Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 727
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18789


Сабақ тақырыбы: Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер. Жалпы мақсат: Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген тапсырмаларды орындайды. Математикалық қабілеті, логикалық ойлауы дамиды. Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Қозғалысқа берілген есептерді шығаруда қашықтық,жылдамдық,уақытты дұрыс табуды үйренеді.Танымдық, шығармашылық белсенділіктері артады.Балалар бір-бірін оқыта отырып,орындалған тапсырмаларды тексереді. Сабақта негізігі идеялар сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалаогттік оқыту жүзеге асады. Математикалық тілмен сөйлеуге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс жасауға дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.


Мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша «Математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты тақырыбындағы аудандық семинарда коучинг өткіздім. Коучинг тақырыбымды «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту» деп таңдадым. Себебі көп мұғалімдер математика сабағында оқушыларды қалай сын тұрғысынан ойландыруға болады,оған не істеуге болады деген сұрақтар туындады. Сол себепті де осы тақырыпты таңда ,мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсеткім келді.Коучинг сабағында мұғалімдерді геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім,сосын психогеометрия тестін оқып, таныстырдым,әрбір мұғалімнің таңдаған фигуралардың қандай мінездеме берілгенін,танысып,өздерінің мінездеріне сай келгендерін айтып,бір күлісіп алды.Менің алғашқы сұрағым былай болды,не үшін бейнежазбаны қарап ,не туралы екенін ,керек жерін түртіп отыруларын сұрадым.Бейнежазбаны көріп болған соң,мынандай сұрақ қойдым,мұғалім оқушылардың ойлауына не тастады?Мұғалім не істеді?,оқушы не істеді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып мен негізгі сұрағымды қойдым. 1-топқа: Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?, 2-топқа: «Ойлау»процесі қалай жүреді?,3-топқа:Ой қайдан туады? деген сұрақтарды қойдым. Сұрақтарға ұялы телефондарын пайдалана отырып,мақал-мәтелмен жеткізді ұсыныс жасадым.Мұғалімдердің АКТ-ны пайдалану бойынша құзыреттілігі артқан ,сол бойы ұялы телефонды пайдаланып, жауап берді.Топтардың жауаптары «Ойдан ой туады,ойды ой қозғайды.Мақалсыз сөз болмайды,мақал ойды қозғайды.Мақал қайдан шығады, ой болмаса,киім қайдан шығады, қой болмаса». Бұл тапсырманы орындап болған соң,теориялық білім алу мақсатында слайдпен түсіндіріп өттім. Мұғалімдерді сергіту мақсатында математикалық жаттығуларды орындады.Жаттығуды орындап болған соң,әр топқа тапсырмалар берілді,мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып,тапсырмаларды орындау ұсынылды. 1-топқа «ақылдың алты қалпағын» құралы арқылы математика оқулығынан 4-сыныпқа арналған математикадан «Натурал сандар» әлеміне саяхат жасайды. 2-топқа Ойлау карталары арқылы 3-сыныпқа арналған математикадан «Теңдеу» тақырыбына жоспарлайды. 3-топқа Блум таксономиясы бойынша 1-сыныпқа арналған математика оқулығынан «Өрнек.Әріпті өрнек» тақырыптарына сабақ жоспарын жасау берілді. Берілген тапсырмаларды әр бір топ жақсы орындап шықты. Тапсырмаларыд орындап болған соң, кері байланысқа «Мадақтау сэндвичі» арқылы әріптестерімнің пікірлерін алдым. Коучингте сәтті боған тұстары: әріптестерім тақырыптың негізгі идеясын аша алды. Сәтсіз тұсы әрбір қатысушы өз ойларын еркін білдіре алмауы. Әр бір адам өз ойын ашық айту үшін осындай семинарларға қатысу,пікірталастарға қатысу арқылы өз пікірлерін білдіре алады деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тамара Куракбаева

Пікірлер: 0

avatar