Б дыбысы мен әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 454
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20767


Бекітемін:
Тақырыбы:Б дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1.Білімділігі:б дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;
2.Тәрбиелігі: сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
3.Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін,есте сақтауын,ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау;
Көрнекілігі:дидактикалық материалдар
Пән аралық байланыс:дүниетану
Сапбақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Біздің мақсатымыз: Білім алу,
«5»-ке оқу,
Еңбек ету.
2.Білімді еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Бағандағы сөздерді оқу.
2. «Қар» мәтінді оқу.
3.Шығармашылық тапсырманы оқу.
3.Шешілуі тиіс мәселе қою.
Білімді жаңалық ретінде өздерінің ашуы.
1.Жаңаны меңгерту.
Көрнекілікпен жұмыс.
Суреттен не көріп отырмыз?
Бақа. Ол қайда мекендейді?(құрлықта,суда,шалшық жерлерде)
Суда тағы нелер болады? (балық) балық сөзін талдайық,буынға бөлейік.
2-дауысты,3-дауыссыз дыбыс бар.

Бақа,балық деген сөздердегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
Б-Б-Б—еріннің бір-біріне әуелі нық тиіп,артынша кілт ашылуынан пайда болатын,қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс.
Б сөздің басында,ортасында кездеседі.
2.Оқулықпен жұмыс.
2.Бағандағы жаңа сөздерді оқу,таныстыру.
Ба ла ба та бор Бо та
Ба ба бо та бал Бо лат
Бала балақан балапан ботақан
3.Есте сақтайық!
Есте сақтайтын сөздерді түсіндіру.
Баба,бала (б—л) дыбыстарының орны ауысып әр түрлі мағына беріп тұр.
4.Шығармашылық жұмыс.
Сурет бойынша әңгімелеп,сөйлемді буынға бөліп оқу.
-Болат,ба-ла-пан-дар-ға қара.
5.Жазу жолындағы сөздер мен сөйлемдерді оқу.

6.Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
7.Дәптермен жұмыс.
1.Ауада жазу.
2.Баспа түрімен таныстыру.
3.Жазу үлгісімен таныстыру.

8. «Шашылған әріптер» ойыны.
1.Бор, бала сөз құрастыру.
9.Тақтамен жұмыс.
Сөздер,сөйлем жазу.
Мата,бал. Бота бал ал.

10.Өз беттерімен оқу.
1.Бағандағы сөздерді оқу.
2.Сөйлем оқу.

11.Қорытынды.
1.-Қандай дыбыспен таныстық? «Б»
2.« Сөз ойла, тез ойла» ойыны б дыбысына сөздер ойлау. Тәрбие.орг сайтынан Б дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бакытгул Бактыгали

Пікірлер: 0

avatar