Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Арифметикалық амалдар
  • 29.09.2016
  • 191 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19541

Күні: 05.09.2016ж
Сыныбы: 4 сынып
Пән атауы: математика
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушыларға арифметикалық амалдар туралы түсіндіре отырып білімдерін, амалдардардың қасиеттері және оларды есептеуде тиімді орындауда қолдана білуге, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылауға үйрету, білімдерін кеңейту.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қызықты математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. №6, 7 ә) есептер 5 бет.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
- Сонымен, разрядтар дегеніміз не?
Разряд дегеніміз – сандарды жазудағы цифрлардың орны.
Мысалы: 235 бұл не? 235 – бұл сан. Бұл санда қанша разряд бар? (3).
235 санынды үш разряд бар. Оны разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. 235=2жүзд.+3онд.+5бірл.=200+30+5
«Артық сан» ойынын ойнау. –Қайсысы артық?
10, 20, 30, 40, 55, 60. (артық – 55саны)
1, 7, 14, 21, 27. (1саны 7-ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)
24, 11, 13, 15, 17, 19, 12. (24 – екі ондық бар).
360:9+28:2-2∙1+38:2=35
30+20∙2:20+19:8∙60= 180
90+30:3∙2-8:9∙11-12=76
- Қандай амалдар орындалды?
- Біз бүгін қандай тақырыпты орындаймыз? (Оқушылардың жауабы)
Дұрыс. Бүгін біз арифметикалық амалдармен танысып, қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қайталаймыз!
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар
№1.
750+10=760 900-130=770 110+55=165
230+20=250 800-450= 350 250+550=800
120+30=150 700-280=420 360+210=570
630+40=670 600-50= 550 470+320=790
440+50=490 500-50=450 190+202=392
№2.
- Қосу, азайту, көбейту, бөлу кезіндесандар қалай аталады?
- Қосу, азайту, көбейту, бөлу нәтижелері қалай аталады?
Қосылғыш + қосылғыш= қосындының мәні
Азайғыш – азайтқыш =айырманың мәні
Бөлінгіш : бөлгіш =бөліндінің мәні
Көбейткіш ∙ көбейткіш =көбейтіндінің мәні
69∙9=621 486:4=81 608-79= 529
128∙4=512 104:4=26 448+367=815
206∙6=618 905:5=181 700-509=191
№3. Өрнекті жаз және дұрыстығын тексер.
А ) (256:4)-(15∙3)=64-45=19
ә) 500-(693-446)=500-247=253
б) (176+412):6=588:6=98
№4. Есепті шығар.
1кг=1000г
Ирис – 250г
Карамель -?, 150г арт. 1000г
Шоколад - ?
1. 250+150=400г карамельдер
2. 250+400= 600г карамельдер мен иристер
3. 1000-650 =350г шоколад
ІV. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп –кішкентай ағаштар,
Үп –үлкен боп өседі.
V. Сабақты пысықтау: Есеп шартын құру.
Балабақшада 25 баладан үш естиярлар тобы және 19 баладан төрт ересектер тобы бар. Ересектер мен естиярлар тобында барлығы неше бала бар?
25∙3+19∙4=151(б)
Топ Топтағы бала саны Топ саны Барлық балалар саны
Ересектер тобы 25 бала 3 ? бала
? қанша
? бала
Естиярлар тобы 19 бала 4
№6. Салыстыр.
1000-250 <1000-25 90 +110= 80+120
630+300+20>63030+200 200∙3+100 < 300∙20+100
№7. Тапсырманы орында.
127= 1 жүзд. 2 онд. 7 бірл.
253= 2жүзд. 5 онд. 3 бірл.
984= 9жүзд. 8онд. 4 бірл.
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
VII. Үй жұмысы: №8 есеп 7 бет
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап,
жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Арифметикалық амалдар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айзат Бактыбаева Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 191 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar