Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бір – біріне қарама-қарсы кездесетін қозғалысқа берілген есептер
  • 08.02.2017
  • 151 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21615

Бекітемін: Күні: 26.01.2017 жыл
Математика
4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бір –біріне қарама-қарсы кездесетін қозғалысқа берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
1. Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым туралы мәлімет беру.
2. Өз ойларын айтуға, дәлелдеуге дағдыландыру, логикаларын, шапшаң әрі дұрыс ойлау қабілеттерін дамыту. Қиялдарын жетілдіру.
3. Сыйластыққа, ұжымға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, «Блум» таксономиясы, «Стикердегі диалог» әдісі, «ҚТМҚ стратегиясы», «Ақылдың алты қақпағы» әдісі, «Аквариум» әдісі, «Тир», топтық жұмыс.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: АҚТ, карточкалар, аквариум, суреттер, стикерлер.
Күтілетін нәтиже: өз бетінше жұмыс істеуге, алған білімдерін тиімді пайдаланады, бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептерді шығару тәсілдерін біледі, өз ойын еркін жеткізе алады.
Сабақтың барысы:
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберіне шыққан кезде үстелдің үстінен көліктің түрлерін таңдап алады.
1.Шаттық шеңбері /бір-бірімен үш тілде амандасу/
Армысың жарқыраған күн
Армысың көгілдір аспан
Армысың мұғалім
Армысың мен және сен! Добрый день, солнышко
Добрый день, небо
Добрый день, учитель
Добрый день, я и ты Good afternoon, sun
Good afternoon, sky
Good afternoon, teacher
Good afternoon, I and you!
2.Санды 1-ге, 2-ге қосу /үш тілде/
2. «Ой ашу» стратегиясы
Математика – толған тамаша заңдылық сән,
Математика – толған тәртіп, мағына мән.
Математика – толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір – деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

«БІЛУ»
«Стикердегі диалог» әдісі.
Өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ұйымдастырылады.
Мектептегі 45 минут – 1 сабақ
Балдан тәтті – ананың сүті
Шарты мен сқрағы бар кішкене әңгіме – есеп
Шаршының неше бұрышы бар – 4
Дөңгелектің бұрыштарын ата – болмайды
Аптадағы күн саны – 7
Төрт үстелдің аяғы – 16
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан – мемлекет
Сағат, минут, секунд – уақыт өлшемдері

Балалар, топқа бөлінер алдында қолдарына нелерді алдыңдар? /көліктерді/
Көлік дегенде ойларына не келді? /қозғалыс, қашықтық, уақыт, жылдамдық, т.с.с./

Әр топтың атауын үш тілде айтқызу: /көшбасшыны сайлату./
Жылдамдық – скорость – speed
Қашықтық – расстояние – distance
уақыт – время - time
МАҒЫНАНЫ ТАНУ.
«ТҮСІНУ»
«Көр.Таны.Меңгер.Қөзқарас» стратегиясы
Жаңа сабақты ашуға, анықтаманы өздері шығарып алады.
 Суретте не бейнеленген?
 Машиналар қандай әрекет орындауда? (Машиналар бір - біріне жақындап келеді)
 Машиналардың қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
 Олардың арақашықтығының өзгерісі туралы ше? /бір-біріне қарама қарсы/
 Жылдамдықтары бірдей болғанда, бірдей уақыт аралығында жүрген жолдары туралы ше?
 Жылдамдықтары әр түрлі болса ше?
 Ал жолда болған уақыты туралы ше?
 Кездескеннен кейін қозғалыстарын әрі қарай жалғастырса, қандай өзгеріс болады?

Оқушылар өздері қорытынды шығарып, анықтаманы айтады.
Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді.
Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V жақынд. = V¹ + V²
Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін білу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.
t = S: Vжақынд.
v – жылдамдық
t – уақыт
s – қашықтық
S = v ∙ t. Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.

«ҚОЛДАНУ»
Топтық тапсырма: /алдымен топта жұппен талқылау, топпен жұмыстану/
Есеп бойынша сызба құрастыру, шешуі мен жауабын жазу.
1-топ: Жылдамдық.
1.Жылдамдық өлшем бірліктерін жаз.
2.Бір мезгілде екі мемлекеттен бір-біріне қарама-қарсы екі ұшақ ұшып шықты.. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 150 км/сағ. Екі мемлекеттің арақашықтығы 960 километр болса, екіншісі қандай жылдамдықпен жүрген?
960:3=320 км/сағ
320-150=170 км/сағ

2-топ.Уақыт
1.Уақыттың өлшем бірліктерін жаз.
2.Бір мезгілде екі қаладан бір-біріне қарама қарсы екі кеме жүзіп шықты. Біріншісінің жылдамдығы 48 км/сағ, екіншісінікі 51 км/сағ. Егенр екі қаланың арақашықтығы 495 км болса, олар неше сағаттан кейін кездеседі?
48+51=99 км/сағ
495:99=5 сағ

3-топ. Қашықтық.
1.Ұзындықтың өлшем бірліктерін жаз.
2.Бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі велосипедші 25 секундтан кейін кездесті. біріншісі 5м/с, ал екіншісі 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, екеуінің жүгіріп өткен арақашықтығы неше метр?
5+4=9 м/с
9*25=225 м
СЕРГІТУ СӘТІ
/қатысқан мұғалімдерге бірге жасауға ұсыныс тастау/

ТОЛҒАНЫС
«ТАЛДАУ»
«Ақылдың алты қақпағы» әдісі
Қалпақтарды таңдау арқылы әр түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындайды.
ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ
Дәлелде.
1521*1=1521
Кез келген санды 1-ге көбейтсек не бөлсек сол санның өзі шығады. ЖАСЫЛ ТҮСТІ
Дәстүрлі емес есеп.
Суретте неше тірі жанды көріп тұрсың? /7/
КӨК ТҮСТІ
Қозғалысқа берілген есеп:
U – 60 км/сағ
t – 3 сағ
S - ? км
САРЫ ТҮСТІ
Логикалық тапсырма:
Жауабын үш тілде айт.
Столдың төрт бұрышы бар. Оның бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрышы қалады? КҮЛГІН ТҮСТІ
Жұмбақ есеп:
Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрады. Мұғалім, «Ешкім 2 алған жоқ, бірақ бағаларын әртүрлі. Тоқтар 3 алмады, Ержанның бағасы 3те есем, 5 те емес.» Кім қандай баға алған? /Азамат – 3, Ержан – 4, Ержан – 5. АҚ ТҮСТІ
Танымдық тапсырма:
Тура теңдік болатындай етіп, амал таңбаларын қой. Жақшаларды пайдалануға болады.
4*4*4*4=1

«ЖИНАҚТАУ»
«Аквариум» әдісі
«Аквариумдағы» балықтарға жазылған тапсырмаларды орындайды.
Есепте:
14040:18+6110:13=780+470=310 80302-64*71=80302-4544=75758
6576:12-7020:78=548-90=458 37069+59*62=37069+3658=40727

Бөлуді орында:
5576:68=82 1254:38=33
23872:32=746 11745:27=435

Көбейтуді орында:
25*64=1600 77*98=7546
31*82=2542 26*43=1118

«БАҒАЛАУ»
Бүгін не туралы білдік?

«Кері байланыс» - ТИР

Қызыл - түсінбеді
Сары - қиындықтар кездесті
Жасыл - түсіндім

Көш басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Көшбасшыны бағалау.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үш тілде қоштасу.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Урок окончен, до свидания!
The lesson is over, good bye! Тәрбие.орг сайтынан Бір – біріне қарама-қарсы кездесетін қозғалысқа берілген есептер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Балагадинова Салтанат Бериковна

БҚО, Орал қаласы, № 21 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 151 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar