Ғарыш дегеніміз не ?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 822
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 13/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21725


Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не ? Мектеп: Херсон негізгі мектебі

Уақыты: 18.01.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ерхожаева Гулнара Утегеновна
Сыныбы: 1 класс Қатысқан оқушылар саны: 2 Қатыспағандар саны: 0
Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
Қоршаған әлемдегі құбылыстарды , үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін зерттеу
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: Ғарыштың не екенін біледі?
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ғарыш туралы аңыз және кинодан көргендерін айтады
Кейбір оқушылар орындай алады:
. Астрономия аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: астрономия, ғарыш, шоқжұлдыз.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ғарыш айлағы, шоқжұлдыз жұлдыз ба?
«Ой қозғау».Талқылауға арналған сұрақтар:
Ғарыш деген не?

Алдыңғы білім Қозғалыс туралы әңгімелеу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Оқыту ресурстары
Басы
5 минут Кіріспе.
Ынтымақтастық орта қалыптастырады: -Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі екен? (қыс)
Жұмбақ жасыру;
Қыста жер бетін жабады, ал көктемде су боп ағады. (қар)
-Қар қандай?
-аппақ
Жерде қар бар. Ал осы жерден жоғарыға қарасақ нені көреміз?
-Аспан
-Дұрыс , аспанды көреміз. Аспанда нелер болады?
-ай, күн, жұлдыз
-ия , бұларды аспан денелер дейміз.
Жұлдыздардың суретін көрсетіп:
-қалай орналасқан?
-кейбірі жақын орналасқан
-Бұларды Шоқжұлдыз деп атаймыз.
Ал, осы аспанды, аспан денелерін, қозғалысын зерттейтін ғылымды «Астрономия» д.а
Суретпен жұмыс:
Аспан денелерінің суретін ақ параққа салады. Презентация

Ортасы
• Минут

Сергіту сәті Оқу кезеңі
Балаларға ертедегі адамдардың еңбек құралдары мен өмір салтын көрсету арқылы қалай өмір сүргенін анықтаймыз.
-ауыл шаруашылығымен
-аңшылық
-балық аулау
Бұл сол кездегі адамдардың негізгі табыс көзі болған. Оларға ауа райын, жыл мезгілін анықтау үшін жұлдыздардың бағдарын бақылап, маусымдардың ауысуын болжаған.
.
Мен жұлдызбын, жұлдызбын,
Жарқыраймын жанамын.
Бағыт беріп адамға,
Туры жолды таңдаймын
Демек біздің ата-бабаларымыз шоқжұлдыз арқылы ауа райын, жыл мезгілдерін болжаған.
Ал ғарыш аспан әлемі.
-балалар, көз алдарыңа ғарышта жүрміз деп есептеңдер. Және осы ғарыштағы саяқатыңның суретін маған салып беріңіздер

Дескриптормен таныстыру, түсіндіру.

Ғарыш туралы өз білгенін баяндайды 3 балл
Ғарыштың ғылым екенін біледі. Оның шындыққа қатысы барын анықтайды. 4 балл

Шоқжұлдыздар жайлы оның түрлерін атайды. Ғылым екеннін түсінеді. Ойын жеткізіп айта алады. 5 балл

Бекіту. «ыстық микрофон » ойыны.

-ғарыш дегеніміз не?
-жұлдыз деген не?
-ата-бабалрымыз ауа райын, жыл мезгілін қалай бақлаған?
-Шоқжұлдыз бен нені бағдарлай аламыз?

Видео ролик

дескриптор

суреттер
Соңы
10 минут
Рефлексия: « Түстер сөйлейді» әдісі.
Қызыл түс - «мен мүлдем түсінген жоқпын, сары түс– «мен жартылай түсіндім;
Жасыл түс – мен бәрін де түсіндім! слайд
Үй тапсырмасы Ғарыш дегеніміз не? 50-51 бет оқу күнделік

Сабақтың тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттейді? Мектеп: Херсон негізгі мектебі

Уақыты: 25.01.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ерхожаева Гулнара Утегеновна
Сыныбы: 1 класс Қатысқан оқушылар саны: 2 Қатыспағандар саны: 0
Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
1.4.2.2 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау

-ғарыштағы зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;
-қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: Астрономияның ғылым екенін біледі?
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Астрономияның аспан денелерін зерттейтін ғылым екенін біледі және осыған қатысты өз ойын дәлелдейді
Кейбір оқушылар орындай алады:
. Астрономия аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күнтізбе,рет,жаңалық.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ғарыш айлағы, күнтізбе реті
«Ой қозғау».Талқылауға арналған сұрақтар:
Күнтізбе деген не?

Алдыңғы білім
Ғарыш дегеніміз не? 50-51 бет оқу
Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Оқыту ресурстары
Басы
5 минут Кіріспе.
Ынтымақтастық орта қалыптастырады: -Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
-Сәрсенбі
- қай ай
-қаңтар
-қаңтардың нешінші жұлдызы
-25
-Жарайсыңдар , балалар. Сіздер мектепке келгелі күннің жадын, ай атын, апта атын және ретін үйреніп алыпсыздар. Ал сіздер білесіздер ме, айдың, аптаның рет-ретімен орналасуын.
-Ия(немесе) жоқ
Бұл реттікті біз күнтізбеден көре аламыз.
Жұмбақ жасыру;


Жауабы: Күнтізбе
Балаларға күнтізбенің түр-түрін көрсетіп, оларға өз туған күндерін тауып беруін сұраймын. Презентация

Ортасы
• Минут

Сергіту сәті Оқу кезеңі
Балалар, «Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестеңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ.Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңестік. Алыста жануарлар жайыылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?
Жауаптарын тыңдаймыз, талқылаймыз.
-оларға тіршілік ету үшін не қажет?
Ерте замандағы адамдардың, негізінен диханшылықпен және мал шаруашылығымен айналысқанын естеріне саламын.
-олар үшін не қажет?
-ауа райын бақылау және жыл мезгілдерін анықтау
Аспан денелерін бақылау арқылы бізге жаңбыр жауатынын, күн жылы немесе салқын болатынын білеміз. Нәтижесінде адамдар күнсағат пен ай күнтізбесі жаңалығын ашты.

ҒАРЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
Бір баланың көзін байлап, оған бір алманы жегіземін. Ол –«алма» деп жауап береді.
-қалай білдің дәмінен
- біз қандайда бір затты зерттеу үшін оның дәмін көреміз,ұстап көреміз, иіскеп көреміз.
Ал адам аспан денелерін қалай зерттейді?
- оларды бақылайды
- неге
- олар өте алыста және олардың жанына бара алмайсың. Мысалы, күн қатты қызып тұрған шар.
Слайд арқылы ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды көрсетемін.
Мен жұлдызбын, жұлдызбын,
Жарқыраймын жанамын.
Бағыт беріп адамға,
Туры жолды таңдаймын
Демек біздің ата-бабаларымыз өз қажеттілігі үшін аспан денелерін зерттеп, жаңалық ашқан екен.

- шоқжұлдыздар
- күн мен түннің ауысуы
- күннің көзге көрінетін тәулік жолы
- күнағаттар
- күн күнтізбесі

Дескриптормен таныстыру, түсіндіру.

Ғарыш туралы өз білгенін баяндайды 3 балл
Ғарыштың ғылым екенін біледі. Оның шындыққа қатысы барын анықтайды. 4 балл

Ғарыштыты алыстан бақылайтынын біледі. Ондағы аспан денелері туралы ашып айтады№ мысалы: ай домалақ шар тәрізді, күн жерден үлкен және ол қатты қызу екенін, адамның оның жанына бара алмайтынын жіктеп айта алады. 5 балл

Бекіту. «ыстық микрофон » ойыны.

-күнтізбе дегеніміз не?
-адамдардың жаңалықты ашқаны дұрыс болды ма?
-ата-бабалрымыз ауа райын, жыл мезгілін қалай бақлаған?


Видео ролик

дескриптор

суреттер
Соңы
10 минут Рефлексия: « Түстер сөйлейді» әдісі.
Қызыл түс - «мен мүлдем түсінген жоқпын, сары түс– «мен жартылай түсіндім;
Жасыл түс – мен бәрін де түсіндім!
Үй тапсырмасы Адамдар ғарышты қалай зерттейді?52-53 бет. Күнтізбе суретін салу күнделік

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі ғарышты қалай зерттейді ? Мектеп: Херсон негізгі мектебі

Уақыты: 08.02.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ерхожаева Гулнара Утегеновна
Сыныбы: 1 класс Қатысқан оқушылар саны: 2 Қатыспағандар саны: 0
Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

1.4.2.4 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
1.4.2.3 Ғарышты зерттеуге арналған аспаптар, құрал-жабдықтарды және ұшу аппараттарын атау

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: қазіргі ғарышты зерттеу аппараттарын атайды?
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Құрылғылар мен ұшу аппарттарының не үшін қолданылатынын түсінеді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Құрылғылар мен ұшу аппарттарының не үшін қолданылатынын түсінеді және сипаттайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: телескоп, зымыран
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ғарыш айлағы, телескоп
«Ой қозғау».Талқылауға арналған сұрақтар:
Зымыран деген не?

Алдыңғы білім
Адамдар ғарышты қалай зерттейді?52-53 бет. Күнтізбе суретін салу
Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Оқыту ресурстары
Басы
5 минут Кіріспе.
Ынтымақтастық орта қалыптастырады:
Жұлдыз болып жанайық,
Ай болып айналып,
Күн болып әлемге
Алтыннан нұр шашайық.
Балалар, біз өткен тақырыбымызда ғарыш туралы, ашылған жаңалықтар туралы өттік. Солай ма?
-олай болса ғарыш деген не?
Осыған байланысты жауапты мына ақ параққа саламыз. Тек бір сурет қана саламыз. Балалар күнтізбенің,зымыранның, шарлардың, айдың, жұлдыз бен күннің суретін салулары мүмкін.
Сөйтіп олардың білімдерін тексереміз.

Презентация

Ортасы
• Минут

Сергіту сәті Оқу кезеңі
Ғарыш айлағы –зымыран ұшырылатын орын.
Расытхана-астрономиялық құбылыстарды бақылаужәне зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме.
Видео ролик арқылы телескоп, зымыранның қызметтері мен қажеттілігін көрсету.
Телескоп жайында түсіндіру.
Телескоп- аспанды бақылау үшін қажет. Біз телескоп арқылы аспан денелерін анық және жақыннан көргендей боламыз.
Ең бірінші телескопты ғалым ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ ойлап тапты.
Зымыран жайында түсіндіру.
Зымыран-ғарышты зерттеу үшін кең қолданыс тапқан ұшу аппараты . ғарышта ауа жоқ. Сондықтан ғарышқа ұшақ немесе тікұшақпен бара алмайсың. Ғарышкерлер дем алу үшін СКАФАНДР деп аталатын киімді киеді.
Тапсырма :
Кітаппен жұмыс

Мен жұлдызбын, жұлдызбын,
Жарқыраймын жанамын.
Бағыт беріп адамға,
Туры жолды таңдаймы
Баларға «Оригами» -зымыранның үлкен үлгісін салдырамын.
Тәжірибе: -ЗЫМЫРАН ҰШЫРУ. (шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілерді ыдысқа салып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыранорналастыраы. Ол 10секунд ішінде ұшады.)

Дескриптормен таныстыру, түсіндіру.

қазіргі ғарышты зерттеу аппараттарын атайды? 3 балл

Құрылғылар мен ұшу аппарттарының не үшін қолданылатынын түсінеді. 4 балл

Құрылғылар мен ұшу аппарттарының не үшін қолданылатынын түсінеді және сипаттайды. 5 балл

Бекіту. «ыстық микрофон » ойыны.

-күнтізбе дегеніміз не?
-адамдардың жаңалықты ашқаны дұрыс болды ма?
-ата-бабалрымыз ауа райын, жыл мезгілін қалай бақлаған?


Видео ролик

дескриптор

Суреттер
Соңы
10 минут
Рефлексия: « Түстер сөйлейді» әдісі.
Қызыл түс - «мен мүлдем түсінген жоқпын, сары түс– «мен жартылай түсіндім;
Жасыл түс – мен бәрін де түсіндім!
Үй тапсырмасы Жұмыс дәптері ұшу аппараты 37 бет Күнделік Тәрбие.орг сайтынан Ғарыш дегеніміз не ? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерхожаева Гулнара Утегеновна

Пікірлер: 0

avatar