осень наступила»
Күз: Міне арам шөп көрдің ба? Баллар қандай өнерлі тағы қандай өнерлері бар екен тамашалап көрейік.
Балалар: -Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
-Тамсаңдырып таңдайды
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түседі.
-Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жинап теріп болған соң
Той жасайды халқымыз.
Жүргізуші : арам шөп, күз ханшайымы мұнымен әлі біздің өнеріміз біткен жоқ енді ортаға гномиктарымызды шақырайық.
Би: «Гномики».
Жүргізуші: Балалар барлық күзгі өнімдер адамның еңбегі арқылы өсіп піседі.
Арам шөп: балалр сендер көп өлең, тақпақ біледі екенсіңдер, ал мен ойын ойнағанды жақсы көрем.қазір мен сендердің ата-аналарың қаншалықты жылдам тексеріп көрейін.
Ойын ата-аналармен: «Шатырға тығыл».
Арам шөп: Балалар, ата-аналар рахмет сіздерге мені суық тигеннен, уланып қалудан сақтадыңдар.Менің көңілімді көтеріп ойын ойнадыңдар.Мерекелерін жақсы өтті, тамаша дайындалыпсыңдар.Мен сендерге тәтті, дәмді тоқаш пісірдім топтарына барғанда жерсіндер.
Күз: Біз енді қайтайық. Ал мыңау, менің сыйым қабылалыңдар.Келесі алтын күзде кездесейік. Сау болыңдар! (Сау болыңыздар!)
Жүргізуші: Біздің мерекені жақсы әуенмен аяқтайық балалар.
Ән:«Алатаудың бауырына».
Жүргізуші: Осымен біздің кешіміз айяқталды, сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Алтын күз» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ольжабаева .А. А

Пікірлер: 0

avatar