Б. Соқпақбаев Шал мен бала

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 246
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22597


Күні: 05.01.17.
Сынып: 3 «Ә
Мұғалім: Бекбенбетова Г.К
Тақырыбы: "Тапқыр достар"
Мақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өзбетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру ,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру
1 топ «Алғырлар» тобы
2 топ «Білгірлер» тобы
3 топ «Зейінділер» тобы
I-тур « Кім жүйрік »
1-тапсырма.
Топбасшысына арналған сұрақтар
1 топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.1993 ж)
3. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
4. Күйді орындаушы адам ( күйші )
5. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
6. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
7. Суретші ата? (ә. Қастеев)
2топ
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2.. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
3..Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
4.. Көру мүшесі не?
5. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
7. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?(Енін ұзындығына көбейтеміз)
3топ
1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
2. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
5. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
6. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
7. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
II Тур «Ойлан,тап!»
1 тапсырма: Құпия хаттарға жауап беру
I -топ
Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірік
айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным
сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
II-топ
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде
үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші
балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
III-топ
Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып
келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын
алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің
не істегенім дұрыс?
2-тапсырма: Мәтінен үзінді:аты,авторы
1топ
Шынында да бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен? Ондай бала тірі
болуы тиіс.Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса ,
Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!Жусанның иісін сағынбауы мүмкін
емес қой. ( Жусан иісі. С.Мұратбеков)
2-топ
-Иә,Қызыл Жебе,Сахалин тым-тым алыс.Әрі десе,міне, біздің жылы жаққа да қыс түсейін деді. Ал, Сахалинде қазір қақаған аяз. Ондағылар ит жеккен шана мініп жүреді.- Ол қайтадан картаның алдына барды.( Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар.)
3-топ
Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдында жас туған төлдерге қуанысып, жапа-тармағай жүгірген балалар, қарбалас өмір елестеді. Құлағына құстың қуанышты қиқуы келгендей болды. (С. Бегалин. Қырдың жас түлегі.)
3-тапсырма: «Айшықты сөздер»
Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі
пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі.
Ойланып,мағынасын айтуларың керек.
1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2.Бетінен оты шықты(ұялу)
3.Ит өлген жер (алыс)
1.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)
3.Таяқ сілтем жер (жақын)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)
III-тур « Кім жылдам ? »
1 тапсырма: "Сиқырлы сандар"
1 топқа. Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп,оның маңдайынан сүйеді.
2 топқа. Сызба байынша сөйлем құрап,қыстырма сөзді тап.
3 топқа. "Сыйлық"
2-тапсырма:Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады,
тас жармаса... (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)
2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
4.Басқа пәле...(тілден )
5.Тілге құрмет-...(елге құрмет)
3-топ
1.Өз үйім...(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4.Ғылым теңіз,...(білім кеме )
5.Оқу инемен.....(құдық қазғандай )
IV-тур « Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, екі тілге аудару.
1. Әттең,даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.(кітап-книга)
2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)
3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)
4. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
5. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка)
6 .Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса)
7. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
8. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
9. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)
V-тур « Қас-қағым сәт»
Білім шыңына шығу шығу үшін сұрақтарға жауап береміз.
1.Ағашта 9 құс қонып отыр. Аңшы 1құсты атып түсірді. Ағашта неше құс қалды?
2. 1аяқпен тұрған қораздың массасы 5кг. 2аяқпен тұрса массасы қанша болады?
3. 1метрде неше см бар.?
4. 1тоннада неше кг бар?
5.8-дің квадраты нешеге тең.
6.Алманың жартысы неге ұқсас.
7.1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?
8. Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады.
9. Әріпті өрнек дегеніміз не.
10. х/70=9 теңдеуін шеш.
Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Б. Соқпақбаев Шал мен бала Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекбенбетова Гульмира Калкамановна

Қарағанды облысы Балқаш қаласы №5 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar