Қасқыр түлкі,әтеш ертегісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 282
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21439


С.Досумова.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Степногорск қаласы
Абай Құнанбаев атындағы№6
мектеп гимназиясы
Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі әтеш» ертегісі.
Тіл дамыту сабағы 0 «а»сынып Қатысқандар саны: 20
Күні :18.10.2016 Мұғалімнің есімі:Досумова.С.
Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр,түлкі әтеш »ертегісі.
Сабақтың негізгі мақсаты:
1. Ертегі мазмұнын түсіндіру.
2.Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабаққа байланысты көрнекілігі:.
ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттер
Тілдік мақсаттар(тыңдалым,оқылым,айтылым) Оқушылар: -Ойлау қабілеттерін дамыту.-Мәтін мазмұнын талдау алады.Мысалдар мен теңеулер.
Жоспар

Жоспарланған уақыт Мұғалім Оқушы
Кіріспе 5 мин .Сәлеметсіңдерме? оқушылар. Психологиялық сәт бір бірілеріне жылы лебіздерін білдіру. Сәлеметпіз бүгінгі сабақта бәрімізге сәттілік.
Ұйымдастыру кезеңі.
5 мин Шаттық сәтін өткізу.
Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Менертегі тыңдағ анды жақсы көремін, себебі...» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады.
Негізгі бөлім 20 мин Мұғалім дауыс интонациясын дұрыс қойып,мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.
Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар - қала.
Мұржа - пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.
Күлтеле - шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.
Сұрақтарға жауап беру.
1.Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды?
3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді?
4. Түлкі өзі не істеді?
5.Ертегі қалай аяқталды?
Балалардың пікірлерін тыңдау.
- Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді? Жұмбақ шешу.
Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.
Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.
- Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады. Өйткені екеуі де Түлкінің айтқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен. Ал Түлкі ұнамады. Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді.
- Шаһар салу үшін үшеуі де тату - тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе, шаһарды салып шығатын еді.
«Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.
Мысалы: әтеш әдемі шақырады., түлкі қу. Әтеш кукарику деп шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын.

Оқу іс - әрекетін қорытындылау. Ертегі мазмұнын мазмұндау. - Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады. Тәрбие.орг сайтынан Қасқыр түлкі,әтеш ертегісі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досумова Сая Каиыртаевна

Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar