Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бастауышпен қоштасу сценарийі
  • 20.05.2016
  • 426 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19079

Бастауышпен қоштасу сценарийі
Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Байкадамова Айман Дубековна
Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, бастауышым!»»
Мақсаты: білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатынын ұғындыру, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу; білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштаса отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: баннер, сары шарлар, слайд, бейнетаспа
Мұғалім: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгінгі егеменді ел болғанымыз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай атақ-даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта біздер, сіздер үшін тойларыңызға той қосылмақ. Бұл той- бастауышпен қоштасу тойы.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «б» сыныбының «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, бастауышым!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге 4 «б» сыныбы дайын. Жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
1-жүргізуші:
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
2-жүргізуші:
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «б» сыныбын ортамызға.
( Әсем әуенмен оқушылар ортаға шығады-қолдарында шар, көгершін)
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артына қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-оқушы:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты!
3-оқушы:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
4-оқушы:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштаспақ
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
І-бөлім «Таныстыру»
1-жүргізуші:
Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
2-жүргізуші:
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді дей келе 4 «б»сынып оқушыларын таныстырып өтейік
1-жүргізуші:
Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әркез асыққан.
Алинур біздің ақкөңіл,
Көңілі дария тасытқан.
2-жүргізуші:
Білімді, биші жан-жақты
Қызымыз бар сымбатты
Аяулым біздің әрқашан
Досымыз болар қымбатты
1-жүргізуші:
Білімімен үлгі болған сыныпқа
Отырмайды ойланбастан тынып та.
Нұрасыл біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.
2- жүргізуші:
Мынау менің сезгенім,
Ол –сыныптың данасы.
Өзінің де, өзгенің
Айым болар панасы
1- жүргізуші:
Бастауыштың түлегі,
Ел деп соққан жүрегі.
Өрт сөндіруші болам деп
Еламан біздің жүреді.
2- жүргізуші
Өнерліге әсем ән мен сән керек,
Өнегені қанжығаға өңгеред.
Аружан біздің билегенде
Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп,
1- жүргізуші:
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырған жанын.
Аружан біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сынып қамын.
2- жүргізуші:
Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Деп жүр біздің Алдияр
Алтыннан мектеп саламын.
1- жүргізуші:
Ертеңгі күнін ойлайтын,
Тек бес алсам деп уайымдайтын.
Еңбекқор біздің Үміт
Жалқаулыққа бармайтын..
2- жүргізуші:
Олимпиадаға қатысқан
Кітап оқып, білімін де дамытқан.
Назымымыз сыныбымыздың озаты.
Білімін ол болаттай ғып қорытты.
1- жүргізуші:
Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Мадинаны сыныпта,
Ізетті деп біледі.
2 - жүргізуші:
Қыздарымыз ұқыпты,
Сүйкімді әрі қылықты.
Дильназ біздің әрқашан,
Таза ұстайды сыныпты.
1- жүргізуші:
Кішкентайы сыныптың,
Тентек емес, жуас тым.
Расул біздің сыпайы,
Досқа адал шынайы.
2- жүргізуші:
Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Сағындық біздің әрқашан,
Күлдіреді және қуантады.
1- жүргізуші:
Өнер қуған жасынан
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Мейіржан
Табылар дос қасынан.
2- жүргізуші
Тентек, бірақ ақылды,
Сыйлап жүрер жақынды.
Диас біздің ұлдарды,
Тәртіпке әркез шақырды.
1-жүргізуші:
Әліби біздің шаңырақтың мерекесі
Ата-ана баласымен берекелі
Арасында достарының ол беделді
Сыныпта ол біздің өнегелі.
2- жүргізуші:
Елжанымыз сыныптағы палуан біздің
Сабырмен тындырады әрбір ісін
Әлемге паш етеді елімізді
Болады ол күрестің хас шебері.
1-жүргізуші:
Гүлназжан орындалсын бар арманың
Мақтанышы боласың сен анаңның
Әдептісің, үлгісің сен қыздарға
Тілеймін саған биіктерін шыңдардың
2- жүргізуші:
Ата-анаға қымбат ау бала заты
Жайнап тұр ғой Жомарттың Перизаты
Барлық бала армандауға жаралған
Бақ қонсын әр қадамыңа аттаған.
1-жүргізуші:
Оқуда озат біздің Мадинамыз,
Ойы ұшқыр, алғыр, жан-жақты қыз.
Сыныптағы бар істі тындыратын
Мадина жарқыраған жұлдызызымыз.
2-жүргізуші:
Жақсы жырды жақ талмас жырлағанда
Әсем ән нәр береді сыр маған да
Көрерменнің көңілі көкке жетер
Ерназдың әнін тыңдағанда
1-жүргізуші:
Данамыз биіктерге самғасын
Сүйсініп, таңдана жұрт қарасын
Болашағың жарқын болсын арайлы
Ата-анаңның жұлдызы бол маңдайдағы.
5-оқушы
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым
Түстей болып міне бүгін артта қалды:
6-оқушы:
Мектеп, мектеп, бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
7-оқушы:
Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сарқып төккенің.
Сусындап сенен нәр алсам,
Алатын шыңым көп менің.
Аяулы менің мектебім.
8-оқушы
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр, алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
2-жүргізуші:сынып оқушыларының орындауында «Аяулы мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
9-оқушы:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға
Хормен: Мың алғыс!
10-оқушы:
Мінеки келдіңіздер, сабақтастар.
Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.
4 жыл оқып өрелі білім алдық,
Кез келді енді ілгері қадам тастар.
11-оқушы:
Қимай тұрмын бастауышым- мектебім,
Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім
Үмітпенен әкеп еді анамыз,
Азамат боп тұрмыз міне көп-көрім.
12-оқушы:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
1-жүргізуші: қыздар тобының орындауында би «He-La»
Сынып оқушылары:
-балалар айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар, өзіміз жайлы айта кетсек артық болмас еді.......
-4 сыныпты 23 бала бітіргелі отыр
-Сыныптың орта жасы- 10жас
-Бойлары -130 см
-салмақтары - 30 кг
-4 жылда әр бала 15 см-ге өсті
-4 кг салмақ қосты.
- сынып оқушылары көңілді,қайырымды
-12 қыз бен 11 ұл, 4 оқу озаты мен 9 екпінді
- 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
- басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
- үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
- 6560 дәптер жазып тастаппыз
- қосымша парақтарды айтсаңшы
-а-а шпаргалканы ма.
- 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.
-4жыл еңбектендік. Ал ол дегеніміз - 2 904 сабақ
- 102 сынып сағаты
- 2433 шулы, көңілді үзілістер
- тау-тау оқылған кітап беттері
- реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар.
Хормен : Бұған тек әлділер ғана шыдайды.
2-жүргізуші: ІІ-бөлім «Үзілісте күлейік» (Еламан, Нұрасыл, Алдияр,)
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Әкесі:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…
Музыка «Еркемай»
«Емтихан»
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі : Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Музыка «Еркемай»
«Жаңалық»
Баласы: Әке, біздің сынып оқушылары жаңалық ашты
Әкесі: Ол қандай жаңалық?
Баласы: Ең жақсы сөздер «к»-дан басталады екен ғой. Мысалы, кола, кәмпит, киндер-сюрприз, каникул, ал ү –ден керісінше нашар сөздер шығады екен:үй тапсырмасы үндемеу, үш.
Әкесі: Расында да, керемет жаңалық екен!
1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында үш тілді меңгеру туралы айтылған. Біз өзіміздің ана тілімізбен қоса орыс және ағылшын тілдерін меңгерудеміз.
2-жүргізуші: Оның дәлелі Назымның ағылшынша тақпағы
1 -Жүргізуші:
Әр баланың жүрегіне гүл еккен
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен
2-жүргізуші:
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.
1 -Жүргізуші: Келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаздар ұлағаты» деп аталады»
2-жүргізуші: Сіздерге шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалап әртүрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
Мұғалім:Очень много можно сказать хороших слов о нашей школе, но времени мало. Мы гордимся своей школой. Школа дает не только знание, воспитание , а также моральную поддержку. Благодаря администрацию во главе директора школы дети с нашего класса: Гулназ, Расул, Мейржан были приглашены на елку акима района. Ограмное спасибо нашему директору школы Нурзада Акановне.
13-Оқушы:
Мектепті ойлайды күні-түні,
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.
Нұрзада апай дана кісі мектептегі
Білім мен тәрбиенің символы.
1-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен мектеп директоры Нұрзада Ақанқызы Жикенова марапатталады.
14-Оқушы:
Завучу Гулнаре Муратовне от нас поклон.
Кто из нас в Вас не влюблен?
Вы душевны и добры, и при этом так умны
Знайте, так и запомнит Вас
Выпускной четвертый класс!
2-жүргізуші: «Самая обаятельная и привлекательная » номинациясымен әдістемелік оқу ісінің меңгерушісі Гулнара Муратовна Ботабаева марапатталады.
15-Оқушы:
Бақылау, тестер алады,
Саралап, қарап шығады.
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті, кең пейіл
Сапаргалиева Бақытгүл осындай.
«Самая энергичная» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Сапарғалиева Бақытгүл Кизатовна марапатталады.
16-Оқушы:
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Біздерді баулыдың тәртіпті ғып.
Ризамыз сізге де Айнаш апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
«Байсалды, мейірімді» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Айнагул Кумаровна Исекенова марапатталады.
17- Оқушы:
Читать и писать на русском,
Нас научили они.
Это наша царицы,
Гулжан Куанышбековна и Асем Нурлановна.
18-оқушы:
Санамызда тұрса дағы сан ұғым
Білмеуші едік көп нәрсенің анығын
Тілі менен әдебиетін орыстың
Гүлжан апай өзіңізден таныдық
«Кең пейілді, ұлағатты» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Әшімханова Гүлжан Қуанышбекқызы марапатталады.
19-Оқушы:
Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Мың алғыс жолдаймыз сізге де
Асем апай, ризамыз өзіңізге
Оқушы: «Баға жетпес шебер» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Даниярова Асем Нурлановна марапатталады.
20-Оқушы:
Ақ көңілдің ізі бар,
Нұр жайнаған жүзінде.
Қараған жан қызығар
Гүлдана апайдың өзіне
Оқушы: «Ақ көңіл ұстаз» номинациясымен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гулдана Бекқалиевна Насиева марапатталады.
21-Оқушы:
Қызық өтеді ағылшын сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Ақерке Тілешқызына
Алғыс айтады түлегі.
«Жас, әрі шебер» номинациясымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тоқтауғалиева Ақерке Тілешқызы марапатталады
22-Оқушы:
Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді
Бізге үйреткен музыкадай өнерді
Мұрат ағай өзіңізден бақ тауып
Шығардыңыз талай талант өренді.
Оқушы: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі Қайнолла Мұрат марапатталады
23-Оқушы:
Сырым ағай біздердің,
Шынықтырды денені,
Бір күн футбол ойнатты,
Екінші күні жылатты
1-жүргізуші: «Мәнерлеп ысқыру» номинациясы бойынша денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрсолтан Сырым марапатталады.
2-жүргізуші: Ән «Ұстазым менің, ұстазым»
1 жүргізуші: «Көктем» биі Сахнаға биші қызымыз Айтқазы Аружанды шақырамыз..
2-жүргізуші: КВН (Үміт, Аружан М, Дана, Гүлназ, Мадина О)
1қыз:Аружан
Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе, мен не істер едім?
-не істер едің?
-мен ұстаздарымды құнарлы тамақтармен тамақтандырып, ауыздарынан бал ағызар едім.
2 қыз:ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім
3 қыз:мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді
Музыка «Еркем-ай» орындарын ауыстырады
2-қыз:
-қыздар айтыңдаршы, мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?
- 1-қыз:Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)
- 3-қыз:Мамаларымыз ше ?
-2-қыз:Мамаларымыз былай көргісі келеді (сыпыру)
-Сыныптас ұлдар ше?
-Сыныптас ұлдар мынаны көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін ұсыну)
1-жүргізуші: Флешмоб: Ореn gangnam stile
2-ж: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз.
1 жүргізуші: Біздің ата-аналарымыз, бізбен бірге оқып, шыдамдылық танытып, көп еңбек етті.
2-ж: Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
24-Оқушы:
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
25-Оқушы:
Әке-шешем тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
26-Оқушы:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
27-Оқушы:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Хормен:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әкені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
1-жүргізуші: Маратова Аружанның орындауында «Мама» әні
2-жүргізуші: «Жетім» монологы. Оқитын Айтқазы Аружан
Анашым!
Іздеумен келем, іздеумен өтем өзіңді
Естігім келіп бір ауыз жылы сөзіңді
Жас жаныма серік етіп келемін
Таусылмайтын сабырым мен төзімді.
Анашым!
Қалайша қиып, қалайша мені тастадың?
Сенсіз әлем қара түнек, ашық емес аспаным.
У-шуы көп көшеде кетіп бара жатқанда
Қараймын мен қызыға анасы бар басқаның.
Анашым!
Кеудеңдегі жүрек пе, әлде темір ме?
Тастар болсаң неге әкелдің өмірге?
Неге? Неге? Аямадың сен мені
Тумай жатып дақ түсірдің көңілге
Анашым!
Хайуан да тастамайды баласын
Мендей періштені қайдан енді табасың?
Кеудемдегі сен деп соққан жұдырықтай жүректе,
Өмір бойы сұрақ белгі болып қана қаласың.
Қатал тағдыр мені қалай аясын.
Тек түсімде ғана маған құшақ жаясың
Тірі болсаң, тілеймін амандығыңды
Өлі болсаң, тілеймін жұмақ саясын.
Анашым!
Мен сені көрмесем де сағынамын
Тағдырдың жазғанына бағынамын
О дүниеде жазаласа, тәңірім
Араша боп қасыңнан табыламын.
Білем, сезем,
Оңашада жасыңды көл ғып төктің
Мен сені келеді тек бақытты еткім.
Оралшы тез! Кешіремін!
Бұл өмірге жалғыз келіп, келмейді жалғыз кеткім.

Кімге оқимын сен қалдырған хатыңды,
Іштей ғана қайталаймын атыңды.
Көп болды ғой түсіме де кірмедің, сағындым!
Қанша таңды сені ойлаумен атырдым.
Анашым!
Азайып бара жатыр күлкім де,
Мәңгілікке көз жұмсам ғой бір түнде.
Кешір мені!-деп жазыпсың хатыңда
Менің сізге өкпелеуім мүмкін бе?
Қайран көңіл іштей ғана тынады,
Қайда кеткен мақтаншақтық тұрағы
Не болса да көнемін, басқа амал жоқ,
Бұл да мүмкін бір алланың сынағы.
Сені ойлаумен өтеді менің әр күнім,
Білмеймін, алдымда не күтіп тұрғанын.
1-жүргізуші: Енді ата-аналармен ойын өткіземіз
Мұғалім: Ата-аналарға 12 сұрақ
-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)
-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
-мектептегі басты адам (оқушы)
-мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)
-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)
-Қалам мен карындаштың үйі (пенал)
-Әріптер жиынтығы (алфавит)
-Балалар білім алатын жер (мектеп)
-Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
-Бұрышсыз фигура (шеңбер)
-Түнгі жарық (ай)
-Түбірге не жалғанады? (қосымша)
2-жүргізуші: Ерназдың анасы Дананың орындауында ән-шашу
2-жүргізуші
Өнерге ошақ тәрбиең
Өзіңнен қуат алады.
Бас қобыз тартып, күй шерткен
Таудай ғой оның талабы-дегендей «Өнер мектебінің» арқасында қазақтың киелі бас қобызын да қолға алып үйренген Нұрасылды ортаға шақырамыз
1-жүргізуші:Ата-аналар сіздерге шашу ретінде Нұрасылдың орындауында күй «Весельчак»
28-оқушы:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді
Кеңейттің кең әлемге керегемді
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді
Қазақпын, қойнауы-құт, жері дарқан
Әнімді 5 құрлықтың бәріне айтам.
1-жүргізуші:сынып оқушыларының орындауында ән «Көк тудың желбірегені»
Хормен:
Өтті міне, қызық шағым,
Бастауышым -Балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
2–жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан, адал еңбегімен тер төккен алғашқы ұстазымыз Айман апайға береміз.
Мұғалім:
Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде достарыңа, ұстаздарыңа тік қарап тұрып, осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
хормен-дайынбыз!
Ант мазмұны:
1. тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды да, оңайды да қағып алуға, орындауға ант етесіңдер ме?
2. бір-біріңе бауырдай қарап, дос болуға, қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
3. мұғалімдерді ашуландырмауға, арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?
4. мектеп коридорында үзілісте тек 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?
5. аптасына кем дегенде 1 рет менің кабинетіме соғып тұруға ант етесіңдер ме?
6. білімнің тұңғиық түбіне сүңгуге ант етесіңдер ме?
Хормен: Ант етеміз!
Құрметті оқушылар!
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға өткелі тұрсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы-сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр.Сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.
Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқумен, темірдей тәртіппен болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Құрметті ата-аналар! Сіздерге төзімділіктеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және түсініктеріңіз үшін көптен-көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіз болмаса, осындай тамаша бүлдіршіндерімізді-бүгін алдарыңызда тұрған бастауыш мектеп түлектерін шығара алмас едік. Осы жылдар бойы бала тәрбиесіне ат салысып, әрдайым менің жанымнан табылып, көмектеріңізді аямаған ата-аналар сіздерге айтар алғысым шексіз. Балаларыңыз тек білім мен өнердің биік белестерінен көрінсін. Сіздерге рахмет айта отырып алғыс хаттарды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші :
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Н.А Жикеноваға беріледі.
Мектеп әкімшілігіне сөз беру.
2-жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналарға сөз беріледі
1-жүргізуші:
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар біздер-жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.
2-жүргізуші:
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Би Аяулым С. «» Тәрбие.орг сайтынан Бастауышпен қоштасу сценарийі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байкадамова Айман Дубековна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 426 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar