Ауа және оның қасиеті

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 447
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20519


Мерзімі: 05.12.2016

Мектебі:Қызылорда қаласы №235
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3 «Ә»
Бастауыш сынып мұғалімі:Утегенова Роза Қасымқызы
Сабақ тақырыбы: Ауа және оның қасиеті

Жалпы мақсаты: Адам өміріндегі ауаның маңызын түсінеді;
Оқу нәтижесі Адам өміріндегі ауаның маңызын түсінеді..
Ауаның қасиетін еске түсіреді және атап шығады. Ауаның қасиеті туралы оқушының көзқарасын кеңейеді.
Негізгі идеялар Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады.
Тапсырма көздері • Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
• Мәтінді оқу, сыни тұрғыда талдау
• Ашық сұрақтар беру
• Кесте толтыру
Ресурстар Тәжірибе жасауға су,шыны ыдыс,топырақ,бейнежазба.
Миға шабуыл – 10 минут
Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару
Сабақ кезеңдері Іс-әрекеттің орындалуы
Топқа бөліну Әр түсті парақшалар алу арқылы 4 топқа бірігеді.Топ мүшелері өздері қызметтерін бөліседі.1 Топ басшысы
2 Хатшы
3 Бақылаушы
4 Сарапшы
5 Уақыт сақшысы
6 Бағалаушы
Ой қозғау Өткен сабақта үйге берілген тапсырма бойынша
Тәжірибелерін видеодан көрсету.
Табиғат құбылыстарына бақылау жасайды.
Семантикалық карта Дайын кесте беріледі.Кестедегі тапсырма бойынша табиғи ,жасанды денелерді анықтайды.
Оқушы аты:
Атаулары Табиғи дене Жасанды дене
1 Жапырақ
2 Машина
3 Сурет
4 Топырақ
5 Ұщақ
6 кемпірқосақ
7 Бұршақ
8 Қолшатыр
Бағалау критерийлері : 8 дұрыс жауап- 5
7 дұрыс жауап-4
6 дұрыс жауап-3

Тәжірибе жасау Барлық оқушылар аузын,мұрнын жауып бір минут турады.
Біз қанша уақыт ауасыз шыдай алады екенбіз?
Оқушы жауаптары алынады.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)
-Балалар,қазақта мынадай сөз тіркесі бар «Ауадай қажет»деген.
-Сендер бұны қалай түсінесіңдер? (СТО) Оқушылар жұмбақтың шешімін тауып ауа туралы өз ойларын білдіреді.
Ауа адам өміріне ең қымбат, қасиетті нәрсе болғандықтан ауаны ерекше бағалаған. Өте қажет затты ауаға теңеген.
Мағынаны тану-25 минут

Жаңа білім

Ауа, атмосфера ,ауаның ластану себептері, ауаның құрамы мен қасиеті жайлы таныстырылым көрсету.
Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр.
Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін Джозеф Пристли зерттеді.Ауаның құрамында 78% азот,1% көмірқышқыл газы, 21% оттегі болады.Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.Біздің ғаламшарды ауа қабаты қоршап тұр.Ауа қабатын атмосфера деп атаймыз.Атмосфера жерді Күн радиациясынан қорғайды.Ол болмаса,жердегі су әп – сәтте қайнап,ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді.
Әр адам тәулігіне 23-24 литр ауа жұтадыӨсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады.
Ауа – физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмір қышқыл газы бар. Біздер (жалпы ағзалар) тыныс алғанда оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарып отырады.
Тәжірибе жасау

1-тәжірибе 1) Ауаны кім көріп тұр
2) Ауаның түсі қандай екен?
Ауаның мөлдір және түссіз екенін дәлелдейді.

2-тәжірибе Әр топ стакандағы суға бір түйір топырақ тастайды.су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді?
3-тәжірибе Допты алады. Оны қолыңмен бүйірінен қыс.Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді. Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылады. Ал допты жерге немесе жарға ұрып қарасақ,доп ыршып,секіріп,жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда серпіледі.Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
4-тәжірибе Үйлердің терезелеріне екі қабатты әйнек қойылады. Неге деп ойлайсыңдар? Себебі екі қабат әйнектің арасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.Себебі ауаның бойынан жылу нашар өтеді.
Қыс кезінде тері тон,жүн қолғап неге киесің? Әрине тоңбау үшін. Олардың түгінің арасында ауа бар. Сол ауа денеңнің қызуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.
Оқулықпен жұмыс Тізбектей оқу арқылы 48-49-беттегі берілген тақырып оқылады.
Сергіту сәті Музыка ойналады. Әнге қосылып ,билейді
Ластама,былғама
Айналаны қоршаған.
Таза тыныс,таза ауа,
Сыйлайтұғын сол саған.
«Түртіп алу» әдісі Бейнежазба көрсетіледі.
Оқушылар өздеріне кейбір нарселерді түртіп алып,бейнежазбадан соң, айтып береді.
Топтық жұмыс Ауаны таза ұстаудың бес нақты ережесін құрастыру.
Әр топ бағдаршам арқылы бағалайды.
Рефлексия-10 минут
«Кір қыстырғыш» әдісі «Ауаны тазарту үшін не істей аламыз?»
Барлық оқушы болашаққа қадам ретінде өздерінің ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.
Бағалау • Бүгінгі құрбымның жетістігі (ОүБ )
• Топтың жетістігі (ОүБ )
Кейінгі тапсырмалар
48-49-бет оқу.
«Таза ауа» эссе Қосымша ізденіс тапсырмалары Тәрбие.орг сайтынан Ауа және оның қасиеті Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утегенова Роза Қасымқызы

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar