Бастауыш сынып оқушыларын бағалау қағидаттары

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 173
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23380


Бастауыш сынып оқушыларын бағалау қағидаттары

№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие
орта мектеп-кешені
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан «Бағалау» сөзі мен үшін және менің алдымнан білім алып отырған әрбір қаракөз қазақ балалары үшін маңызды деп білемін. Кез-келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Біздің ата-аналарымыз білім алған Кеңестік білім беру кезіндегі бағалау жүйесі әлі күнге жалғасуда. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен,баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады деп ойлаймын.
Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату
2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендір
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.[1]
Мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушылары болғандықтан формативті бағалаудың тиімді әдісі ретінде бағдаршам сигналдары: жасыл сигнал= мен жақсы орындадым, сары= мен жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу қажет және қызыл сигнал= маған көмек керек және де смайликтер, қолпаштау, ишаралар: «бас бармақты жоғары көтеру», «төмен түсіру» немесе «қимыл бағытын ауыстыратын бас бармақ.[3], шағын тест, өзін-өзі бағалау,жетістік ағашы, жетістік баспалдағы, т.б. түрлерін қолданамын. Осы бағалаудың түрлері оқушыға жақсы жігер береді. Өздерін сенімді ұстап, келесі сабаққа жақсы көңіл-күймен келеді. Бұл әдіс үлгерімі төмен оқушылардың да өзін-өзі бағалап, білім алуына ықпал етеді деп ойлаймын. Мұғалімнің қалыптастырған кері байланысы оқушыға өзін жетілдіруге көмектеседі. .[ 2]
Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артатынына сенімдімін. Оқушыларды және өзін-өзі бағалауда әділдік пайда болады, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біліп отырады. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алады. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізеді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастайды, сабаққа деген ынтасы артып, сенімділік пайда болады және олар бір-біріне көмектесе отырып, білімдері артады.
Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; баласының оқу үрдісін бақылай алуға;баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқушыларды бағалау бойынша ұсыныстар:
1. Критериалды бағалауға назар аударыңыз, себебі баға алған оқушы өз қызметінің әлсіз жақтарын көреді.
2. Объективті бағалау үшін сабақ кезеңдерінде жиынтық бағалаумен бірге қалыптастырушы бағалауды да қолдану қажет,себебі барлық оқушылар « өте жақсы» және «жақсы» бағаға ие болмайды, сондай-ақ «орташа» оқитын оқушыларды да ынталандыру қажет.
3. Бағалау кезеңінде қолайлы психологиялық жағдай жасаңыз.
Оқушылар бір-бірін әділ бағалауы және өз қателіктері туралы айтудан қорықпауы, өз пікірі мен басқа оқушылардың пікіріне талдау жасай алуы үшін.
4. Оқушыны емес оның жұмысын бағалау қажет. Жұмысын бағалай отырып, кемшіліктеріне емес, негізі жағымды жағына көңіл бөлу керек.
5. Кері байланыс оң болуы тиіс. Бірақ та оқушы орындаған жұмысының кемшіліктерін білу тиісті.
6. Бір жұмысы туралы көп түсініктеме бермеңіз. Түсіндірмелер оқушыға оқу мақсатына бағытталған жұмысының орындалуы туралы және жұмысын жақсарту жолдары туралы ұсыныс берілу керек.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нұсқаулық-КБ_Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Астана,2016 www.cmk.nis.kz
2. Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет
3. «Бастауыш сыныптарды тиімді әдістерді қолданудың жолдары» мұғалімдердің іс-тәжірибесінен Жинақ, 2015 ж 11-қараша
- Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш сынып оқушыларын бағалау қағидаттары Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мұхамеджанова Айсұлұ Құрмановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar