Бала тілі бал Тілашар

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 600
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19144


Тақырыбы: «Бала тілі - бал»
Мақсаты:Мектепке келген балаларды мектеп өмірімен таныстыру, олардың оқуға, білімге деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру,балалардың тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту, дүниетанымын кеңейту,оқу-білім, өнерді жаны сүйетін,білімділікті мақсат еткен, білімге құштар ұрпақты,болашаққа сенімді азаматтарды тәрбиелеу.
Көрініс:
Бала: Әже Диас мектепке барайын деп жатыр екен. Мен бармаймын ба?
Әже: Әрине барасың құлыным.
Бала: Мектеп деген не апа?
Әже:Мектеп ол білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да , жазушы да, дәрігер де ғалымда бәрі – бәрі білім алған.
Бала: Әкем де, анам да мектепте оқыған ба?
Әже:Иә тіпті мен де, атаң да мектептен білім алғанбыз. Жүреғой құлыным.
(Қызы немесе баласымен көшеге шығады, алдынын көршісі жолығады)
Әйел: Амансыз ба апа? Мектепке шықтыңыздар ма? Бірге баратын болыппыз ғой.
Әже: Иә мына немеремді Сейфуллин мектебіне алып бара жатырмын. Естуімше аудандағы мықты гимназия мектебі дейді ғой.
Әйел: Иә Ауданымыздағы білімі де, тәрбиесі де өте жақсы гимназия мектеп қой. Ондағы ұстаздар да, мектеп басшылары да өте білімді. Өзім де сол мектептен білім алдым.
Әже, Е,е,е,е дұрыс екен.
Әйел: Мектепке де келіп қалыппыз ғой. Анау есік алдындағы тұрған дайындық сыныбының мұғалімдері. Жүріңіз жолығайық.
(Мақпал тұрады)
Мақпал:Саламатсыздар ма? Қош келдіңіздер. Балалар мектепке білім алуға келдіңдер ме?
Балалар: Иә, иә...
МАҚПАЛ: Ендеше балалар жүріңдер сендерді мектеппен таныстырайын. Бұл мектеп балалар белгілі ақын – жазушы, қайраткер Сәкен Сейфуллин атамыздың атымен аталады. Бұл мектепті көптеген (Балалар сахнадан шығып арттағы оқушыларға қосылады)
Фериде: Құрметті ата –аналар ең алғаш балаларыңыздыдайындық сыныбына алып келген кездеріңіз есте болар. Содан бері міне 1 – жылда өте шықты.
Мақпал:Иә кешегі бүлдіршін, бүгінгі даярлық сыныбының түлегі.Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шәкірттерімізді шақырайық.(Оқушылар ортаға шығады)

Фериде: Айналайын балалар,
Сендерде ой сана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар
Мақпал: Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың!
Фериде-Мақпал бірге: Қанекей,тойымызды бастайық!!!
БИ: Ұлдар мен қыздарымыздың орындауында. ВАЛЬС
ЛАНА: Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар,
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар.
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың.
ДИЛЬНАЗ: Алмысыздар,қадірлі қонақтар мен қымбатты бүлдіршіндер, Міне бүгін сіздер осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің «ТІЛАШАР» мерекесіне жиналып отырсыздар.
ЛАНА:1 жыл ішінде бүлдіршіндеріміз әріптермен танысып, сауатын ашып,жаза да оқи да алады. Кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған даярлық сыныптарының бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, бүгінгі тойымызды ашып беру, үшін мектебіміздің басшысы сүйікті ұстазымыз Нұртаев Санат Ағайымызды ортаға шақырсақ.
ДИЛЬНАЗ: Ланида мен бүлдіршіндерімізге сұрақ қойғым келіп тұр қалай ойлайсың, жауап бере алар ма екен?
ЛАНА:Әрине жауап береді.
ДИЛЬНАЗ:Балалар, біз қайда тұрамыз?
Балалар: Қазақстанда
ЛАНА:Біздің елбасымыз кім?
Балалар: Н.Ә.Назарбаев.
ДИЛНАЗ:Біздің ауданымыз қалай аталады?
Балалар: Сайрам ауданы.
ЛАНА:Қай мектепте оқисыңдар?
Балалар: № 20 С.Сейфуллин мектеп- гимназиясында.
ДИЛЬНАЗ:Қалай Ланида Қанағаттандың ба? Ендеше бүлдіршіндер мектеп туралы не білетінін тыңдайықшы.
1 – оқушы: АЯНА
Армысың мектеп ар – бесік
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

2 – оқушы НҰРЗАТ
Армысың мектеп киелім,
Мен сені сондай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен,
Рухы бай елге иемін.
3-оқушы НҰРСАЯТ
6 жасқа біздей толған баланы.
Мектеп ана құшағына алады
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды биыл міне балаңыз...
4 – оқушы ЕРАСЫЛ.Б
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді.
Білім жиып өсемін,
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
5 – оқушы НҰРСАНА
Омырауда қуаныш,
Мен бүлдіршін баламын.
Енді жайнап нұр жүзім.
Мен оқушы боламын.
6 – оқушы БЕКЗАТ
Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
7 – оқушы ТОҒЖАН
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.
ЛАНА: Тамаша балалар, рахмет!
Мектеп туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер енді біз мектеп туралы әндеріңді тыңдайықшы.
ДИЛЬНАЗ: ХОР: СӘЛЕМ САҒАН МЕКТЕБІМ!
ЛАНА:Балалар, мектепте тәрбие үйретіп, білім берген ұстаздарыңа айтар алғыс құрметтеріңді тыңдайықшы.
8 – оқушы ЖАРАС
Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

9- оқушы НҰРИСЛАМ
Мынау менің сезгенім,
Ол сыныптың анасы,
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы.
10-оқушы ГҮЛСІМ
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа арман жоқ.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
11 – оқушы САУРАН
Мұғалімді жақсы көрем анамдай,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай,
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады ой алла –ай.
12 – оқушы ДАРИЯН
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал,
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзі бар.
ДИЛЬНАЗ:Жарайсыңдар не деген керемет сөздер, ұстаздарыңды өте жақсы көреді екенсіңдер. Олай болса ұстаздарға арнап ән айтып беріңдерші.
ЛАНА: Ұстаздар жақсылықтың жолашары.
Қолында шәкірттің болашағы.
Өмірде алға қарай өрлететін
Сіздер ғой Ұлы Отанның болашағы дей отырып кезекті Сұлтан ұлдарыңыздың орындауында «Ұстазым» әніне береміз.
ДИЛЬНАЗ: Лана бүлдіршіндеріміз мектепте, ұстаздарының үйретуімен сауат ашып, санап үйреніп,жұмбақ, мақал мәтелдер жаттапты.
ЛАНА:Олай болса бүлдіршіндермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Балалар, мен сендерге дыбыстардыайтамын. Сендер дауысты болса бір қолдарыңды дауыссыз болса екі қолдарыңды көтересіңдер. Жарай ма?
А,Б,Ә,Ө,С,Ш,Н,Қ,Ы....
ДИЛЬНАЗ:Керемет, жарайсыңдар. Балалар енді сандардысөйлетіп көрейікші.(1,2,3,4,5 деген сан ұстаған оқушылар ортаға шығады)
13-оқушы МҰХАММЕД
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.
14-оқушы А.ЖАНЕЛ
Бірден кейін мен тұрамын.
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда.
Мен шығамын шырағым.
15 – оқушы ЕРАСЫЛ.Т
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұамын.
Орыныма барамын,
Екі айшық саламын.
16 – оқушы ӘЛ-МҰХАММЕД
Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
17 – оқушы ДИЯС
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағымен,
Оңай табасың бесті.
ЛАНА:Сая біздің бүлдіршіндеріміз математика сабағынан әзілдер дайындап келген екен...
ДИЛЬНАЗ:Ендеше, неге тұрмыз, әзілге кезек берейік...
КӨРІНІС: НҰРСАНА+ЕРЕСЫЛ
Математика сабағынан көрініс.
Мұғалім: 3+3 қанша болады?
Оқушы: (Үндемейді. Басын қасып тұрады)
Мұғалім: Ендеше саған басқаша түсіндірейін мына жақтан үш ат шауып келеді. Оған тағы үш ат қосылды барлығы қанша ат шауып келеді.
Оқушы: Уффф апай шаңнан түкте көрінбейді ғой(жан – жағына қарайды)
КӨРІНІС: Әкесі мен баласы ДАРИЯН+САУРАН
Әкесі: Балам сабағыңнан неше алдың?
Баласы: (күнделігін көрсетіп) – міне 5 алдым!
Әкесі: Қайдағы бес? Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік. Неге айтасың өтірік?
Баласы: Ой папатай, есіпті.
Білмеуіңді қарашы,
Үшті қоссаң екіге
Бес болмайма санашы.(Бала қашып кетеді. Әкесі соңынан кеттеді)
ЛАНА:Иә, бір көңіл көтеріп, сергіліп алдық. Енді сахнаға бишілерді шақырғымыз келіп тұр.
ДИЛЬНАЗ: Бүлдіршіндеріміздің орындауында Би «КӨБЕЛЕК» тамашалайық .
ЛАНА:Балалар, кім мақал мәтелдер айта – алады. Қане ортаға келіңдерші. (4 – оқушы шығады)
АМИНА 18- оқушы. Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы.
МЕРУЕРТ 19 – оқушы. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
АБДУЛЛАХ 20- оқушы. Еңбек түбі зейнет.
Данияр:21 – оқушы. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
АМИНА 18- оқушы. Отан отбасынан басталады.
МЕРУЕРТ 19 – оқушы. Отан үшін отқа түс күймейсің
АБДУЛЛАХ 20- оқушы. Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.
Данияр:21 – оқушы. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.
ДИЛЬНАЗ:Әдептілік демекші балалар, әдептілік туралы не білеміз.
22- оқушы АЯУЛЫМ
Біз үлкендердің тілін алып, үлкендерге жол береміз.Орнымыздан тұрып орын береміз
23 – оқушы МАНСҰР
Үлкендерді сыйлайтын.
Кіші қамын ойлайтын.
Сүймейміз жат әдепті.
Баламыз біз әдепті.
ЛАНА:Рахмет балалар, сендердің үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болатындарыңа біз сенеміз. Ендеше, кішілерге қалай ертегі айтып береді екенсіңдер, бір қиялға беріліп ән тыңдайықшы.
ДИЛЬНАЗ:Меруерт қыздарыңыздың орындауында «ЕРТЕГІЛЕР» әнін қабыл алыңыздар.
ЛАНА: Тамаша ертегілер еліне бір саяхаттап келдік ау. Ділназ Біздің бүлдіршіндеріміз, дайындық сыныбында жақсы білім алғандығы көрініп тұр. Бірінші сыныпта оқуға дайын сияқты қалай ойлайсың?
ДИЛЬНАЗ:Солайы солай ау, әйтсе де біздің бүлдіршіндеріміз еркелікті тастап, ауыр сөмкені көтеруге дайын ба екен көргім келіп тұр.
ЛАНА:Оны қалай байқамақсың....
ДИЛЬНАЗ:Ол үшін, ортаға екі сыныптан екі оқушы келсін, мына сөмкеге стол үстінде жатқан оқу құралдарын , оқулық дәптер рет – ретімен, жылда салып сөмкені асынып қасыма келсін.
ЛАНА:Кеттік ендеше ортаға кім шығады? (екі оқушы шығады)
24- оқушы. Сұлтан
Ойыншықтармен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға әліппені аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол.
Оқушы болды, міне енді балаңыз.
25- оқушы Мейіржан
Өсті міне санамыз,
Елжірейді жүрегім.
Даярлыққа әрқашан.
Алғыс айтып жүремін.
ДИЛЬНАЗ:Хор: Бау бақша белдер
ЛАНА:Бүгінгі қүн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық ғой әр елде дей келе кезекті сіздерге алғыс білдіргісі келген бүлдіршіндерге берейік

АЛҒЫС АЙТУ
АЯНА: Бізді тәрбиелеп өсірген, керегімізді әрқашан алдымызға тосқан ата – анамызға РАХМЕТ.
МЕЙІРЖАН:Әріпті танытып, санап үйреткен, білім бағына жол ашқан ұстазымызға – РАХМЕТ
АЯУЛЫМ:Өзгетілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші бізге ағылшын, орыс тілін үйреткен ұстаздарымызға – РАХМЕТ
ДАРИЯН:Бізді өркендетіп, әрі қарай жетелейтін ұстаздарымызға -РАХМЕТ
ДИЛЬНАЗ:Иә, ұстаздар, ата – аналар бүлдіршіндердің өздеріңізге деген алғысы ретінде тағы да өнерге кезек берейік.
ЛАНА:Ұлдарымыздың орындауында би сахнаға шақырамыз.
ДИЛЬНАЗ
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді.
Білімнің нәрлі сырына.
ЛАНА
Болдыңдар енді оқушы,
Оқитын әрі жазатын.
Білімге қол созатын.
Құтты болсын қарағым
Оқушы деген жаңа атың.
ДИЛЬНАЗ
Иә, құрметті қонақтар, бүгін бүлдіршіндеріміздің білімін байқап, өнерін тамашаладыңыздар. Оқушы деген жаңа атқа ие болып отырған бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып оқушыларының қамқоршысы, құрметті ұстазымыз, Жамила апайды сахнаға шақырамыз.
ЛАНА:Рахмет Жамила апай Қымбаты мектеп басшылары, ата – аналар , ұстаздар сіздердің де тілектеріңізді тыңдағымыз келіп тұр. Келіңіздер...
ДИЛЬНАЗ: Қымбатты қонақтар, бүгінгі Тілашар тойымызды аяқтай отырып, келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамыз сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Бала тілі бал Тілашар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar