Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ хандығына 550 жыл
  • 31.12.2016
  • 125 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20733

Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
«№4 Шонжы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Куджакулова Алмагуль Кенжебековна
Тақырыбы : Қазақ хандығына 550 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Пікіралмасу Әдісі: Ой — қозғау
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер,кітап көрмесі.
Жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі 2. Кіріспе сөз. 3.«Қазақ елі» бейнеролигі 4. Тарихқа үңілсек бөлімі. 5.Қорытынды
Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы — «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.
Асылбек Армысыздар осы кештің қонақтары Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің Беделін көтерейік тарихтағы.
Аяжан Сәлем бердік кешіміздің көрермені Қазақтың ол аныққой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз Алдарыңда болашақтың өрендері
1 Жүргізуші: Біздің Отан кең-байтақ, Көп ұлттың мекені. Біз құшақты кең жайсақ, Әлем сыйып кетеді
2 Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан - Тәуелсіз Республика деп жарияланды.Содан бері тәуелсіз Қазақстанға міне 24 жыл толды. Мемлекетіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары егемендігіміз баянды болып Қазақстанымыз гүлдене берсін!
1 жүргізуші Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші. Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео ролигін ұсынамыз.
2 Жүргізуші: оқушылардың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар
Аяжан «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп, Бумын құрған Түріктің қағанатын
Перизат Егемен ел десем сеніп кіріп, Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан, Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті, Қазақ жері өнерлі, өсиетті.
Әділет пен бірлікке жанын қиып, Әділ өткен билердің туған жері
Бір ата, бір ананың түлегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! (хормен) «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Гүлдана Жауларын айбарымен алжастырған Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Мерей Армандап Түрік елін бай болсын деп Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ, Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Қайырбек Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған, Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Мира Түрік жұрты осылай өсіп – өнген, Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр, Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Аңсаған Кезінде жарты әлемді билеп тұрған , Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты, Ру –тайпа өзінше хандық құрған.
Руфат Айрылып айбынды түр келбетінде Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында, Қалалар Отырардай жер бетінен.
Перизат Түріктің бір бұтағы қазақ еді, Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып, Өмірге келген еді Қазақ елі.
Ерасыл Алтай мен Атыраудың арасында, Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп, Хандық құрды қазақ өз даласында
Мұрагер Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп, Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз.
1 Жүргізуші Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қатанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
2 жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі» /Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
Қайырбек Ассалаумағалейкум, ағалар. Ақжолтай Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Қайырбек Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Ақжолтай Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Қайырбек Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Ақжолтай Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Руфат Мұрагер Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Қайырбек Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Ақжолтай Керей: Жолыңды Алла қолдасын, Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы, Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай, Отбасыңмен аман — есен табысқын. Әумин.
1 — жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Монғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
2 жүргізуші:- М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек — қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 — 1466 жылдары.
1 — жүргізуші: 1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
2 — жүргізуші:Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Би «Қара жорға» Мерей, Гүлдана,Аңсаған
1 Жүргізуші Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.
2Жүргізуші Арманы жүзеге асып бабалардың, Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен , Нақақтан шәйіт болан ағалардың.
1Жүргізуші: Далада дұман, қалада жыр бүгін, Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан ! Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
2Жүргізуші: Кең байтақ, көз жеткізбейтін жерім менің Таулы арман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!
Ән: Жаса Қазақстан
Аружан Аманаты Абылайдың орындалды, Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың, Төрінен лайықты орын алды
Мұғалім :- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен? - Қазақстан
- Қазақстан жері қандай? - Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты.
- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Гимініміз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Ернат Қазақстан тарихы Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Руфат XVIII-XІX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресей қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан – ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
Аңсаған XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына қарсылық көрсеткендер оққа ұшты. 1930-32 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9млн халықтың 3млн- ы опат болды.
Арай 1937-38 жылдары қазақ халқының зиялы қауым өкілдерін қынадай қырды.
Аяна 1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
Ернат 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Арай Еркіндікке желтоқсаным бастады, Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады
86 жаңғырығы жар салып «Тәуелсіздік» ұлы ұранын тастады
Аружан Елемепті қысқы ызғар суықты Өне бойын жастардың қан жуыпты
Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулы Өз халқының бағы болып туыпты
Мерей 20 жылдай тәуелсіздік туғалы Қазақ елі бірлікке бел буғалы
20 жалдай қазақстан халқының Өз тағдырын өз шешіп тұрғаны
Ерасыл Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп
Гимнді шарықтата шырқаймыз Бабаларды еске алып ержүрек
Жандарбек Тәуелсіз аппақ таң атты, Сейілді көктен бұлтты күн.
Үш ғасыр күткен азаттық Қазағым үшін құт бүгін.
Мира Атыңнан айналайын, егеменді ел Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Мұғалім :Тәуелсіз еліміздің астанасы. Астана туралы не білеміз? Қазақстан қашан тәуелсіздік алды?Астана Қазақстанның нешінші астанасы? Елорда ажарын асқақтатар орындар? Астана туралы өлең шумақтарын жатқа айту.
Амир Қазақстан елордасы-Астана. Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы. Елордам қалқым үшін ерен бөлек,
Рамазан Ұлттық рәміздер.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп, Қазағым сен қашанда тұғырдасың.
1.Елтаңба авторлары кімдер? Тудың авторы кім? Гимннің авторлары кімдер? Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?Қазақстанның ұлттық ақшасы қашан айналымға енді?Ата Заңымыз қашан қабылданды?
Ақмарал Қазақстан-ғажапстан.
Сұлу дала менің сүйген еркемсің, Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным, О, туған ел, тамашасың, көркемсің!
Мұғалім:Оқушыларға интерактивті тақтадан суреттерді көрсете отырып өз еліміздің жетістіктері туралы айту.
Карим Ағайын – туған – бар адам, Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбаттуыстық, Баянды болсын тыныштық!
Бір шаңырақта табысқан Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз.

1Жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Толғанай Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан, Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.
- Балалар, сонымен Отан деген не екен?
Балалардың жауабы. Отан деген Атамекен Отан деген туған жер, Отан –ана, Отан – үлкен Қазақстан туған ел.
Ән «Ақ сиса » (ұлдар орындайды)

2Жүргізуші: Еліміздің жетістігін бүгінгі, Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу, Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.
1жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары ШаймукаеваАйсара апайға беріледі.
2 жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1жүргізуші: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар, Әлемде егемен Қазақстан бар,
Оның көп ұлтты, тату ынтымақты халқы бар, Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар,
Ең бастысы – бүгіннен нұрлы кемел болашағы бар, Ел сенер Елбасы Президентіміз бар.
Жүргізуші: Хор «Атамекен»
Аяна Өркендеп алға басты Қазақстан, Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен, Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Жалғас Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы, Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың, Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
2 жүргізуші: Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ хандығына 550 жыл Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куджакулова Алмагуль Кенжебековна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Қазақ, хандығына, жыл, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, 550
Көрсетілім: 125 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar