Ашық сабақ "Отбасы" 2 сынып қазақ тілді емес мектептерге

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 239
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23573


[size=14][color=blue]2-сынып қазақ тілі орыс сыныптарында.
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз
Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі «Жеті ата» туралы оқушыларға түсінік беру. 2. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру. 3. Ата-анаға, отбасына деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: Отбасы суреті, киіз үй, интерактивті тақта, компьютер
І. Ұйымдастыру
Білім 2 ұпай.
Үйге берілген тапсырманы оқу
Жуан және жіңішке сөздерге 5 мысалдан жазып келу.
Түсіну 4 ұпай
-Балалар, бүгін біз «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. Ата-бабаларымыз машина болмаған кезде нені пайдаланған?
- Атты, түйені
- Сендер осының қайсысын қалайсыңдар?
- Атты
- Олай болса, атты арбаға жегіп жолға шығайық . Бірінші ауыл «Ата ауылы».
Бұл ауылда сөздік жұмысын жасау керекпіз
Сөздік жұмысы
Тату-дружный
Жас- молдой
Кәрі- пожилой
Шағын- маленький
Жезде- зять
Жеңге-снаха
Іні- младший брат
Қарындас- младшая сестра
1. Сөздердің аудармасын дұрыс белгілеу
2. Сөздерді сәйкестендіру
3. Сөздердің аудармасын табу
1. мұғалім мәнерлеп оқиды.
2. оқушылар дауыстап қайталайды.
3. буынға бөліп оқиды.
- Балалар, осы сөздіктегі сөздер неге қатысты ?
- Отбасына
-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біздің отбасымыз» деп аталады.
- Қалай ойлайсыңдар, осы тақырып бойынша сендер не істейсіңдер?
- Мен ойлаймын, отбасы тақырыбына қызықты тапсырмалар орындаймыз деп.
- Талдау жұмыстарын жасаймыз.
- Жақсы, балалар, осы мақсатымызға жету үшін алдымыздағы тапсырмаларды мұқият орындайық.. Ал енді іске сәт!
Көп нүктенің орнына керекті дыбыстарды қойып, көшіріп жазу
..ке, ..ні, ..же, ..пке, сі..лі
Қолдану 6 ұпай.
- Балалар, келесі ауылымызға да келдік бұл «Әке мен бала ауылы» екен. Енді назарымызды тақтаға аударайық ./суретпен жұмыс/
-Суретте кімдер бейнеленген?
- Суретте атасы, әжесі, әкесі, шешесі, баласы, қызы, бейнеленген.
-Атасы мен әкесі не істеп отыр?
- Атасы мен әкесі шахмат ойнап отыр.
-Атасының жанында кім отыр?
- Атасының жанында әжесі отыр.
-Шешесі оларға не алып келе жатыр?
- Шешесі оларға алма алып келе жатыр.
- Сонымен оларды бір ауыз сөзбен қалай атаймыз?
-Отбасы
- Балалар, енді осы тақырыпқа байланысты оқулықтағы
5-тапсырманы орындайық.
1.Мәтінді оқу
2.Аудару
Талдау 8 ұпай.
-Ары қарай жүре отырып, «Немере мен шөбере ауылына» келдік.Бұл ауылда бізге мынандай тапсырма ұсынып отыр. Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.
Берілген сөздер: ата, аға, әпке, жеңге, әже,жезде, шеше,әке.
- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.
І топ – қыз
ІІ топ – әпке
ІІІ топ – жеңге
Жинақтау 10 ұпай.
- Балалар, біз сонымен «Шөпшек пен немене» ауылына да жеттік. Бұл ауылда деңгейлік тапсырма берілген.
Әркім өз деңгейіне байланысты тапсырманы орындайды.
ІІІ деңгей
1.отбасым, бұл, менің
2.бар, атам, әжем, әкем, шешем, сіңлім, отбасымда
3.кішкентай, сіңлім
4.тату, отбасымыз, өте
ІІ деңгей
Біздің отбасымыз…….. .Олар:……., …….., …….,………, және …….. . Атам мен әжем…….. .Әкем- ………. . Шешем-……… .Ағам (әпкем)- ……… .
Қарындасым (сіңлім) ……….. . Біздің отбасымыз ……… .
Бағалау 12 ұпай
- Сабағымыздың бағалау сатысында бүгінгі сабақта меңгергендеріңді байқаймын, сондықтан І деңгей тапсырмасы осы сатыда ұсынып отырмын. Тапсырманы орындау арқылы 12 ұпайға иеленеміз.
- Балалар, айтыңдаршы,бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт жыл мезгіл бар (интер. тақтадан жылдың төрт мезгілі бірінен соң бірі кезектесіп ауысып көрінетін сурет шығады)
- Енді назарымызды тақтаға аударайық, . Біз осы ағаштың жапырақтарының бір жағына бүгінгі сабақта саяхат жасаған ауыл аттарын жазып шығамыз.
-Екінші жағына өздеріңнің Жеті аталарың туралы жазасыңдар. /оқушылар өздерінің білгендерінше жазып шығады/
-Ал балалар, сендердің осы Жеті атаның ішіндегі өз орындарың туралы не айтар едіңдер? Мысалы: Мен шөберемін, өйткені менің әкем атама немере.
-Балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық.
3-тапсырмадағы өзіңе қатысты бірнеше сөйлемді көшіріп жазу. Тәрбие.орг сайтынан Ашық сабақ "Отбасы" 2 сынып қазақ тілді емес мектептерге Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багдатова Сымбат Муратовна

Астана қаласы №79 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar