Бастауыш білім беруде математика пәні арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың маңызы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 532
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22481


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Педагогика» кафедрасы

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Баяндама

Тақырыбы: Бастауыш білім беруде математика пәні арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың маңызы

Орындаған: ПМНОк13-1 тобының
студенті Қожан Айгерім Мұхитқыз.

Шымкент -2017
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі күні толассыз, үздіксіз және зор қарқынмен еселеп өсіп отырған ғылымның әр саласындағы мағлұматтардың ішінен қажетті және жеткілікті мөлшердегі деректерді іріктеп алып,білім мазмұнының мейлінше үйлесімді түрлерін қоғамдық дамудың нақты деңгейінен туындайтын талаптарға сәйкес анықтауға тура келеді.
Болашақ мектептің білім мазмұнын жаңартуда, жалпы даму процесінен озып отыру бағытындағы үнемі ізденістерді, зерттеулерде болу, пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек. Бастауыш мектепте жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізумен ғана іске аспайды.
Бұлармен бірге әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушының ой-өрісін дамытып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізуді талап етеді. Олай болса, пәнаралық байланыс – пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын жүйеге келтіреді.
Педагогикалық әдебиетте, ғылыми еңбектерде, мерзімді баспасөз беттерінде пәнаралық байланыс жөнінде жоғары сыныптарға қатысты мәселелер көбірек айтылады. Ал “Бастауыш мектептегі” пәнаралық байланыс мәселелері “Бастауыш мектеп” журналында жарияланған А.Орынбаеваның, О.Әлиеваның, Р.Сағадиеваның, М.Ысқақовтың және тағы басқа мақалаларында қарастырылған.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.
Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.
Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.
Математиканы оқытуда ана тілі пәнімен байланысы. Ана тілі бастауыш мектептегі негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Ана тілінде оқу, жазуға дағдылану барысында басқа пәндерді оқытуға жол ашылады. Бұл жөнінде атақты педагог К.Д.Ушинский былай деген болатын: “Бастауыш мектепте алғашқы математика сабақтарынан бастап-ақ оқушыларды натурал сан ұғымы қалыптаса бастайды және бұл ұғым бүкіл бастауыш оқыту барысында онан әрі дамытылады. Сан туралы алғашқы ұғымның негізінде оқушылар тіл сабақтарында сан ұғымын сан есім ретінде оқып-үйрене бастайды. Сан ұғымының математика оқулығындағы сипаттамасы оның тіл сабақтарындағы сан есім ретіндегі сипаттамасынан бұрын беріледі; сондықтан оқушылар математикада да, тіл сабақтарында да сан ұғымымен танысады.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында бірден онға дейінгі сандардың әрқайсысын енгізуде халық ауыз әдебиетінің бір саласы – санамақтарды қолданудың мол мүмкіншіліктері бар.
Мәселен, бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үскі,
Төрт дегенім – төсек,
Бес дегенім – бесік,
Алты дегенім – асық,
Жеті дегенім – желке,
Сегіз дегенім – серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он дегенім – оймақ, .
Сондай-ақ, сан ұғымын енгізуде санамақ айтыстарды да кеңінен қолдануға болады. Мысалы:
- Бір!
- Бетің кір!
- Екі!
- Маңдайынан шекі!
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық балйанысты жүзден асыруда санға байланысты жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді де пайдаланудың мол мүмкіндігі бар.
Жаңылтпаштар:
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?!
Жұмбақтар:
Төсек астында төрт бауырсақ,
Бас бармағым бауға барды,
Сұқ саусағым суға барды,
Ортан қолым орақ орып,
Алты жоғым ағаш жарды,
Жұмсапты алақаным
Тек шынашақ – балапаным.
(бес саусақ).
Мақал-мәтелдер:
“Есеп, есеп білмеген есек”,
“Есепсіз дүние жоқ”,
“Саны бардың мәні бар”, т.с.с.
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда сан ұғымының халық ауыз әдебиеті мұралары санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.с.с. көмегімен енгізілуі математика мен тіл сабақтарындағы ұғымдардың айырмашылықтарын жоюға мүмкіндік береді және мұғалім мен оқушылардың қызметін едәуір жеңілдетеді.
Математика сабақтарында тіл сабақтарымен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқушылардың математикалық тілінің жүйелі қалыптасуына, осы пәндердің өзара байланысын терең түсінуіне көмектеседі.
Математика мен дүниетану пәндерінің байланысы тарихи байлыққа толы. Шын мәнісінде, математика ғылымының жетістіктері табиғаттану ғылымдарының ғылым ретінде дамуына себепші болса, екінші жағынан табиғаттану ғылымдарының мәліметтері математикалық зерттеулердің объектісі болды.
Математикалық есептеулерсіз картадағы немесе пландағы масштабтарды анықтау және т.с.с. мәселелерді шешу мүмкін емес. Сонымен бірге, кейбір жекелеген математикалық ұғымдарды түсіндіргенде географиялық материалдарды пайдалануға болады. Математиканың айнала қоршаған ортамен, яғни табиғаттану пәнімен байланыста болуының үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл әсіресе математиканың есеп шығарудағы материалында айқын көрініп тұрады. Бізді қоршаған ортаны сипаттайтын, сондай-ақ, аудан, өлке немесе еліміздің аймақтық ерекшелігімен байланысы сан мәліметтер оқушыларды Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті тәрбиелеудің баға жетпес ба материалы болып табылады. Оқушылар оқулықтағы есептерді ғана шығарып қоймай, өздерін айнала қоршаған ортаны сипаттайтын сан мәліметтерін пайдаланып, өздері құрнастырған есептерді де шығаруы керек. Сонда есеп құрастыруға арналған материалдарды оқугшыларды қызықтыратындай етіп, сонымен қатар құрастырылған есғептің мазмұнына кірген географиялық терминдерді түсіндіруге көп уақыт кетпейтіндей етіп сұрыптап алу керек. Есеп құрастыруға байланысты қажетті материалдарды оқушылар мұғалімнің басшылығымен өзін қоршаған ортадан, сондай-ақ табиғаттану оқулығынан немесе экскурция кезінде жинаған мәліметтерінен өздері тауып алуға үйренулері тиіс.
Математика сабақтарында дүниетану материалдарын пайдалану, математиканың табиғаттану пәніндегі қолданылуын нақты деректермен көрсету сабақты жандандыруға, оқушылардың математикалық білімінің баянды болуына, олардың танымдық белсенділігін арттыруға, математикалық біліктері мен дағдыларының шыңдалуына игі әсер етеді. Табиғат құбылыстарын бақылауға, өлкетану материалдарын жинау және оларды математикалық талдауға оқушыларды жиі қатыстырып, математика мен табиғаттану пәндерін байланыстырып оқытса, сабақтың сапасы артып, тиімділігі жоғары болмақ.
Математиканы оқытудың еңбек сабағымен байланысы. Математикалық тәсілдер кең қолданыс табатын пәндердің бірі еңбекке үйрету пәні болып табылады. Демек, бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында еңбекке үйретумен пәнаралық байланысты күшейту оқушылардың практикалық жұмыстарды өз бетімен орындай алу дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.
Математиканы оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының өмірге деген көзқарасын қалыптастырумен, білім өрісін кеңейтумен қатар, әр шаруашылық салаларына байланысты еңбектің маңызын, мазмұнын олардың санасына жеткізуге, адам еңбегін бағдарлауды үйретуге болады. Бастауыш мектеп оқушылары шамалар және оларды өлшеу жөніндегі алғашқы дағдыларды нақытыл және балаларға таныс материалдарды пайдаланып, математика және еңбекке үйрету сабақтарында жұмыс істеген кезінде алады. Математиканы оқыту барысында оқушыларды практикалық жұмыстармен қатар еңбек сабақтарында орындалатын қоғамдық пайдалы жұмыстардың нәітимжелерінен алынған мәліметтерді пайдалан отырып, есептер құрастыруды үйренулері керек.
Еңбек сабақтарында сызудың алғашқы теориялық негіздерін қалыптастырады және Математикада қалыптастырылыған геометриялық фигураларды салу мен өлшеу дағдылары еңбек сабақтарында одан әрі шыңдалады. Сондықтан мұғалім оқушыларға Математика сабағында қарапайым геометриялық қағидаларды дұрыс үйретіп қана қоймай, шамаларды дұрыс өлшеу және фигураларды дұрыс салу жағына да жете назар аударуы тиіс. Мәселен, мектеп тәжірбиесінен көпшілік балалардың еңбек сабақтарында сантиметрлік сызғышпен өлшеп салуды оның бір деген шкаласын бастайтындығы байқалып жүр. Мұның себебі, математика сабақтарында өлшеу мәселелерін тереңірек және тәжірибелік мәселелерге байланыстыра оқытуға көп көңіл бөлінбейтіндігінен деп ілеміз. Математика сабақтарында сызғыш, циркуль, транепортир сияқты сызу құралдары кеңінен пайдаланылады. Осы құралдарды математика сабақтарында ұтымды пайдалану бір жағынан қарапайым салу есептерін шешу тиімділігін арттырса, екінші жағынан еңбеке үйрету пәніне қажетті дағдыларды ұштауға көмектеседі. Ендеше сызу құралдарын ұтымды пайдалану шеберліктерін қалыптастыру бастауыш мектепте математиканы оқытудағы маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.

Математиканы оқытудың бейнелеу өнерімен байланысы.
Бастауыш сыныптарды математика мен бейнелеу өнері пәнін оқытудың байланысы ұғымдық байланыстарға негізделген. Шын мәнісінде бұл екі пән де нақты дүниенің кеңістік формаларымен сандық қатынастарын үйретеді. Сондықтан математика мен бейнелеу өнерін оқытудың байланыстарын нығайту себептерінің бірі- оқушылар математикада да бейнелеу өнері сабақтарында да қандай да бір фигуралардың сызбаларын салуды үйренеді. Мәселен; математика сабақтарында математикалық мағынадағы суреттерді салғызу мәселелеріне 1-сыныптан бастап-ақ көңіл отырылады.
Математика мен бейнелеу өнері пәндерінің байланысын нығайтудың басты мәтіндерінің бірі оқушы қандайда бір сызбаны орындағанда немесе суретті оның математикалық мағынасын білумен бірге, конструкциялық мәнін де түсінуі тиіс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қарапайым салу есептерін шығару барысында сызба салудың теориялық негізімен қатар оның іс жүзіне де орындалуына да баса назар аударған жөн.
Бастауыш сыныптың математика курсында геометрия элементтерімен бейнелеу өнерін байланыстыру кеңістік мәселелерді, яғни стенометриялық материалдарды оқытуға пәрменді дайындық болып табылады.
Кейбір жағдайларда суретке немесе сызбаға қарап есеп құрастыру талап етіледі. Мұндай жаттығуларды орындау бастауыш мектеп оқушыларының кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне тығыз байланысты. Бейнелеу өнері пәні оқушылардың математикалық ойлау қабілетінің дамуына, математикалық білітері мен дағдыларының қалыптасуына игі әсер етеді.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі математика мен бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттерін мүмкіндігінше біріктіре қарастыруға ұмтылып, оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерімен әртүрлі фигураларды салу дағдыларын шыңдауға жан-жақты жағдай жасап отыруы тиіс.

Математиканы оқытудың дене шынықтырумен және ән-күймен байланысы
Бастауыш сынып оқушысы үшін математикалық материалдарды меңгеру аса күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады. Кіші жастағы оқушыларға математикалық білім беруде тым тереңге кетіп қалуға болмайды. өйткені, бастаууыш мектеп оқушысы математикалық ғылымдарды бірден оқып қабылдауға дайын емес. Сондықтан математиканы оқыту мәселесі бастауыш мектеп оқушысының, анатомиялық, физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне бағындырылуы тиіс. Математиканы оқытуды ұйымдастыры барысында бастауыш мектеп оқушысының жасына сай биологиялық дамуын есепке алып отырған жөн. Себебі: Математика сияқты аса күрделі пәнді тынысмсыз оқып үйрену оқушының шаршауына, оның денсаулығының төмендеуіне, сөйтіп жұмыс істеук қабілетінің әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан математиканы оқыту барысында дене шынықтыру және ән-күйімен пәнаралық байланысты ескеріп отыру қажет. Бұл күрделі математикалық мәселелерді шаршамай меңгеруге сондай-ақ эстетикалық тәрбиеге, сондай-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп мұғалімі бұл бағытта ерінбей ізденіп, аталмыш пәндердің ыңғайлы сәтін тауып, пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы мұндай олқылықтарды жоюға ұмтылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытов “Комплекспен оқыту жолдары”. Қызылорда, 1928.
2. Р.М.Қоянбаев “Қысқаша педагогикалық сөздік” алматы, 1993 ж.
3. Т.Қ.Оспанов, Баранова И.В. “Интеграция ұғымына педагогикалық тұрғыдан түсінік беру жайы”// Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әыдістерін жетілдірудің мәселелері. Алматы, 1991 ж.
4. “Бастауыш мектеп” журналдары; 1988-1995 ж.ж.
5. Бантова, Бельтюкова, Полевщинова. “Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы” Алматы 1978 ж.
6. Т.Қ.Оспанов “Бастауыш кластарда математиканы оқыту” Алматы 1987 ж. Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш білім беруде математика пәні арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың маңызы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қожан Айгерім Мұхитқыз

Пікірлер: 0

avatar