Бастауышым - бал бұлағым!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 448
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20427


Сценарий тақырыбы: Бастауышым - бал бұлағым!
Сценарий мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. 3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
1-жүргізуші
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым - бал бұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші
Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей, халайық,
Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)
1-жүргізуші
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Ұстазымыз Ақнұрды ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып мұғалімі ортаға келеді.)
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Оқушыларыма «Талаптарыңа нұр жаусын» демекпін.
1-жүргізуші
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
2-жүргізуші
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
1-жүргізуші
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас азамат бір-бір мықты
1-жүргізуші
Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Жанболат :
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Риза:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Нұрсұлтан:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ләйла:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Мұхаммедали :
Дұрыс айтасың Ләйла ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Ләйла:
Олай болса Мұхаммедали алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
1 жүргізуші
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
2-жүргізуші
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
Би: «Қыздардың биі»
1-жүргізуші
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
2-жүргізуші
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
Ұстаз жайлы әсем ән айтып тұрып.
Ән: «Ұстазым менің»
Орындайтын: Жанболат пен Ләйла
1-жүргізуші
Аяулы да, ардақты да, жан әжем,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
2-жүргізуші
Сен - асқарсың, сен - аспансың, заңғарсың,
Сен - дарқансың, сен - жомартсың, данасың.
Ән: «Асыл әжем»
Орындайтын: Назымбек Риза
1-жүргізуші
Зейнеп, бүгінгі ертеңгілікке асыға жеткен ата-аналармен ойын ойнасақ қалай қарайсың?
2-жүргізуші
Әрине, Мирас, мен қарсы емеспін. Балалардың өнерін тамашалай бермей, бір сәт ата-аналарға да назар аударайық.
1-жүргізуші
Олай болса қазір біз ата-аналармен ойын ойнаймыз.
Ойынның аты: ................................................................................................................
2-жүргізуші
Ойынның шарты: ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
1-жүргізуші
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
2-жүргізуші
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Көрініс: «4 Н сыныбы»
1-жүргізуші
Мен өнерліге қайран қалам,
Халық десе алаулап жайраңдаған.
2-жүргізуші
Сахнаның төрінде тамсандырып,
Би билейді қабыл ал балғындарың.
Флеш-моб.
1-жүргізуші
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
2-жүргізуші
Ұстаздар тыңдаңыздар шәкірт сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін балаларға береміз!
Жанболат:
Қанша жыл бұл мектепті басқарады,
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.
Үлесі бар мектепті көркейтуге,
Мүбәрәк ағай сізге алғыс жолданады.

Ләйла:
Үйреткен сөз өнері қыр сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын,
Назгүл апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

Нұрсұлтан:
Классқа келіп кіргенде,
Қимылдамас еш пенде.
Талқыбай ағай сабағын,
Өткіземіз деп демде.

Риза:
Дәмді етіп дайындап,
Ас мәзірін ұсынған.
Жайна апай.
Сізге алғыс жолданар.

Мұхаммедали:
Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.
Күлнар, Салтанат апай,
Қабыл ал, алғыс балаңнан.

Нұрсұлтан:
Ауырсақ дәрі беретін,
Шақырсақ жүгіріп келетін.
Медбике Сания апайға,
Шексіз алғыс арналған.

Ләйла:
Ұстазым Ақнұр апайға арнаймын
Адалдыққа жақын қонды ауылың.
Сағынамын сабақ берген апайды,
Қайдан табам енді одан тәуірін.

Жанболат:
Хат танытып, үйреткен әріптерді,
Ұстатып алғаш қолға әліппені.
Рахмет ұстазыма дәріс берген,
Үйреткен ғылымдарды өнерменен.

Риза:
Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,
Сізден алған біліммен біз өсеміз.
Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз,
Көрініп әлі талай биіктерден.

Мұхаммедали:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім!
Ән: «Ұстазға мың тағзым»
Орындайтын: Байболат Ләйла
1-жүргізуші
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің директоры Байшолақов Мүбәрәк Рымбекұлына беріледі.
2-жүргізуші
Өмір бойы біздің ыстық-суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші
Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
2-жүргізуші
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
1,2 - жүргізуші
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңыздар! (Балалар сыртқа шығып тілек жазылған шарларын ұшырады) Тәрбие.орг сайтынан Бастауышым - бал бұлағым! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акнур Абзаловна Абилдаева

Пікірлер: 0

avatar