Ауа райы және оны болжау.

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 288
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22756


Сабақтың тақырыбы: Ауа райы және оны болжау.
Сабақтың мақсаты: 1. Ауа райының құбылысы туралы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай – күйін арнайы метеорологиялық стансаларда байқалатын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу.
2. Ауа райы және оны болжау тақырыбынан оқып үйренгендерін халықтық болжаумен, бақылау, зерттеулермен салыстыра отырып, ауа райын болжауды өз тараптарынан білуді дамыту.
3.Зерттеу, зерделеу, тәжірибе,бақылау жасай отырып, еңбектенуге, өзін-өзі дамытуға, қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,
сұрақ –жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, термометрлер, су құйылған стакандар,
сөзжұмбақ , "ауа райы және оны болжау"слайд, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттік оқу кітабы.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы

ІІ . Жаңа сабақ
Ауа райын төрт мезгілдердің өз құбылыстарына қарай бөлеміз.Осы мезгілдерді әдебиеттік оқу кітабы қалай бейнелейді екен? Айтып жіберелік.
1.Көктем (Шахман)
2.Жаз (Нұрай)
3.Күз (Бинұр)
4.Қыс (Олжас)
Ия, дүнетану сабағымен қатар әдебиеттік оқу кітабы да айтып жатыр екен. Ендеше, мына сұрақтарға жауап берейік.

1. Ауа райы дегеніміз не? Сендер оны қалай түсінесіңдер?
2.Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет?

Ия, балалар өздерің түсініп әдеби тақпақтарда айтылғандай ауа райы жиі өзгеріп тұрады. Ауа райының жай-күйін метеорологиялық стансаларда бақылап отырады. Күн сайын белгіленген мерзімде ауаның температурасы, желдің күші мен бағыты, жауын-шашын, ауа қысымы,т.б. өлшенеді. Метеорологиялық стансалардан басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін Жерге беріп отырады.Осылай жинақталған мәліметтер арнаулы ауа райы карталарына түсіріледі. Осылайша таяу тәуліктегі ауа райынның жайына болжау жасалады. Ауа райын алдын ала болжау ұшқыштарға, теңізшілерге, ауылшаруашылық еңбеккерлеріне, көлік жүргізушілеріне және жалпы жұртшылық үшін қажет.
Хайуанаттардың қарекет-құлықтарына қарай ауа райы құбылыстарын болжау :
Қой-Қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе,ауа райы бұзылады.
Түйе- Қыста түйе ернін жиі жыбырлатып, құры жұтынса, көктем ерте туады.
Сиыр-танауын тартып, мойнын жиі-жиі былғақтатып мазаланса,дауыл не боран соғады.
Жылқы-жылқы жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады.
Термометрлердің түрлері: бөлме, медициналық, су, ауа.
Жылы,суық температураны градус көрсеткіші бойынша түсіндіру. Сұрақ жауап суретпен жұмыс.
Ауа – райының шартты белгілерімен таныстыру.
Әр ауа райына тән мынадай шартты белгілері бар. Оқушылардың өздерінен сұрап кету.
Аспан ашық- Аспан ала бұлтты-
Аспан тұтас бұлтты- Қар-

Оқулықпен жұмыс:
63-бет. 1,2-сұрақ.Суретпен жұмыс.
Суретті толықтыру, әр термометр қызметін айту.
Сарамандық жұмыс:
1.Тәжірибе: Стакандағы жылы суға термометрді сал. Нені байқадың?
2.Тәжірибе:Стакандағы суық суға термометрді сал. Нені байқадың?
3.Тәжірибе:Сынып бөлмесінің температурасын өлшеп,оны дәптерлеріне жазыңдар
Ойын «Ауа райы» .
Ауа райы диктант. .(жазбаша)
Жұмбақ: қар, ауа, аяз.
Қар, ауа, жылы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.(ауызша)
Электрондық оқулықпен жұмыс: Тақырып: Ауа райы және оны болжау. Тапсырма: 11.
Сөздерден сөйлем құраңыз.(ауызша). 1) Ыстық, ауа, райы, жазда,болады.
2) Көктемде, жауады, жиі, жаңбыр. 3) Сарғаяды, ағаштың, күзде, жапырақтары.4) Ауа, райы, бұлтты, кеше, болды.
Сәйкестігін тап: .(тақта)
Жел тұрады Жаңбыр
Жаңбыр жауады Күн
Күн ыстық болады Кемпірқосақ
Кемпірқосақ шығады Жел
Шартты белгілерді ата:
Табиғат бұрышы:
Сабақты бекіту:
1.Егер термометр +20 С0 ;-10 С0 ;- +5 С0 ; көрсететін болса, сен қалай киінер едің?
2.Ауа райын не үшін білу керек, түсіндір.
3.Бүгінгі ауа райы қандай, ол жайлы не айтасың?
4.Өз жатын бөлмеңде термометр қолданып көрдің бе? Ойыңды әңгімеле.
Бағалау: Өздерін өздері бағалау.
Үйге тапсырма: 16. Ауа райы және оны болжау. Кітаппен жұмыс 63-64 бет. Тәрбие.орг сайтынан Ауа райы және оны болжау. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Намазбаева Айжан Нұржанқызы

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Биология

Пікірлер: 0

avatar