Ашық сабақ "Бала Тұрар"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 837
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22610


Жанаханова Маржан Жумадиловна
Меркі ауданы
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы
І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»
Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.
Білімділік: Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы - оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын, сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:жаңа сабақ, жинақтау
Сабақтың түрі: топтық жұмыс және танымдық сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру,тізбектеу, сұрау,оқыту, сұрақ-жауап, талдау,сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі:үлестірме қағаздар,Ш.Мұртаза суреті және Т.Рысқұлов суреті т.б.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін:
І топ «Әдебиетшілер»
ІІ топ «Тарихшылар»
ІІІ топ «Зерттеушілер»
1. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау.
2. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
3. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұлы - қызы мәңгі сені қазақ тілім !

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
1. Бет 101 «Жиб -Жица күресі» оқу,түсінік айту
ІІІ.Өткенді қайталау.
1. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
2. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
Ойын «Алма жинайық»
1.Жиб –Жица күресі дегеніміз не?
2.Айтыс дегеніміз не?
3.Батырлар жыры дегеніміз не?
4.Ертегілер дегеніміз не?
5.Теңеу дегеніміз не?
6.Логогриф дегеніміз не?
7.Монолог дегеніміз не?
8.Ыбырай Алтынсарин өмір сүрген жылдары?
ІV. Жаңа сабақ: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы ,Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі.
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верныйуезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
«Бала Тұрар» тізбектеу әдісімен оқыту
Сұрақ пен тапсырмаларды пысықтау
Дәптер және оқулықпен жұмыс
Күнтізбе және тақырып жаздырту
Сергіту сәті
Электронды түрде «Қара жорға»
V.Топтық жұмыс.
1-топ. Әдебиетшілер
Әңгіме мәтініне сатылай кешенді талдау.
1.Кейіпкерлері.
Рысқұл–Тұрардың әкесі.
Тұрар Рұсқүлов -қазақ халқының болашақ қайраткері.
Приходько - түрме бастығы
И. Владимировичке – мұғалім
Атамырза – Айбар
Қырғызбай – әкесінің туысы
И. Владимиорович - сұлу мұртты, бойлы, тіп –тік әскери кісі.
Тапсырма:СКТ-ды толықтырыңдар.
2 топ: ТарихшыларТұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верныйуезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
3 топ: Зерттеушілер
Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.
1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.
2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі«Қараш-қараш оқиғасы» да төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған
VІ.Жаңа сабақты бекіту
1 топ: Әдебиетшілер
Мәтіннен үзінді
Мақал- мәтел
Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал Приходько осымен бір-екі рет «шоқын» деп емеурін танытты. Рас, әзір қиналған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам,әкемді дарға асатын шығар. Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
2 топ Тарихшылар
Мәтіннен үзінді
Мақал- мәтел
Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амалы жетсе Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді, оған айла жоқ. Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты.
3 топ: Зерттеушілер
Мәтіннен үзінді
Мақал- мәтел
Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып,пәуескенін жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді. Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады. «Осыдан екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп, жазым болар ма екен?» деген ойдан тамырында қан қатып қалған сияқты.
VIІ.Сабақты қорыту
Бес жолды өлең әдісі (Синквейн)
«Жақсы бала жеткізеді мұратқа»
VIII. Үйге тапсырма.Бет 104-105 ШерханМұртаза «Бала Тұрар» оқу,мазмұнын айту.
IX. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Ашық сабақ "Бала Тұрар" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанаханова Маржан

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar