Ғарышқа ұшу

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 929
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18735


Бекітемін :
МДОІЖО Р.Шайқақов
Күні : Пәні : Ана тілі
Сабақтың тақырыбы : Ғарышқа ұшу Сабақтың мақсаты : 1. Білімділігі : Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. 2.Дамытушылығы : Сөздік, тілдік қорларын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету . 3.Тәрбиелілігі : Ғылым құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін, мәдениетін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, макеттер, суреттер, пайдалы қазба тастары Қолданатын технологиясы : ойын арқылы оқыту Пән аралық байланыс : дүниетану, тарих, астрономия Сабақтың типі : жаңа сабақты түсіндіру
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ :
І. Ұйымдастыру кезеңі А. Оқушылармен амандасу Ә. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
Психологиялық дайындық
Балаларды бастап – ақ , Ұшар едім алысқа . Болар едім космонавт . Зымырар ем ғарышқа.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс : Қ.Сәтбаев «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқыту . ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту : Ойын «Гүл теру»
1. Елімізде қандай қазба байлықтары бар ?
2. Қаныш Сәтбаев кім ?
3. Қандай мамандық иелерімен таныстыңдар ?

Көмір, алтын, күмістерді көрсетіп, пайдасын түсіндіру

Ү. Жаңа сабақ :


«Адасқан сөздер» ойыны Ойын шарты : берілген сөздерден сөйлем құрастыру Ойнады Доп Бала Сұлу ! Неткен Табиғат Бардың қайда ? Сен
Дәптермен жұмыс «Көркем жазу» Ғ ғ
Ғарышкер, ғаламшар, ғарыш, Байқоңыр
ІҮ. Сергіту сәті : Кел, қанат жай Әлемге сапар шегейік . Ай мен Күнді аралап , Ғарышты шарлап келейік. Білімімізді кеңейтіп, Білімді боп өсейік.
158 – жаттығу / Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазыңдар /
Байқоңыр
Ғарышкерлер мекені – Қазақ жері Байқоңыр . Қай жері саған жетеді , Ғажап жерім Байқоңыр !
Е.Ерботин
«Зымыран құрастыру» ойыны
1. Сөз неден құралады ?
2. Сөйлем неден құралады ?
3. Қандай тыныс белгілерін білесіңдер ?
4. Адамға қандай сұрақ қойады ?
- Балалар мына суреттен көріп отырғанымыз не ?
- Олай болса, балалар бүгінгі өтетін сабағымыз «Ғарышқа ұшу»

- Балалар, ең алғашқы ғарышкер туралы не білеміз ?
- Адамзат тарихындағы аспан кеңістігіне 1961 жылы 12 сәуірде ұшқан. Ғарыш кемесін ұшыратын жер Қазақстандағы Қызылорда облысындағы «Байқоңыр» ғарыш кешені деп аталды. 1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашылып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды. 1961 жылдың 12 сәуірі әлемдік тарихта мәңгіге жазылып қалды. Адамзаттың асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. Орыс халқының ұлы, совет азаматы Ю.А. Гагарин . Дүниені дүр сілкіндірген осы хабар 1961 жылы 12 сәуір күні жер шарының түкпір – түкпіріне лезде тарады. Ю. Гагарин біздің ғаламшарды 108 минутта толық бір рет айналып, Жер анаға оралды. Гагариннен соң космосқа басқалар да ұшты. Ал 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
- Ал тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы не білеміз ?
- Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облыс, Қарқаралы ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып Тоқтар есімін беріпті. 1962 – 65 жж Теміртау құйма механикалық зауытынды токарь болды. 1976 ж Мәскеу авиация институтын бітіген соң 1979 ж Мәсекудегі А. И. Микоян атындағы Тәжірибелік - конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы болды. Қазақтың тұнғыш ғарышкері Токтар Әубәкіров қазір зейнеткер,сәйгүлік баптап,саят құрып жүрген жайы бар. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан «Союз ТМ - 12» ғарыш кеемсімен ұшып, «МИР» орбиталық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 жылы сәуірінен – Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қ Р Президентінің ғарыш игеру жөніндегі көмекшісі . Оған «Ғасыр адамы» атағы берілді. 2004 жылдан Парламент депутаты.
- Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш – ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж , және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер, 1986 ж азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. Т.Әубәкіровтың сара жолын Т.Мұсабаев абыроймен жалғастырып, ғарышқа үш рет ұшып қайтты. 1994 жылы 1 шілдеде бортинженер ретінде «СОЮЗ ТМ – 19 » кемесімен ұшып 125 тәулік болып қайтты.
Оқулықпен жұмыс :
- 172 – беттегі Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Ғарышқа ұшу

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын . Бірақ ол қолдан келместей көрінетін . Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуір күні тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бірінші болып ұшқан - Тоқтар Әубәкіров. Біз қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевты да мақтан етеміз.

ҮІ. Сабақты бекіту
Ойын « Жарқыра, аспан жұлдызы »
1. Ғарыш деген не ?
2. Ғарыш кешені қайда орналасқан ?
3. Алғаш аспан әлемін бағындырған космонавт кім ?
4. Қазақтан шыққан алғашқы ғарышкерімізді ата ?
5. Тоқтар атамыздың сара жолын жалғастырған ғарышкер ағамыз кім ?
6. 12 сәуір қандай күн ?
7. Планеталардың атауына байланысты ата – аналарымыз сендерді қалай еркелетеді ?
8. Самұрық құс самғады , Көктен өтіп, айға жетіп. Жеңілдеді салмағы / Ғарыш кемесі /
9. Аспанда бір алып құс , Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсаң ғажайып. Соңында із қалады. / зымыран /
10. Құстан аумайды, Көкте заулайды. / ұшақ /
Топтастыру

Тест
1. Сөйлем неден құралады А.Сөзден Ә. Әріптен Б. Буыннан
2. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады ?
А. Кіші әріптен Ә. Бас әріптен Б. Дауысты дыбыстан 3. Сен нешінші сыныпта оқисың, тыныс белгілерін қой
А. . Ә. ? Б. ! 4. Кітап – білім бұлағы А. , Ә. ? Б. ! 5. Алақай, қыс келді А. . Ә. ? Б.!
Бағалау
Үйге тапсырма : 159 – жаттығу. «Кім болам? » тақырыбына әңгіме жазыңдар . Тәрбие.орг сайтынан Ғарышқа ұшу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманова Гаухар Самалбайқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,Ақши ауылы, М.Төлегенов атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar