Қамқор болып өсемін

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 735
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 16/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19013


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: № 60 мектеп-лицей
Мерзiм: 16.03.2016.
Мұғалiм: Ерсултанова Сауле Эскербековна
Сынып: _1_
Оқушылар саны: __26__
Тақырып: Қамқор болып өсемін
Құндылық: «дұрыс әрекет»
Қасиеттер: қайырымдылық, риясыздық, қамқорлық

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет жасау арқылы қамқорлық жасауға үйрету.
Міндеттері:
- Риясыздық туралы түсінік беру;
- Қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- Қайырымды болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
жаңғақ тәрізді ашылатын үш қорапша, бейнетаспа, оқулық
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
А.Енсепов. «Көңіл толқыны»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Әжей мен балалар» мәтінін оқу.
- Сендер өзге біреуге көмек көрсеткен сәтте одан не күтесің?
Ескерту
«Көңіл толқыны» күйі
3. Дәйексөз.
«Қайырымдылық – жылы жүректен»
Халық даналығынан
Неліктен қайырымдылықты жылы жүректен деп ойлайсың ?
4. Оқиғаларды әңгiмелеу
Оқушыларға «Әжей мен балалар»
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды.
- Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?
- Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сеніңде қамқорлық жасаған кездеріңмен бөлісіңдер? «Әжей мен балалар» мәтіні. 70 бет

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
3- қатарға топтық жұмыс.
Оқулықта 71-бетте берілген суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастыру.
- Біреуге көмек көрсеткенде одан қайтымын күту дұрыс па?
- Риясыз сөзін естідіңдер ме? Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? /санаспаушылық/ Оқулық 71-бет
6. Топпен ән айту.
Т.Мұхтарханов. «Әжем айтқан ертегі»
«Әжем айтқан ертегі» әні
7. Үй тапсырмасы.
Өзін өзі тану дәптеріндегі 19-сабақ. 26-беттегі суретті бояу, толықтыру. Дәптер 26-бет
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әртүрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Қорытынды
- Қамқорлық – адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік. Тәрбие.орг сайтынан Қамқор болып өсемін Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерсултанова Сауле Аскербековна

Астана қаласы № 60 мектеп-лицеиі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar